Жоғарғы толқынды токтармен кептіру. Бұл кептіру пластикалық массаларды, шайырларды (смолаларды), ағаштарды кептіру үшін қолданылады.
Тәсіл химия – фармацевтік өндірісте түйіршіктерді (гранулаларды) кептіру үшін қолданылады. Кептіру материалдың бүкіл қалыңдығы бойымен тез, біркелкі және бірдей уақытта жүреді. Бұл әдістің принципі электр өрісінің әсерімен диэлектрик молекулаларының поляризациялануы қасиетінде. Молекулалардың поляризациясы олардың арасындағы үйкеліспен қабаттаса жүреді, оған жылуға айналатын электр энергиясы өрісінің біраз бөлігі жұмсалады. Кептіру жылдамдығы ылғалдың материалдың төмен қабатынан жоғарғы бетіне қарай ұмтылуы есебінен жоғарылайды, себебі, материалдың жоғарғы бетіндегі температура оның ішкі қабатына қарағанда төмен.
Инфрақызыл сәулелермен (радиациялық) кептіру кезінде ылғалды буландыруға қажетті жылу жылулық сәуле шығару әсерімен беріледі. Инфрақызыл сәулелер шығаратын энергия көзге көрінер сәулелер шығаратын энергиядан әлдеқайда жоғары, сондықтан, бұл кептіру тәсілі тиімді. Инфрақызыл сәуле таратушы ретінде шағылыстырушы рефлекторлары бар электр лампалары немесе газбен қыздырылатын экрандар немесе панельдер қолданылады.