Қрдсм «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шжқ рмк


Қорытынды сұрақтары (кері байланысы)



бет13/36
Дата15.04.2023
өлшемі494,5 Kb.
#82911
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   36
Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):

  1. Жылу процестеріне қандай процестер жатады?

  2. Кептіру. Теориялық негіздері. Кептіру кинетикасы.

  3. Кептіргіштердің түрлері. Контактты және ауа кептіргіштерінің жұмыс істеу

  4. принциптері.

  5. Кептірудің арнайы тәсілдері. Қолданылуы.



кредит 3
Дәріс № 6
Тақырыбы: Экстракциялық препараттар. Құрылысы клеткалы капиллярлы-саңлаулы шикізатты экстракциялаудың негізгі заңдылықтары.


Мақсаты: Экстракциялық препараттар және оларды дайындаудың өндірістік ерекшеліктерін оқытып үйрету.


Дәріс тезистері:

  1. Экстракциялық препараттардың сипаттамасы.

  2. Экстрагенттерге қойылатын арнайы талаптар.

  3. Экстракциялаудың жылдамдығы мен толықтығына әсер ететін негізгі технологиялық факторлар.

Қазіргі кезде дәрілік өсімдік препараттарына сұраныс көтеріліп отырғаны белгілі. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ) мәліметтері бойынша әлем тұрғындарының 80%-ға жуығы табиғи текті дәрілік препараттарды қолданады екен.


Еуропада дәрілер сатылымы бойынша алдыңғы қатарлы елдер Франция, Италия, Германия болып табылады. Германияның дәрілік құралдар реестрінде 25%-дан астам фитопрепараттар тіркелген. АҚШ-да 50-70 жылдары фитопрепараттар өндірісінде төмендеу байқалған, бірақ 1980 жылдары осы топ препараттарының өндірісі 25%-ға жуық болса, 1994 жылы ол 35%-ды құрады.
Россияда 600-ден астам дәрілік өсімдік препараттары медициналық қолдануға рұқсат етілген, ол дәрілік құралдардың 40%-ға жуығын құрады.
Дәрілік құралдардың Мемлекеттік реестрінде галендік препараттардың үлесі 11,3%-ға жуық.
Галендік препараттар немесе қазіргі кезде аталатындай, экстракциялық препараттар, дәрілік заттардың ерекше бір тобы болып табылады. Галендік препараттардың пайда болуы рим дәрігері Клавдий Галеннің атымен байланысты.
Галендік препараттар дербес химиялық заттар емес, олар биологиялық белсенді заттардың комплексі болып табылады.
Осы уақытқа дейін галендік препараттардың жалпы жіктелу негізі жоқ. Барлық экстракциялық препараттар алудың негізінде өсімдік және жануарлар шикізатынан дәрілік әсері бар заттарды әртүрлі еріткіштерді (экстрагенттерді) пайдалана отырып, оларды сығындап бөліп алу процессі жатады.
Барлық галендік препараттарды шартты түрде, оларды алу тәсілі бойынша біріктіре отырып, мына топтарға бөлуге болады:
1. Тұндырмалар мен экстрактар.
2. Жаңа галендік препараттар.
З. Органдық препараттар.
4. Жас өсiмдiктер шикiзатынан алынған препараттар.
Экстракциялық препараттар алудың жалпы технологиялық схемасы келесi сатылардан тұрады:
1) шикізат пен экстрагенттердi дайындау;
2) шикiзатты экстракциялау (сығындау);
З) алынған сығындыны тазарту;
4) стандартизациялау.
Өсiмдiк шикiзатын дайындау оны тиiстi ұнтақтағыштарда ұнтақтаудан және елеуден тұрады. Шикiзат орташа майда ұнтақтан өте iрi ұнтақтарға дейiн ұнтақталады.
Экстрагенттердi дайындау кезiнде өсiмдiктердiң капиллярлығы және кебiнуi әсерiнен, олар экстрагенттiң бiршама мөлшерiн өз бойына сiңірiп алатынын есте сақтау керек. Экстракциялық препараттар алу өндiрiсiнде спирт сiңiру коэффициентi қолданылады. Өсiмдiктiң әр түрiне сәйкес қолданылатын мұндай коэффиценттердiң дәл мағынасы барлық өсiмдiктер үшiн әлi анықталмаған. Олар үшiн шамалап алынған коэффициенттерi бар. Мысалы, жапырақтар, гүлдер мен шөптер шамамен ерiткiштiң екi мөлшерiн сiңiредi (немесе К=2), ал тамырлар, түбiрлер және қабыршақтар бiр жарым мөлшерiн сiңiредi (К = 1,5).
Экстрагенттiң қажеттi мөлшерi мына формуламен есептелiнедi:

Х= V+PК

Мұндағы: Х – экстрагенттің қажетті мөлшері, мл;
V – сығындының мөлшері, мл;
К – спирт сіңіру коэффиценті;
P – шикізаттың салмағы, г.

Өсiмдiк, жануарлар және микробиологиялық шикiзаттардан, тканьдер культураларынан фармакологиялық белсенді заттарды сығындап алу үшiн әр түрлi ерiткiштер мен экстрагенттер қолданылады.


Экстрагенттер ретiнде колданылатын ерiткiштерге фармацевтiк өндiрiстiң ерекшелiктерiне байланысты қосымша арнайы талаптар қойылады. Бұлар: экстрагенттің iрiктеушiлiгi немесе сұрыптаушылығы; жоғарғы экстракциялаушы қабiлетi немесе сыйымдылығы; микробиологиялық тұрақтылығы; ұшқыштығы; қайнау температурасының неғұрлым төмен болуы және т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет