Қрдсм «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шжқ рмк



бет21/50
Дата11.10.2023
өлшемі490 Kb.
#113593
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   50
Байланысты:
метод.технология-лекарств.5-курс9-семестр.45-часов.каз 2

Бақылау сұрақтары:
1. Алкоголиметрия дегеніміз не? Спиртті-сулы қоспалардағы спирт концентрациясын анықтау үшін қандай әдістер қолданылады? Қандай приборлар қолданылады? Қандай алкоголиметриялық кестелер қолданылады?
2. Спиртті сұйылту және қанықтыру, есепке алу және сақтау жағдайларын көрсетіңіздер. Контракция қандай құбылыс? Оны қандай жағдайда ескеру керек?
3. Ерітінділерге анықтама беріңіз және олардың жіктелуі.
4. Ерітінділер технологиясының еркшелігін көрсетіңіз.
5. Еріту деген не? Ерітудің теориялық негіздері қандай? Еріту процесін динамизациялаудың қандай жолдары бар?
6. Өндіріс жағдайында дайындалатын медициналық спирттік ерітінділердің номенклатурасы және құрамы.
7. Ішке және сыртқа қолдануға арналған медициналық спирттік ерітінділердің дайындалу ережелері.
8. Медициналық спирттік ерітінділердің завод жағдайындағы технологиясының ерекшелігі, оларды бөлшектеу, орамдау, безендіру және стандарттау.
9. Араластыру қандай әдістермен жүзеге асырылады? Жылжымалы және қою тұтқыр паста тәрізді сұйықтықтарды және массаларды араластыруда араластырғыштардың қай түрлері қолданылады?
10. Суды дайындау қалай іске асады? Технологиялық процестері қандай операциялардан тұрады? Олар қалай жүргізіледі? Қандай аппараттарда?
11. Суды деминералдау қалай және қандай аппараттарда жүргізіледі?
12. Суды дистильдеу қалай және қандай аппараттарда жүргізіледі (тазартылған су алу)? Оларға қойылатын талаптар.
13. Этил спиртіне экстрагент және еріткіш ретінде қысқаша сипаттама беріңіз. Қандай қасиетіне байланысты этанол фармацевтикалық технологияда кеңінен қолданылады?
Сабақ № 7
Кредит 2
Тақырып 3: Тұндырмалар. Оларды алу тәсілдері. Өндірістің технологиялық схемасы. Тұндырмаларды стандарттау. Абсолютті спирт бойынша материалдық баланс құрастыру. Спиртті рекупирациялау.


Мақсаты: Экстракциялаудың теориялық негіздерін меңгеру. Тұндырмаларды әртүрлі тәсілдермен алу үшін, экстракциялауды экстрактивті заттардың сығындалуының толықтығы мен жылдамдығына әсер ететін факторларды есепке ала отырып жүргізу үшін жұмыс жазбасын құрастыру және есептеуді үйрену. Өз бетінше тұндырмаларды тазартуды және стандарттауды, толық сығындалынған шикізаттан спиртті рекуперациялауды үйрену, технико-экономикалық көрсеткіштерді есептеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет