галендік препараттардың номенклатурасы, олардың жіктелуі;
экстракцияның толық жүруіне және жылдамдығына әсер ететін факторлар;
кептірілген және жаңа өсімдік шикізатын экстракциялау ерекшіліктері;
экстракция процесінің қозғаушы күштері, масса алмасу заңдары, молекулалық және
конвективтік диффузия;
экстракциялау әдістері, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері;
экстракцияға қолданылатын технологиялық қондырғылар;
еріткіштер мен экстрагенттердің номенклатуралары мен жіктелуі, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері, экстрагентке қойылатын талаптар;
экстракциялық препараттардың артықшылықтары мен кемшіліктері;
тұндырмалардың дәрілік түр ретінде анықтамасы, жіктелуі, номенклатурасы, артықшылықтары мен кемшіліктері;
тұндырмалар өндірісінің жалпы технологиялық схемасы, жеке тұндырмалардың технологиясының ерекшеліктері, шикізат пен экстрагенттердің қатынастары, тұндырмаларды стандарттау;
тұндырмаларды тазарту әдістері;
тұндырмаларды сақтау шарттары.
студент істей білуі тиіс:
қарапайым және күрделі тұндырмалар алуға лабораториялық регламент жазу;
зауыт жағдайындағы тұндырмалар өндірісінің технологиялық және аппаратуралық схемаларын теория жүзінде негіздеу;
экстракциялау әдістерін теорияға негіздеу;
экстрагент мөлшерін дұрыс есептеу және дұрыс сұйылту;
тұндырмаларды әртүрлі әдістермен дайындау: мацерация, бөлшекті мацерация, перколяция;
тұндырмалар өндірісінде сығындыларды тазартуды дұрыс жүргізу;
спирттік сығындыларды стандарттауды дұрыс жүргізу:
а) спирттік сығындылардағы этанолдың құрам мөлшерін қайнау температурасы
бойынша анықтау;
б) спирттік сығындылардағы құрғақ қалдықты анықтау;
толық сығындалынған өсімдік шикізатынан спиртті әртүрлі әдістермен рекуперациялау;
абсолюттік спирт бойынша материалдық баланс құрастыру және технико-экономикалық көрсеткіштерді есептеу;