Қрдсм «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шжқ рмк



бет17/31
Дата15.11.2023
өлшемі5,81 Mb.
#123411
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31
Байланысты:
Метод-Моделирование-химико-технологических-процессов-каз

Main Palette (Негізгі палитра) және Sub Palettes (Қосымша палитра) қолданып, келесі модуль-пиктограммаларды таңдаңыз:

    1. Feed (қоректену);

    2. Heat Exchanger (жылуалмастырғыш);

    3. Flash (буландырғыш);

    4. Valve (клапан);

    5. Tower (колонна);

    6. Product (өнім).

Аппараттың пиктограммасын экранда орналастыру үшін, орынды жобалап таңдап тышқанның оң батырмасын шертіңіз. Пиктограммаларды орналастыру алдында олардың қосымша орындалу нұсқаларын (бар болса) қарап шығыңыз.
Бірінші аппарат – бұл қоректену құрылғының пиктограммасы – Feed 1. Осыны оранатып болғаннан кейін пиктограмманы – Heat Exchanger 3 (екіжақты жылуалмастырғыш) таңдау қажет және схемада Feed пиктограммадан кейін орнатыңыз. Heat Exchanger 3 пиктограмманы тағы да таңдап, біріншісінен кейін орналастырыңыз. Содан соң схемаға келесі пиктограммаларды Flash (буландырғыш), Valve (клапан) және Tower (колонналар) енгізіңз. Схемада Valve (клапан) пиктограмманы орналастыру алдында технологиялық сұлбада ұсынылған сәйкес модификациясын орындаңыз. Valve (клапан) пиктограмманы айналдыру үшін қосымша мәзірдегі 90 Clock Wise (сағат бағытымен 90 градусқа айналдыру) бұйрықты қолдаңыз.
Кейнен Tower 4 пиктограмманы таңдап, реттеу клапаннан кейін орналастырыңыз. Tower 4 пиктограммаға TOWER жазуды енгізу үшін Main Palette негізгі палитрадан Text (Текст) символды қолданамыз. Схемада аппараттардың пиктограммаларын орнатуын Product (өнім) пиктограмма орнатуымен аяқтаймыз.

  1. Технологиялық схемадағы аппараттардың жалғануын ағындармен орындаймыз.

Ол үшін Mode: Flow sheet ережеде, Main Pallete негізгі палитрада Stream (Ағын) символды таңдау керек және курсорды қоректену ағынына (пиктограмма Feed 1) алып келу керек. Қоректенудің үлкен бағыттауышында шығыс бағыттауыш пайда болған кезде тышқанның сол жақтағы батырмасын басып, оң жаққа бағытталған ағынды салыңыз. Бірінші жылуалмастырғыштың (пиктограмма Heat Exchanger 3) кірісінде бағыттауыш пайда болған кезде қайтадан сол жақтағы батырманы басыңыз. Программа дәл осы нүктеге келетін ағынды ұсынады және оған ID номерді тағайындайды. Программа ID номерлерді тізбекті түрде тағайындайды, сондықтан бұл ағынның номері 1 болады. Екінші ағынды көрсету үшін жылуалмастырғыштағы шығысының оң бағыттауышты таңдап, сол жақтағы батырманы басыңыз, екінші жылуалмастырғыштың сол жақтағы кірісіне келетін ағынды көрсетіңіз, қайтадан сол жақтағы батырманы басыңыз. Сүйтіп қалған ағындарды схемада көрсетіңіз.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет