Main Palette (Негізгі палитра) және Sub Palettes (Қосымша палитра) қолданып, келесі модуль-пиктограммаларды таңдаңыз:
Feed (қоректену);
Heat Exchanger (жылуалмастырғыш);
Flash (буландырғыш);
Valve (клапан);
Tower (колонна);
Product (өнім).
Аппараттың пиктограммасын экранда орналастыру үшін, орынды жобалап таңдап тышқанның оң батырмасын шертіңіз. Пиктограммаларды орналастыру алдында олардың қосымша орындалу нұсқаларын (бар болса) қарап шығыңыз.
Бірінші аппарат – бұл қоректену құрылғының пиктограммасы – Feed 1. Осыны оранатып болғаннан кейін пиктограмманы – Heat Exchanger 3 (екіжақты жылуалмастырғыш) таңдау қажет және схемада Feed пиктограммадан кейін орнатыңыз. Heat Exchanger 3пиктограмманы тағы да таңдап, біріншісінен кейін орналастырыңыз. Содан соң схемаға келесі пиктограммаларды Flash (буландырғыш), Valve (клапан) және Tower (колонналар) енгізіңз. Схемада Valve (клапан) пиктограмманы орналастыру алдында технологиялық сұлбада ұсынылған сәйкес модификациясын орындаңыз. Valve (клапан) пиктограмманы айналдыру үшін қосымша мәзірдегі 90 Clock Wise (сағат бағытымен 90 градусқа айналдыру) бұйрықты қолдаңыз.
Кейнен Tower 4 пиктограмманы таңдап, реттеу клапаннан кейін орналастырыңыз. Tower 4пиктограммаға TOWER жазуды енгізу үшін Main Paletteнегізгі палитрадан Text (Текст) символды қолданамыз. Схемада аппараттардың пиктограммаларын орнатуын Product (өнім) пиктограмма орнатуымен аяқтаймыз.
Технологиялық схемадағы аппараттардың жалғануын ағындармен орындаймыз.
Ол үшін Mode: Flow sheetережеде, Main Palleteнегізгі палитрада Stream (Ағын) символды таңдау керек және курсорды қоректену ағынына (пиктограмма Feed 1) алып келу керек. Қоректенудің үлкен бағыттауышында шығыс бағыттауыш пайда болған кезде тышқанның сол жақтағы батырмасын басып, оң жаққа бағытталған ағынды салыңыз. Бірінші жылуалмастырғыштың (пиктограмма Heat Exchanger 3) кірісінде бағыттауыш пайда болған кезде қайтадан сол жақтағы батырманы басыңыз. Программа дәл осы нүктеге келетін ағынды ұсынады және оған ID номерді тағайындайды. Программа ID номерлерді тізбекті түрде тағайындайды, сондықтан бұл ағынның номері 1болады. Екінші ағынды көрсету үшін жылуалмастырғыштағы шығысының оң бағыттауышты таңдап, сол жақтағы батырманы басыңыз, екінші жылуалмастырғыштың сол жақтағы кірісіне келетін ағынды көрсетіңіз, қайтадан сол жақтағы батырманы басыңыз. Сүйтіп қалған ағындарды схемада көрсетіңіз.