Реагент-латыншы


Бейорганикалық дәрілік заттар



бет10/17
Дата26.03.2023
өлшемі49,18 Kb.
#76279
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
Байланысты:
охт2

Бейорганикалық дәрілік заттар - бұл бейорганикалық қосылыстарға жататын және әртүрлі этиологияның ауруларын емдеу үшін қолданылатын дәрілер тобы.
1)жүйке жүйесінің қозғыштығын төмендетуге көмектеседі, аурулар кезінде жүйке жүйесі жағдайын жақсартады ; 2)аллергияға қарсы және анафилактикалық әсері бар;3)нейроэндокрингтік процесске біраз әсер етеді, көмірсуларға және липидтік алмасуға қатысады. Иммунитетті жоғарылатады; 4) сәулелену мен тұздардың әсерін бейтараптандырады.
Дәрілік заттардың құрамына кіретін және бейорганикалық табиғаты бар барлық элементтер екі топқа бөлінеді:
макроэлементтер; - кальций, фосфор, магний, калий, натрий, хлор
микроэлементтер. – темір, мырыш, йод, фтор, марганец, мыс
Күкірт қышқылын өндіру әдістері
Таза күкірт қышқылы түссіз, май тәрізді сұйық зат. 10,4°С температурада кристалдық зат болып қатады. 296,2°С температурада қайнайды. Күкірт қышқылы суда ерігенде (1моль) - 36 кДж жылу бөліп шығарады, өйткені ол сумен гидрат түзеді. Кейбір гидраттар ерітіндіден қатты күйде бөлініп шығарылған: Н2SО4 . 2Н2О, H2SО4 . 4Н2О. Құрамындағы қоспаларға және концентрациясына байланысты күкірт қышқылы үш түрге бөлінеді:1) Техникалық (купорос майы) - 92,5 %,2) Олеум-18,5 % моногидрат құрамында бос қалпында болады, 3) Мұнара қышқылы 75% (нитроза әдісімен өндірілген).
Күкірт қышқылын өндірудің 25%-ға дейінгі шамасы түсті металлургия зауыттарынан шыққан газдардан алынады. Бұл өндірісте SO₂ газын SO₃-ке айналдыру үшін контактілік әдіс қолданылады.
Нитрозалық әдіс- Күкірт қышқылының нитрозалық әдісінде катализатор ретінде азот тотықтары (нитроза N₂O₃) қолданылады. SO₂ газының тотығуы негізінен сұйық фазада өтеді де, ол ұңғышақты мұнараларда жүреді. Сондықтан бұл әдіс аппараттық қолдану жағынан мұнаралық әдіс деп те аталады.
19.Азот қышқылы өндірісі. Сұйытылған азот қышқылын концентрлеу.
Азот қышқылы маңызды минералды қышқылдардың бірі. Сусыз азот қышқылы түссіз сұйық, ауада буланады. Өте күшті тотықтырғыш. Өнеркәсіпте азот қышқылы 2 түрде шығарылады: 50-60%-тік сұйытылған азот қышқылы; 96-98%-тік концентрленген азот қышқылы(жарылғыш заттарды, бояғыштарды, пластмассаларды, нитроланттарды өндіруде қолданылады).
Азот қышқылын өндірудің бірнеше әдістері бар:
Селитрадан алу. натрий селитрасын концентрленген күкірт қышқылымен араластырып қыздыру (Глаубер) әдісі болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет