Минералды тұздар - адам қоректенетін астық құрамында болуга тиісті заттарды айтамыз. Фосфор мен магний бұлшық еттердегі химиялық зат алмасуының дұрыс жүруіне, темір-қан құрамындағы гемоглобин мен бұлшық еттердегі миоглобинді түзетуге, кальций-фосфор және т.б. минералды заттар белоктарды сіңіру, және тәнде суды үстау үшін керек химиялық заттар. Құрғақ өнімдерді ұсақтау және ұнтақтау, негізінен көмір, құрылыс және кен өнеркәсібінде, минералды тұздар, тыңайтқыштар және т.б. өндіруде қолданылады.
Бейорганикалық минералды тыңайтқыштар– құрамында өсімдікке қажет элементтері бар бейорганикалық заттар. Минералдық тыңайтқыштар топырақтың құнарлығы мен ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімі мен сапасын арттыру үшін қажет.Тыңайтқыштар:1) Органикалық (қи,шымтезек, құс саңғырығы,өсімдік қалдығы, қарашірік); 2) Бейорганикалық (N, P,K,Mg, B, Mn) болып екі топқа бөлінеді.
Бейорганикалық минералды тыңайтқыштар әсер етуіне қарай: Тікелей (N, P, K, Mg, B, Mn); Жанама (бор,әк, доламит, гипс).
Тікелей әсер ететін мин. тыңайтқыштар – өсімдікке қорек ретінде жеткізіледі.
Жанама әсер ететін минералды тыңайтқыштар – топырақтың агрохимиялық-физикалық қасиеттерін жақсарту үшін әсер етеді.
Биотыңайтқыш/бактериотыңайтқыш– макроэлементтердің концентрациясын немесе биожетімділігін арттыру мақсатында микроорганизмдер препараттарын қолдану. Бактериялық тыңайтқыштарды түрлі органикалық тыңайтқыштарға олардыынталандыру мақсатында қосады. Органикалық тыңайтқыштарда болатын микроорганизмдер топырақтағы қоректік зат циклін қалпына келтіріп, оны құнарлы етеді.
Органикалық минералды тыңайтқыштар өндірісі: Пассивті компосттау; Ауаны немесе ылғалды мәжбүрлеп беру арқылы өңдеу; Технологияда құрттарды пайдалану арқылы компосттау, араластыру сатысы;Термиялық кептіру;Түйіршіктеу; Жағу.
Қазақстанда нитрагин, азотбактерин, фосфорбактерин сияқты бактериялық тыңайтқыштар өндіріледі. Медицинада натрий хлориді физиологиялық ерітінді түрінде, Активтелген көмір-карболен ауыр металл тұздарымен,алколоидтармен уланғанда , натрий гидрокарбанаты асқазан сөлінің қышқылдығын төмендету сулы ерітінжідермен шаюда қолданылады.
17.Формалин өндірісі. Медицинада қолданылуы.
Формальдегид – тұншықтыратын өткір иісі бар, қайнау температурасы -19,3, улы газ. 40% формальдегид ерітіндісі формалин деп аталады.
Формалин-метанолмен тұрақтандырылған формальдегидтің (метанал) сулы ерітіндісі.
Суда және спиртте кез келген қатынаста еритін ерекше өткір иісі бар мөлдір, сұйықтық. Екінші кластағы аса қауіпті түссіз газ. Ол адамның тыныс алу жолдарына, көзге және теріге аса зиян. Және адамның жүйке жүйесін зақымдайды. Егер оның мөлшері ауадағы зиянды заттардың қауіпсіз мөлшерінен неше жүз есеге асып кетсе, барлық тірі жанды құртып жіберуі ғажап емес дейді мамандар. Формальдегидтің 40%-тік ерітіндісін формалин деп атайды. Техникалық формалин-түссіз мөлдір жанғыш сұйықтық. Сақтау кезінде рұқсат 40°С жоғары емес температурада еритін ақ тұнба түзіледі.+20°C кезінде техникалық формалиннің тығыздығы 1,096 құрайды.
Формальдегид негізінен көлік газдарынан тарайды.Тотықтырғыштармен, камфорамен, ментолмен, тимолмен және резорцинмен үйлеспейді. Ол метил спиртін қосқанда тұрақтанады, бірақ 1%-дан аспайды.
Формальдегидті алудың негізгі әдісі – құрамында формальдегид бар реакциялық газдарды сіңіру. Бұл газдар метанолдың атмосфералық оттегімен әрекеттесу нәтижесінде, су буының қатысында, контактілі аппаратта, катализатор қабатында пайда болады. Метанолдың формальдегидке дейін тотығуы 650°С температурада және атмосфералық қысымда күміс катализаторының көмегімен жүзеге асырылады. Бұл жақсы жолға қойылған технологиялық процесс және формальдегидтің 80% осы әдіспен алынады.
Формалин медицинада дезинфекциялық құрал ретінде пайдаланылады. Мысалы: бөлмелерді, киімдерді, қолды және құралдарды дезинфекциялауда, сонымен қатар биологиялық препараттарды сақтау үшін қолданылады. Жалпы формалин медицинада адам органдарын сақтауда қолданылады. Яғни формалин органдардың бұзылуын тежеп, ұзақ уақыт сол қалпында сақтауға көмектеседі.
Қазіргі медициналық тәжірибеде формалин терінің іріңді-қабыну ауруларын емдеуде қолданылады.
вирустарды, бактерияларды, саңырауқұлақтарды жою;
-ыдырау және ыдырау процестеріне кедергі жасау;
-жағымсыз шірік иістерді жою;
-анатомиялық және зоологиялық препараттардың үлгілерін сақтау (бальзамдау).
18.Бейорганикалық заттар өндірісі. Күкірт қышқылы өндірісі. Бейорганикалық дәрілік заттар және олардың медицинадағы маңызы жайлы жалпы мәліметтер.
Бейорганикалық заттар— химиялық элементтердің өзара және бір-бірімен байланысуынан шығатын заттар. Бұған тізбек түзе байланысатын көміртек қосылыстары яғни органик. және полимерлік қосылыстар кірмейді. Бейорг заттар көміртектен басқа химиялық элементтері бар молекулалар.Қазақстанда олардың көптеген түрлері, мыс., фосфор, хлор, оттек, сутек, көміртек, кремний т.б., түсті металдар, бинарлы қосылыстар, металдық негіздер, , түрлі қышқылдар, тұздар, азот, фосфор, калий тыңайтқыштары, тотияйын, ашудастар т.б. заттар өндіріледі. Бейорганикалық заттар негізінен жер қыртысында пайда болады.