-қоры бойынша :сарқылайтын, сарқылмайтын;
-химиялық құрамы бойынша :органикалық және бейорганикалық;
-агрегаттық күйі бойынша :қатты, сұйық, газ;
Сонымен қатар:
-біріншілік шикізат:су, ауа, жанғыш пайдалы қазбалар.
-екіншілік: өнеркәсіптік және тұтынылатын қылдықтар.
-табиғи және жасанды: кокс, каучук, бояулар, шайырлар.
Минералды шикізат –жер қыртысында өндірілетін пайдалы қызбалар.
Жанғыш минералды шикізат –көмір, мүнай, газ.
Өсімдік және жануар текті шикізат қолданылуына байланысты тағамдық және техникалық болып бөлінеді.
Тағамдық шикізат – ауыл, орман, балық шаруашылығның өнімдері.
Техникалық шикізат –тамақ өнеркәсібіне жарамсыз, бірақ тұрмыста пайдаланатын шикізат.
8.Шикізатты жіктеу және оларға қойылатын талаптар. Шикізат ресурстарын толық пайдалану тұжырымдамасы.
Шикізатты жіктеу бірнеше белгілер бойынша жүзеге асырылады:
• Шығу тегі бойынша шикізат минералды, жануарлар мен өсімдіктерге бөлінеді.
• Заттың құрамы бойынша-органикалық және бейорганикалық.
• Агрегаттық күйі бойынша – қатты, сұйық және газ тәріздес.
Бастапқы шикізат ретінде тау жыныстары мен минералдар жиі қолданылады. Олардың құрамында таза күйінде алуға және қолдануға болатын металдар, сондай-ақ қоспалар бар. Өндірісте барлық қоспаларды қолдануға болмайды, олардың кейбіреулері бос жыныс деп аталады.
Химия саласындағы өндіріс үшін негізгі шикізат мұнай және табиғи газ болып табылады. Бұл өткен ғасырдың басынан бері белсенді қолданылып келе жатқан ең тиімді шикізат.
Дәл осы мұнай және табиғи газ негізінде синтетикалық каучук, пластмассалар, жасанды тері мен талшықтар, минералды тыңайтқыштар, жоғары спирттер өндірісі өсуде.
Химиялық шикізаттарға мынадай талаптар қойылады:
1) өндірістік процестің аз сатылы болуы;3) келген энергияның аз жоғалуы; 4)мүмкіндігінше процестің төменгі температурада жүруі; 5) реакциялық қоспада көзделген өнімнің ең жоғарғы қүрамда болуы.
Шикізат ресурстарын толық пайдалану тұжырымдамасы. Көптеген химиялық өндірістерде шикізат шығындары өнімнің өзіндік құнының коптеген бөлігін құрайды. Шикізат ресурстарын толық пайдалану тұжырымдамасы мақсатты өнімнің барынша шығуына, шикізатты пайдаланылатын, пайдалы өнімдерге барынша айналдыруға козделген.
9.Шикізатты дайындау және байыту. Байыту процестері.
Шикізат – өндірісте қолданылатын табиғи материалдар. Жартылай өнімдер – сол мекемеде шикізатты өнеркәсіптік өңдегенде алынған материалдар және қандайда бір өнім алу үшін бастапқы материалдар ретінде пайдалану.
Технологиялық өндірістің негізгі кезеңінен бұрын, технологияның негізгі материалы шикізатты дайындау,өңдеу сатысы жүреді. Шикізаттың дұрыс және толық өңделіп дайындалуы технологиялық процесстің өнімділігі мен сапасына тікелей әсер етеді.
Шикізатты өңдеуге дайындаудың негізгі әдісі - оны байыту.Шикізатты байыту-концентраттағы негізгі компоненттің мөлшерін арттыру.Шикізатты байыту оның фазалық күйіне байланысты болады.
Шикізатты байытудың түрлері:
1.Гравитициялық байыту – ауа немесе сұйық ортада ұсатылған заттардың бөлшектерінің төмен түсу жылдамдығының бөлшек тығыздығына немесе бөлшек мөлшеріне тәуелді.Бұл әдіспен қаттылығы және тығыздығы әртүрлі минеарлыдарды бөледі.
2.Электромагниттік байыту – ұсынылған заттардың магнитке арттыру қасиетіне негізделген.Ұсатылған шикізат магнит сепеаторынан өткенде магнике тартылатын және тартылмайтын екі фракцияға бөлінеді.Бұл әдіс темір және тас кендерін байыту үшін қолданады.
3.Электростатикалық байыту – ұсақталған шикізат құрамындағы әртүрлі бөлшектердің электр өткізгіштігіненегізделген.Электростатикалық сеператорлардың көмегімен электро тоғын өткізетіндерден өткізбейтіннен бөліп алады.Бұл әдіс мыс,кұм,силикат өндірісінде қолданады.
4.Флотация –физико-химиялық байыту әдістері,әрі көп қолданылатын әдіс.Ағылшынша қалғып шыңу деген мағына береді.Бұл әдістің негізі-кендер мен бос жыныстың бөлшектеріне судың жұғу және жұқпау қасиетіне негізделген.
5.Термиялық байыту – ұсатылған шикізат құрамындағы компоненттердің балқу температураларының айырмашылығына негізделген.
6.Химиялық байтыту – шикізат құрамындағы компоненттерінің химиялық реагенттерімен әрекеттесулерінің айырмашылығына негізделген.
10.Шикізатты кешенді және ұтымды пайдалану проблемасы. Шикізатты рециркуляциялау.
Өндіріс қалдықтарына белгілі бір себептерге байланысты қолданбаған немесе қолданып бітпеген шикізаттың бір бөлігі жатады. Сондықтан да шикізатты кешенді пайдалану проблемасы экология жағынан да, экономика жағынан да маңызды мәселе болып табылады. Табиғи ресурстарды кешенді пайдалану қажеттілігі, біріншіден, қоршаған ортаны ластап жатқан өндірістік кәсіпорындардың көлемінің өсуіне, екіншіден,оны тиімді жұмсауына тығыз байланысты болады. Өйткені минералды шикізаттар қоры шектелген. Қазіргі кезде шикізаттар бағасы тоқтаусыз өсуде. өз кезегінде бағалардың өсуі қалдықсыз технологияның тез дамуына әкеледі. Шикізатты ұтымды және кешенді пайдалану оның қолданылатын санын азайтуға, дайын өнімдердің ассортиментін көбейтуге, бұрін қалдықта кеткен шикізат бөлігінен жаңа өнім щшығаруға ықпал етеді. Мысалы, түсті метеллургияда әрқашанда минералды шикізаттан алынатын элементтер саны өсіп отырады. Шикізатты ұтымды және кешенді пайдалану оның қолданылатын санын азайтуға, дайын өнімдердің ассортиментін көбейтуге, бұрін қалдықта кеткен шикізат бөлігінен жаңа өнім шығаруға ықпал етеді.