) еңбек қауiпсiздiгi - еңбек қызметi процесiнде қызметкерлерге зиянды және қауiптi әсердi болдырмайтын iс-шаралар кешенiмен қамтамасыз етiлген қызметкердiң қорғалу жай-күйi
2) еңбек қауiпсiздiгi - еңбек қызметi процесiнде қызметкерлерге зиянды және қауiптi әсердi болдырмайтын iс-шаралар кешенiмен қамтамасыз етiлген қызметкердiң қорғалу жай-күйi;
3) еңбектiң қауiпсiз жағдайлары - қызметкерге зиянды және қауiптi өндiрiстiк факторлардың әсерi жоқ не олардың әсерiнiң деңгейi қауiпсiздiк нормаларынан аспайтын, жұмыс берушi жасаған еңбек жағдайлары;
4) өндiрiстiк жабдықтың қауiпсiздiгi - өндiрiстiк жабдықтың өз функцияларын орындауы кезiнде нормативтiк-техникалық және жобалау құжаттамасында белгiленген жағдайларда еңбек қауiпсiздiгiнiң талаптарына сәйкестiгi;
5) өндiрiстiк процестiң қауiпсiздiгi - өндiрiстiк процестiң нормативтiк-техникалық құжаттамада белгiленген жағдайларда еңбек қауiпсiздiгiнiң талаптарына сәйкестiгi;
6) зиянды өндiрiстiк фактор - оның әсерi қызметкердiң сырқаттануына немесе еңбекке қабiлеттiлiгiнiң төмендеуiне әкеп соқтыруы мүмкiн өндiрiстiк фактор;
7) зиянды (ерекше зиянды) еңбек жағдайы - белгiлi бiр өндiрiстiк факторлардың әсерi қызметкердiң еңбекке қабiлеттiлiгiнiң төмендеуiне немесе сырқаттануына әкеп соқтыратын еңбек жағдайлары;
2-бап. Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңдары
2-бап. Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңдары
1 Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
1 Осы Заңның күшi Қазақстан Республикасының азаматтарына, еңбек қызметiн Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.
2 Жұмыс берушiлер мен қызметкерлер арасында еңбек қатынастары туын-даған кезде еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi талаптарды бәрi орындауы мiндеттi.