Нақты газдардың изотермалары.
Нақты газдың изотермасы тұрақты температурада газдың молярлық көлемі нің қысымға тәуелділігін көрсетеді.
Жоғары температурада нақты газдың изотермасы, идеал газ изотермасынан тек формасының кейбір бұрмалауымен өзгешеленеді.
Кейбір температурада – критикалық температурада, изотермада иілу нүктесі К пайда болады, ол критикалық нүкте деп аталады. Осы нүктеге сәйкес көлем және қысым критикалық деп аталады. кезіндегі изотерма критикалық изотерма деп аталады.
кезінде Ван-дер-Ваальс теңдеуіне қисықтық сәйкес келеді. Бірақта 5-3 бөлікте затты сығу қысымының азаюымен жүреді. Сонымен бұл аймақта зат екі фазаға сұйық және буға бөлінеді.
Фаза дегеніміз химиялық құрамы бірдей және бірдей термодинамикалық күйде орналасқан жүйенің барлық бөлігінің жиыны.
Нақты газдың ізделіп отырған критикалық күйге дейінгі изотермасы 1-2-6-7 түрінде болады да, ол заттың газ күйінен (Г) (6-7 бөлік) сұйық күйге (С) (2-1 бөлігі) үздіксіз өтуінің қисығы болып табылады.
Заттың критикалық күйден төмен температурадағы газ тәрізді күйі бу деп аталады (Б), өзінің сұйық күйімен тепе-теңдікте тұратын бу қаныққан (С+Б) деп аталады.
Изотермалық сығылу кезінде буда сұйылу процесі жүреді.
температурада газ қысым қандай болсада сұйыққа айналмайды.
Кей жағдайда метастабилдік күй 5-6 және 2-3 болуы мүмкін. 2-3 бөлік тым қыздырылған сұйықты, ал 5-6 асқын буды бейнелейді.
Достарыңызбен бөлісу: |