Реанимация и ит при острой сердечно-осудистой недостаточности


Мақсаты: ауру ұстамасын тию, миокардтың қоректенуін жақсарту, АҚҚ төмендету



бет4/4
Дата08.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#48343
1   2   3   4

Мақсаты: ауру ұстамасын тию, миокардтың қоректенуін жақсарту, АҚҚ төмендету.

  • 1. Нитроглицерин 0,5мг тіл астына, аэрозолде немесе спрейде (0,4 мг, немесе 1 доза), қажет жағдайда əр 5-10 минут сайын қайталайды, немесе көктамырға 10 мл 0,1% ерітіндіні 100 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісімен бірге тамшылатып құяды (2-4 тамшы минутына) АҚҚ мен ЖЖЖ бақылай отырып;
  • 2. Пропранолол (селективті емес β-адреноблокатор ) – көктамырға баяу салады 1 мл 0,1% ерітінді (1мг), осы дозаны ЖЖЖ минутына 60 жеткенде АҚҚ мен ЭКГ бақылай отырып əр 3-5 минут сайын қайталауға болады; жалпы ең жоғарғы доза 10 мг;
  • 3. АҚҚ жоғары деңгейден түспеген жағдайда: эналаприлат (АПФ ингибиторы) 5 минут ішінде 0,625-1,250 мг баяу көктамырға жібереді, шамамен 20 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісіне ерітеді;
  • 4. Морфин (есіріткі анальгетик) 1 мл 1% ерітіндіні 20 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісіне араластырып жəне 4-10 мл бөліп (немесе 2-5мг) əр 5-15 минут сайын, ауырсыну сезімі мен ентігу басылғанша, немесе жанама əсерлері пайда бүлінгенге дейін (гипотензия, тыныстың тежелуі, құсу) көктамырға құяды;
  • 5. Варфарин 2,5 мг, немесе ацетилсалицил қышқылы –160-325 мг шайнайды.

Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:

  • 1. *Нифедипин 10 мг, табл.
  • 2. *Эналаприл 1,25 мг 1 мл, амп.
  • 3. *Варфарин 2,5 мг, табл.
  • 4. *Натрий хлориді 0,9% - 400,0 мл, фл.
  • 5. *Морфин 1% - 1,0 мл, амп.
  • 6. Каптоприл 12,5 мг, табл.
  • 7. *Пропранол 0,1% - 10 мл, амп.
  • 8. *Нитроглицерин 0,0005 г, табл.
  • 9. *Нитроглицерин 0,1% 10 мл, амп.
  • 10. *Фуросемид 40 мг, амп.
  • 11. *Верапамил гидрохлориді 80 мг – 2,0 мл, амп.
  • 12. *Диазепам 10 мг 2,0 мл, амп.
  • 13. *Магний сульфаты 25% 5,0 мл, амп.
  • 14. *Винкамин 30 мг, капс.

Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Эналаприл 10 мг, табл.
2. Ацетилсалицил қышқылы 500 мг, табл.
3. *Натрий хлориді 0,9% - 5,0 мл, амп.
4. Бисопролол фуморат 5 мг, табл.

Пайдаланылған әдебиеттер

  • М.А.Сарбасова «Шұғыл жағдайларға медициналық көмек» Түркістан 2008
  • neotlozhnaya-pomosch.info/klinicheskaya_smert.php
  • medportal.ru/mednovosti/news/2013/11/20/009arrest/
  • www.kazmedic.org


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет