Рецензенттер: Коржова Г. М – педагогика ғылымының кандитаты, профессор, арнайы мектеп- ке дейінгі білім беру лабораториясының меңгерушісі. Новикова О. Н


Оқытудың нәтижесін бағалау әдістерін өзгерту



бет9/41
Дата17.03.2022
өлшемі152,19 Kb.
#28302
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   41
Оқытудың нәтижесін бағалау әдістерін өзгерту

1.

мұғалімнің қайталау, баяу, қысқаша, ауызша нұсқаулығы (жазба- ша нұсқаудың орнына)

2.

тапсырманы орындау үшін қосымша уақыт беру

3.

тапсырманы тек ауызша/жазбаша орындауға мүмкіндік беру

4.

планшет, ноутбукты қолдану арқылы бақылау тапсырмаларын орындауға мүмкіндік беру

5.

басқа




Бақылау материалдарын өзгерту

1.

нұсқаулықты қайта құрастыруға бейімдеу: тапсырманы орындау кезеңіне сәйкес бірнеше бөлімге бөлу

2.

бақылау тапсырмаларының санын азайту

3.

барлық сыныпқа арналған бақылау тапсырмаларынан өзгеше жеке бақылау тапсырмалары (жеке оқу мақсаттарына сәйкес)

4.

бақылау тапсырмасын орындауын жеңілдететін иллюстративті және тірек материалдарды (кесте, сызба, үлгі, сөздік материалдар) қолдану

5.

басқа


3) Оқытудың арнайы және альтернативті әдістерін қолдану. бұл білім беру қажеттілігін анықтау, ең алдымен, мұғалімнің және мектептің психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі мамандарымен жүзеге асы- рылады, алайда баланы арнайы немесе баламалы әдістерді қолдану арқылы оқыту қажеттілігін пмпк ұсынуы мүмкін.

мұғалім арнайы және баламалы әдістерді ұштастыра отырып, барлық сынып үшін оқытудың қарапайым әдістерін қолдану арқылы ебҚ бар ба- лаларды оқытуды жүзеге асырады. Оқыту формасы немесе жай тәсілдерді қолдану оқушының жеке ерекшеліктеріне бейімделіп алынады. көбінесе мұғалім бүкіл сыныпқа қолданатын тапсырмаларды және де оны балаға беру тәсілдерін бейімдеу талап етіледі.


3-кесте. Оқу тапсырмаларын бейімдеу және оларды оқушыға ұсыну тәсілдері.





Оқу тапсырмаларын нұсқаулары

бейімдеу

және

оларды

оқушыға

ұсыну

тәсілдерінің

1

уақыт аралығында тапсырмалар саны азаяды.

2

Оқу тапсырмалары қысқартылады

3

Оқу, жазу үшін мәтін қысқартылады

4.

басқа оқушылар орындайтын тапсырмалардан ерекшеленетін жеке тапсырмалар ұсынылады.

5

тапсырманы орындау үшін қысқартылған және кезеңі көрсетілген нұсқаулықтар ұсынылады

6

жаттығуды қайталау және меңгергенді бекіту үшін көп уақыт бөлінеді

7

ауызша түсіндіру ыммен, суретпен, картинкамен, заттармен жүргізіледі

8

сабақта көбінесе оқушының әрекет түрі ауысады

9

жаттауға берілетін ақпарат саны азаяды

10

жазу барысында оқушыға дауыстап жазуға рұқсат беріледі

11

сабақта меңгерілетін жаңа сабақтың мәнін ашу үшін оқушыға заттық-тәжірибелік қызмет ұсынылады

психикалық және дене дамуы бұзылған балаларды оқыту кезінде оқытудың арнайы әдістерін қолдану қажеттілігі жиі туындайды. арнайы оқыту әдістері арнайы педагогикамен әзірленген және әртүрлі санаттағы балаларға арналған арнайы мектептерде қолданылады: есту, көру, ақыл- ойы кем, тірек-қимыл аппараты бұзылған, психикалық дамуы тежелген, сөйлеу қабілеті бұзылған.

жалпы сынып жағдайында мынандай арнайы әдістер қолдануға бо- лады: «кіші қадамдар»; заттық қызмет пен көрнекі құралдарға; «сөйлеу тілін жандандыру»; заттық және ақыл-ой әрекетіне «алдыға қарай жыл- жу», меңгергенді үзбей қайталау; меңгерілген ұғымды салыстыру және қарама-қайшы қою амалдарын қолдану және т.б. бұл әдістер сыныптың басқа оқушыларына да оқу материалдарын жемісті меңгеруге септігін тигізеді. Оқытудағы баламалы (альтернативті) әдістер жеке психикалық қызметтердің (қабылдау, есте сақтау, зейін, праксис) бұзылыстарына негізделген оқытуда ерекше қиындықтары бар балаларға жиі қолданылады. Оқытудың баламалы әдістеріне мына әдістер кіріктіріледі: глобальды оқыту, «нумикон» әдісі арқылы санауға үйрету, монтессори жүйесі және басқа да жаңа психологиялық-педагогикалық әдістер. Оқытудың балама- лы әдістерін бірінші кезекте жеке-дамыту жұмысын жүргізетін мамандар білуі және пайдалануы тиіс: психологтар, логопедтер, арнайы педагогтар.


  1. Оқулықтар, оқу әдістемелік құралдарын таңдау, жеке оқу матери- алдарын даярлау. мұғалім және психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметінің мамандары оқушының көмекке деген қажеттіліктерін командалық талқылау нәтижесінде арнайы оқулықтар мен құралдарды, жеке оқу-дидактикалық материалдарды пайдалану қажеттілігі туралы шешімді қабылдайды. ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушыға бейімделіп өзгертілген оқу жоспары мен оқу бағдарламаларын ескере отырып арнайы оқулықтар мен оқу құралдары іріктеледі.

Қысқартылған бағдарламалар бойынша қарапайым сыныпта оқитын ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылар бүкіл сыныпқа арналған оқулықтарды пайдаланады.

арнайы оқулықтарды, жұмыс дәптерлерін және басқа да оқу матери- алдарын жалпы сыныпта оқитын белгілі бір бұзылымдары бар балаларға қолдану қажет:



  • көру (ірілендірілген шрифті бар кітаптар; зағип адамдарға арналған, брайль шрифтімен басылған оқу құралдары; бедерлі суреттер, схемалар, арнайы муляждар);

  • тірек-қимыл аппараты (ірілендірілген шрифтпен жазылған және т.б.);

  • есту (символдарды, ымдық сөйлеуді) қолданатын оқу құралдары; титрі бар бейнематериалдар; компьютерлік оқу бағдарламалары және т. б.);

  • зиятының бұзылуы (Оәк-нің түпнұсқасы).

арнайы сынып оқушылары кәдімгі және/немесе арнайы оқу-әдістемелік кешендерді (Оәк) пайдалана отырып оқиды, олар тиісті түрдегі арнайы мектептер үшін шығарылған.

арнайы оқулықтар мен оқу құралдарын мектеп (белгіленген тәртіппен) сатып алуы және мектептің кітапхана қорында болуы тиіс.

ҚР-да шығарылған арнайы оқулықтар тізімі тп ҰғпО сайтында ұсынылған http://www. special-edu.kz/



инклюзивті білім беру тәжірибесінде оқушының жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, мұғалім арнайы даярлаған жеке оқу- дидактикалық материалдарын кеңінен қолданылады. мысалы, есту-сөйлеу ақпаратын өңдеу қиындықтары бар бала үшін (сөйлеуді түсіну) әртүрлі көрнекіліктерді кеңінен қолдана отырып, жеке дидактикалық материал дай- ындау қажет: оқу материалын түсінуді жеңілдететін және оқушыны сабаққа қосуға мүмкіндік беретін суреттер, схемалар, алгоритмдер.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет