Оқушының ерекше білім алу қажеттілігі және оны қанағаттандыру үшін арнайы шарттар
бірінші жарты жылдық
ерекше білім алу қажеттілігі
Оқушының ерекше білім алу қажеттілігі және оны қанағаттандыру үшін арнайы шарттар
(тек қарастырылатын жағдайларға сәйкес келсе ғана белгілеу қажет)
1. Оқу жоспарын өзгерту
1. Қажет етпейді.
2. пән бойынша оқу жо- спарын өзгерту
а) мжмбс сәйкес тілдік пәндер бойынша қысқартылған оқу бағдарламасы.
3.Оқыту әдістері
жеке б-ға бағытталған қысқа, баяу нұсқау (2-3 сөз) және нені орындау қажеттілігін түсінбеген жағдайда көрсетуді және ымды қолдану арқылы қайта түсіндіру;
жауап беруі үшін ұзақ уақыт бөлу;
жазба тапсырмаларын орындау кезінде дәптер парағында бағдарлана алуына көмектесу;
оқу тапсырмаларының мәнін түсінуді жеңілдету үшін жұмысты орындаудың суреттік жоспарын, үлгілер мен көрнекі құралдарды қолдану;
жұп пен топта жұмыс жасау (көшіріп алуды алдын ала ескер- ту);
формативті бағалау тапсырмалары, жұмыс дәптері, оқулықтағы тапсырмаларға нұсқаулықтарды жеңілдету және қысқарту;
оқу бойынша жеке тапсырмалар.
4. Оқыту нәтижесін бағалау амалда- ры (оқушының жетістіктері)
тілдік пән бойынша (логопедтің келісімімен) жеке бақылау тапсырмалары;
бақылау тапсырмаларын орындау үшін уақытты ұлғайту;
тапсырманы жазбаша түрде орындауды мақұлдау;
бақылау тапсырмаларындағы (қарапайым қысқа сөз тіркестер) нұсқаулықтарды жеңілдету және қысқарту;
бақылау тапсырмаларының мәнін түсінуді жеңілдету үшін тірек және иллюстративті материалдарды қолдану;
педагогтың көмек ұсынуы: қысқа, баяу, қайталау үшін ауызша нұсқаулық, жауап дайындау үшін уақытты арттыру.
4. Оқулықтарды, оқу құралдарын таңдау, жеке оқу материалда- рын дайындау
Оқулықтар: 1 сыныптың бағдарламасы бойынша
жұмыс дәптері: сыныптың бағдарламасы бойынша
арнайы дидактикалық материалдар: жазу және оқу бойынша жеке карточкалар
6. Оқу орнын және оқыту ортасын бейімдеу
1) бірінші партадағы жұмыс орны
7. техникалық құралдарға қажеттілік
Қажет емес
8.арнайы педагогтың көмегі
жартыжылдықтың негізгі мақсаты мен міндеті: 1) қоршаған орта туралы білім мен түсінік қорын кеңейту, тиісті сөздік қорын жинақтау; буындап оқу, айту бойынша буындап жазу және қарапайым сөздерді жазу, оқылған және жазылған сөздерді түсіну дағдыларын қалыптастыру; 10 шамасындағы сандарды есептеу операциясын орындау, математикалық терминдермен сөздік қорларын кеңейту.
арнайы педагогпен сабақты өту жиілігі - аптасына 2 рет, сабақтың ұзақтығы – 30-40 минут, сабақтың формасы (жеке, топтық).
9. логопедтің көмегі
жартыжылдықтың негізгі мақсаты мен міндеті: 1) сөйлеу тілін түсінуді дамыту 2) дыбыстарды қою және автоматизациялау, буын құрылымдарын өңдеу, сөйлеудің грамматикалық құрылымын қалыптастыру, фразалық сөйлеу тілін дамыту.
логопедпен сабақты өту жиілігі - аптасына 3 рет, сабақтың ұзақтығы – 30 минут, сабақтың формасы (жеке, топтық).
10. психологиялық көмек
жартыжылдықтың негізгі мақсаты мен міндеті: 1) есту еркін зейін мен есту-сөйлеу қабылдауын дамыту (4 сөздің көлемінде);
2) есту-сөйлеу жадысын дамыту (4 сөздің көлемінде); 3)сыныптастарымен қарым-қатынас жасау мен өзараәрекеттесу дағдысын дамыту.
психологпен сабақты өту жиілігі - аптасына 2рет, сабақтың ұзақтығы – 30минут, сабақтың формасы (жеке, топтық).