Редакция ал қ



Pdf көрінісі
бет12/13
Дата31.01.2017
өлшемі8,34 Mb.
#3088
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

     

       

µpïàº

Бидайдай қаулап өскен

Мына қазақтың ұрпақтары

Тәуелсіздіктің туындай 

Неткен асқақ еді?! 

Жалт-жұлт еткен сымбаттары.

Арқадағы Астанадай өскелең 

Ақжарқын жүздерін көргенде, 

Мұң шалған ескі өлең.

Бұлттай сөгіліп көңіл көгінде, 

Өшкенім жанып,

Өлгенім тірілгендей

Шаттық күйге бөлендім.

«Жас қырандай заулаған,

Құмырсқадай қаулаған

Ұрпағыма тіл тимесін!» – деп,

Жаһандағы жалқы таудың

Жартасына күбірледім!..

Құлындай асау, лақтай ерке,

«Тәуелсіз Елдің

Ұрпақтары қаулай берсін!» – деп 

Атар таң мен батар күннің 

Алқызыл шапағына

Дұға үйірдім!..                                                   

                   01.02.2006. Қаратал

ШЕТЕЛДЕГІ ҚАЗАҚ АҚЫНДАРЫ


№ 1 ( 2 0 1 6 )

92

Т



үн қараңғылығында қалғыған қара таулар мен қара орманды 

кең дала күн сәулесі шашыраған сәтте ұйқысы қанып, қолбауы 

шешілген сәбидей жайнап, жадырап шыға келді. Мана, ақ 

сәуле шығыстағы кеңістікті бозамық әлсіз нұрымен әлдилеп 

тұрғанда Бәйтерек қарияның көңілі де мұнар басқан табиғат әлемі сияқты 

жабырқап тұр еді. Жонынан күн жылуы өткен соң қатты ұйқы қапырығынан 

жеңілдегендей. Мыж-мыж болып тұрған тұла бойы сергек тартып, 

әлдеқандай көңілділік көңіл аспанын өз нұрымен жуып өткендей болды. 

Ауланың қақ ортасынан кесіп өтетін жеңді білектей арық суын жан-жаққа 

шашты. Бәйбішесі Майшекер де тарғыл сиырды сауып болған-ды. Қария 

күндегі әдетінен жаңылмай, сиырын өріске айдап, қайтар жолы көршісі 

Бекарыстың қақпасы жаққа көз салып еді, ол қол еккен аққайыңның түбінде 

әлдебір нәрсемен шұқынып отыр екен. Ту сыртынан: 

– 

Ассаламағалейкум! – деді. 



Көзілдірігін кеңсірігіне таман түсірген Бекарыс та:

– 

Ассаламағалейкум! – деді. 



ОТБАСЫНАН 

ӨРБІГЕН ҒИБРАТ

ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАСЫ

№ 1 ( 2 0 1 6 )

93

Шайсұлтан Қызырұлы 



1940 жылы шілдеде ҚХР 

ШҰАР бұрынғы Сарысүмбе 

ауданының Мойылты деген 

жерінде өмір есігін ашады. 

1959 жылы Үрімжідегі 

Шыңжаң Тіл институ-

тын бітіріп, Шыңхуа 

агентігінің Шыңжаң 

бөлімшесінде журналистік 

өмірін бастайды. 

Шәкең ұзақ жылдар 

бойы проза саласында 

табысты еңбек етеді. 

Көптеген әңгімесі, ондаған 

повесі мен «Дабыл», 

«Бұлаң дүние», «Қайқая 

шапқан қаракер» романда-

рын жариялаған. Шәкең 

– Қытай Жазушылар 

Одағының, Шыңжаң Жа-

зушылар  

Одағының мүшесі. 

Шыңжаң телефильм 

аударма орталығында 

қызмет атқарған. Таны-

мал аудармашы, редактор. 

Сонымен, сәлем берісіп, салем алыспаған екеуі кем шақ үнсіз қалды. Аңдысып 

барып алыса кететін балуан сияқты көздерімен арбасып отыр. 

– 

Неге сәлем алмайсың? 



– 

Сен неге алмайсың? 

Жас шағынан бірін бірі жыға алмай жүрген екі қарт бірінің сәлемін бірі алса, 

бірінен бірі үлкен болып кететіндей алғаш дидарласқанда өстіп қалатындары бар. 

Екеуінің бұл өмірде итжығыс түсіп жеткен жерлері де – осы сияқты. 

Жастайынан үзеңгі қағыстырып, иықтасып келе жатқан бұл құрдастардың 

өмірі қызық. Мойны бос шоқпар сияқты солқылдақ саясат тұсында екеуі екі қора 

қой баққан. «Қылмысын» жуу үшін емес, екеуі қойды қызық үшін баққандай 

тыраңдап бір қалып еді. Сонда өрісте жүріп насыбайларын атып тұрып, кең 

далаға сыймайтындай-ақ қағысып қалатын да, қарқылдап күлісіп, қосылып кет-

кен қойларын түсіне қарай бөлісіп алып, ымырт жабыла үйлеріне қайтатын. Е, 

о да – бір қызыққа толы тірліктің көбең күндері екен ғой! Енді міне.... Екеуі де, 

үйдегі шүйкебастары да салқын жон, самал төс сахарадан айырылып, қаладағы 

балаларының қолына қарап қалып отырғаны түрі – мынау. Қартайған шақтарында 

бейнеттен айырылып, зейнетті болып отырған кездерінде сонау артта қалған құнан 

қойды ат үстінде тұрып іліп алатын, кұйрық майды білемдеп-білемдеп жұта сала-

тын ғазиз күндерін сағынатын сияқты. 

Екеуінің үйі жаңа көшенің оң жақ қапталындағы жағалауда тұрады. Ортада бір 

там ғана бөліп тұрғаны болмаса, шыныаяқтары ауыспайтын күндері кемде кем, 

баяғыдағы өрісте қосылып кететін қойлары сияқты. 

– 

Не қып отырсың, Бекежан? 



– 

Не қып отырғанымды көріп тұрсың ғой. Сен сияқты өріске айдайтын сиы-

рым жоқ. Кітап оқып отырмын.

Бәйтерек қаланың шығыс жағындағы күн сәулесі жонынан сипаған тау 

шыңына көз салып тұрды да Бекарысқа бұрылды. 

– 

«Кітап оқыған кісінің көз майы таусылады, қалам ұстаған кісінің саусағы 



мұқалады» деп осы күнгі кейбіреулер бәтуа тауып жүр ғой. Осы сенің көзмайың 

таусылмайды-ақ екен,– деді де, – Әй, Бекежан әлгіңді әкелші! – деп қолын созды. 

– 

Әлгің дегенің не? 



– 

Монтансымай насыбайыңды әкелші. 

– 

Тоқалда ғой насыбай, сонан барып сұра. 



– 

Тоқалдың жөні бір басқа. 

– 

Қағылдық қой бәрінен, – деді Бекарыс бұрыл мұртының астындағы 



жұқалтай ернінің шетін жыбыр еткізіп, – «темекінің түтінімен ұлдың кекілі 

сарғайды, насыбайдың суымен сақалың сарғайды, отырған жеріңді қақырып-

түкіріп былғадың», – деп тоқал қыржия берген соң шақшаны соған бергем. 

Бәйтекеңнің көзіне қарай салбырап тұратын қалың қасы оқыс жиырылып, 

сала-сала әжім басқан кесек дидарына реніштің ызғары ойнап шыға келді. Әліге 

дейін қылау шалмаған қошқар мүйіз мұртын сипап, үнсіз қалды. Әнеукүні екеуі 



ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАСЫ

№ 1 ( 2 0 1 6 )

94

ауаша қалған бір сәтте сырласып отырып, Бәйтерек 



өз басының болымсыз мұңын бір шағып еді, – осы 

кезек сонысын баттитып бетіне басқанына ренжіді 

ғой деймін. Әттең, бір насыбайдан қалатын қазақы 

көңіл-ай! 

Құрдасын алғашында осылайша бір тулатып 

алып, одан кейін сабасына түсіретін әдетімен: – Әй, 

қайда барасың, тоқта. Мә!– дегенде, Бәйтекең жалт 

қарады. 


Түп жағы дөңгелектеу, иық жағы биіктеу, сап-

сары мейіз өңдес шақшаның домалақша тығынын 

суырып алған Бекарыс: – Тырнағыңды ұста! – деді 

тікесінен тік тұрған қапсағай тұлғалы Бәйтерекке 

шалқая қарап. 

Тұнжырап тұрған Бәйтеректің көкшіл көзі 

күлімсіреп: 

– 

Шақшаңды әкел бері, өзім салып атайын, 



сенің шым-шымдап бергеніңе құмарым қанбайды. 

Бекарыс шақшасын бермеген соң, Бәйтерек амал-

сыздан қолын созды. Сараң әйелдің саусағының ара-

сынан сығымдап шығаратын дәні сияқты, бір атым 

насыбайды бас бармағының көбесіне аз толмас етіп 

салды. Қылшығы қайырылып сыртына қарай теуіп 

тұратын кең танауының желбезегін қақтыра насыбай 

иіскегенде, қатты түшкірді ол. Осы сәтте қастарына 

Ақжамал да жеткен еді. 

– 

Көтек, мынасы қай түшкіргені! – деп 



Бекарыстың үшінші алған әйелі сылқ-сылқ күлді. 

Көзі жасаураған Бәйтерек танауын қысып-қысып 

қойып: 

– 

Мұрным қышып келіп еді, шалың ғой мені 



түшкірткен, – дей салды. 

– 

Сенің мұрның өле-өлгенше тозбайды ғой. 



Жүріңдер үйге, шай дайын, – деді. 

Үшеуі аулаға кірді. Жеміс ағаштары, гүл егілген 

Бекарыстың ауласы кең еді. Ақжамал екеуіне су 

құйды. 


Бәйтерек шет-шетін қызыл жіппен кестелеген ақ 

орамалға қолын сүртіп жатып: 

– 

Еркектің мұрны кәртимесе, әйелдің көңілі 



кәртеймеді ғой, – деп еді, – Ақжамал мөрі таймаған 

маржандай тістерін ақсита күлімсірегенде, қара торы 

жүзі ерекше нұрланып кетті. 

Сұлулықтың табы әлі семе қоймаған оның 

сүйкімді ажарына бұрынғысындай қызыға қараған 

кәрі көз де, кәрі көңіл де іштей бір шырай тапқандай 

еді. Баяғы жас дәуреннің қызуы маздап тұрған 

көкірек жұлдызы қайта жамырап нәрленгендей. 

– 

Бәйбішең іздеп жүрген, өкпелесіп қалғаннан 



саусыңдар ма? – деді Ақжамал оны әзілмен әңгімеге 

жетелеп. 

Бәйтерек сәл шегініп, анадай жерге барып, 

үсті-басын қағынды. Қайта оралып, Ақжамалдың 

қасына келді. Бәтеңкесін шешіп, тошала өңдес 

жүзімі салбыраған баранның астындағы сәкіге келіп 

отырды. Ақжамалға көзінің астымен сығырая қарап 

отырып: 


– 

Е, Жамал, – деді даусын көтере сөйлеп, – Оған 

өкпелер күн де, өктемдік етер түн де алыстап барады 

ғой. Мен байқасам, көңілдің көк бестісі екен ғой ша-

бысынан танбайтын да, қартаймайтын да... 

Ол осы бір сөздерді айтқанда, талай қырқаның 

ар жағында қалған бозбалалық шақтар, сауықты 

күндер, Ақжамалмен қоса көз алдына оралғандай, 

жан сарайы осы сәтте тұман басқандай болып кетті. 

Дастарқан жайылды. Жастайынан бір ауыл-

да өскен Ақжамалдың қағылез қимылына, қыл-

қыбыры жоқ тап-таза тамағына, кіршіксіз, сызатсыз 

шыныаяғына тап бір алыстан келген бейтаныс адам 

сияқты тесіле қарап отырды да: 

– 

Е, Бекежан, маған қарағанда қолғанатың жас 



қой, Майшекер екеуміз балалар жоқта, бірімізді-

біріміз жұмсаймыз, – деп төрдегі құсжастыққа 

шынтақтады.

Кепешін алып, таудың жықпыл-жықпыл сайы 

сияқты төбе құйқасын мыжып-мыжып қойды. Осын-

дай бір бас қосқан сәтте олар әзілдесіп, әңгімелесіп, 

өткен-кеткендерін еске алып жырғап қалушы еді. 

Ақжамал Бәйтеректің бетіне қарап отырып: 

– 

Майшекер менен қаншалық үлкен дейсің, 



үлкейтіп жіберген өзіңсің. Ауыл бастығы болдың, ат 

үстінде жүріп, дайын тамаққа үйренген жалқаусың. 

Қаланың еркектері сияқты қазанның бір құлағын 

ұстай жүруді ұқпайсың. 

Бәйтерек пен Бекарыс қатарласа күлді. Күлкі 

үстінде қолына қаймақ салған саптыаяқ ұстап Май-

шекер келді. 

– 

Іздеген шалың бас жібін сүйреткен азбан 



құсап жаңа келді. Айдап қайытқалы келдің бе?– деп 

оларды тағы күлдірді де Майшекердің қолындағы 

саптыаяқты алды. 

Майшекер Бекарыстың тізесінен баса отырды. 

Төртеуі осылайша өз зауқымен бір бас қоса 

қалған кездерде қызықты жәрмеңке ашылғандай 

шұрқырасып, гуілдесіп қалатын. Бала-шағалары да 

қастарынан алыстамай, кеңес тыңдайтын. Төртеуі 

қызыл күрең шайды ұзақ ішіп отырғанда, әңгімелері 

отбасынан озып, мансапқа да, бүгінгі сауда-саттық, 

аярлыққа да ауысатын. Кейде Бекарыс әңгімесін 

әлемдік деңгейге де, тарих қатпарларына да соза 

тартатын. Сондықтан-ау әйтеуір осы үйден қашан да 

адам аяғы үзілмейтін. Сол топтың алдыңғы легінен 

Бәйтекеңнің төбесі көрінетін еді. Бәйтекең қою құла 

шайды құлағын қайшылап, терлеп-тепшіп іше оты-

рып ойында жүрген, өзі толық көз жеткізе алмаған 

бір түйінді бүлк еткізді. 

– 

Осы жолғы сайлау кезінде Құдай атып ауы-



рып қалғанымды қарашы! Бір сасық тер денемнен 

ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАСЫ

№ 1 ( 2 0 1 6 )

95

таусылмай меңдетіп, жатып қалдым. Қиқым қалай, 



орнын сақтай алды ма? 

Бекарыс қолындағы шай шынысын түбінен 

ұстап, саусақтарының ұшымен дөңгелентіп отырып, 

ойлы көзін жан-жағына аударды. Ыстық шайды соза 

ұрттап қойып: 

– 

Е, Қиқымың алдыңғы сайлауда баппен емес, 



күшпен шауып, шылбырын ұстатқанын білесің. Бұл 

жолы... 


Бекарыс сөзінің соңын жалғай алмады ма, 

жалғағысы келмеді ме, – кілт тоқтап қалды. 

Дегбірсізденген Бәйтекең жар қабағының түбінде 

шоқтай жайнаған қаршыға көзін жыпылықтатып: 

– 

Иә, сонымен, бұл жолы қайтты? Түсіп қалмаса 



болды ғой, – деп Ақжамалға көзінің құйрығымен 

қарап қойды. 

Ақжамал оның ар жағында бір толқу жатқанын 

сезді. Әзілден басқа сөз арасында күйеуінен аспай-

тын ол Бекарысқа құлақ түрді: 

– 

Бәйтеке-ау, атың жақсы-ақ қойылған. Деген-



мен терек болып бізге саяң түспеді, діңгек болып 

үйге күшің жетпеді. Сайлау қай теңің, онан да 

Майшекердің сиырын сауғызып, қаймағыңды жеп 

отырсаң да, жетер. Босқа жатқан әңгіме қайда? 

– 

Әңгімеңе де ақша аласың ба? 



– 

Алмағанда! Қазіргі тұста табаны мен аузы 

қимылдағандар да ақша алып жатыр ғой. Бір сағат 

сабақ өтсем – алпыс сом. Бұрын айлыққа қарап, сабақ 

өтіп текке әңгіме, ақыл айтып келіппін. Ақпараттың 

ақылы болған сияқты әңгімеге де ақы қажет. 

– 

Алсаң – алшы, мынау отырған Майшекерді 



қосып алшы. Қиқым сайлаудан қалай өтті? Осыны 

айтшы не алсаң да. 

Бұл екеуі отырған әңгімеде Бекарыс қашанда 

оның қитығына тиіп, шамдандырып алатын әдетімен 

бір шақ оны бұртитып барып әңгімеге көшті. 

– 

Бәйтеке, кішілеу болса да, билік ұстап көрдік 



қой. Сен мал басқардың, мен шәкірт басқардым. 

О да – бір тарихи кезең екен. Былай қарағанда, 

байлық деген – бұлғақтаған қыз екен де, билік де-

ген – алақандағы мұз екен. Байлық пен билік қашан 

да бір кісінің қолында ғұмырлық тоқтап қалмаған. 

Ұзағанда ұрпақ жалғап барып үзіліс жасаған. Ал 

Қиқым сияқты азаматтар ит малтуға салып жүріп, 

тағы бір жерден шығар. 

Бәйтерек оның сөзін түсінбегендей қабақ шытып 

төмен қарады. Әңгіме кем шақ үзіліс тапқан сәтте, 

қызметке кеткен ұлдары мен оқуға кеткен немерелері 

де іркес-тіркес келіп жатты. Бекарыс Ерзат пен 

Ердостың жұп жазбай келгеніне қуанды. Бір күнде 

талай жайылып, талай жиылатын Ақжамалдың 

дастарқанының шеті балаға толды. Бәйтеректің ұлы 

Ердос өткен жылы ғана бөлім дәрежелі, Бекарыстың 

ұлы Ерзат биыл ғана әкімнің қолғанаты болып 

қызметке жегілген еді. «Осы екеуі тыңдап қалсын, 

ғибрат алсын» деді ме екен, – Бәйтерек тағы да 

әңгіме қозғады: 

– 

Сонымен, Қиқым қайда қазір? 



– 

Мына екеуінен сұрасайшы, кезек осыларға 

таман ауып келеді ғой. 

Екі азамат үндеген жоқ. Шамасы «екі шалдың 

жайшылықтағы әзіл-қалжыңы, қысыр кеңесі» деп 

назар аудармаған шығар. 

– 

Айтыңдаршы екеуің: Қиқым қалды ма, сай-



ланды ма? 

Бәйтекеңнің даусы қышқылдау шықты. 

Екі жас ауыз ашпаған соң Бекарыстың бүгін бір 

сөйлеп қалғысы келді ме, әлде аспаннан былғары 

жауғанда құлға тиетін оқшантайлық сияқты кішкене 

мансап алған екеуіне ғибрат болсын деді ме, – 

кітаптардан оқыған билік жайындағы әңгімелерді 

сабақтады: 

– 

Коммунизм туын тұңғыш көтерген Кеңес 



Одағы быт-шыт болып ыдыраған кезде қайсыбір 

республиканың Президент сайлауы жүріліпті. 

Сонда бір пысықай: «Сайлауға түсіп Президент 

боламын» деп ақшасын қағаздай шашса керек. 

Шарапты қымыздай сапырып отыр, бірнеше тең 

аяқкиім әкеліпті де: «Алдымен депуттарға сыңарын 

таратамын, бақтарың жанып, мені сайлай алсаңдар, 

қалғанын сол кезде доллармен қосып таратамын», – 

деп өрлі-қырлы борбайлаған екен. Бірақ әккілердің 

бағы жанбаған ғой. 

Бәйтерек оған оң жақ құлағын таятып, тізесіне 

тізесін тиістіріп отырған. Шайтан шаққандай селт 

етті де: 

– 

Ойпыр-ай, «Естімеген елде көп» дегендей, 



әлгі немең нағыз елге жат екен, ә! Е, сонымен, 

қайтты екен пақырың?– деді тамсанып. 

Бекарыс көкшіл жейдесінің жағасынан ұстап, 

желпініп қойып жалғады сөзін: 

– 

Заманнан заман асып, ғылым-техника 



дамыған бұл ғасырда адамдардың аярлығы да асып 

бара жатқан жоқ па?! Онан да асқан біреу шығыпты 

да әлгінің сыңар аяқкиімі әркімнің қолында кетіпті. 

Отырған үлкен-кіші ду күлді. Майшекер осы 

тұста желкесіне таман сусыған ақ жібек жаулығын 

еңбегіне қарай тартып қойып:

– 

Е, алаяқтар «екі асаймын» деп қақалып 



жатқан жоқ па! деп Ақжамалдың қара санын бір мы-

тып қойды. 

Жаңа құйылған ыстық шайға бір қасық сары май-

ды тастап жіберіп, бал қасықпен сапырып-сапырып 

жіберді. Одан соң дыбыс шығармай ұрттап, – бір 

кезде қолымыздың ұшын бергенді қойып, шай құйып 

беруге арланатын алаяқтар ебін тауып өрлеп жатқан 

жоқ па, соның бірі өзіңнің өңештеп сайлатқан 

Қиқымың емес пе еді? 

ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАСЫ


№ 1 ( 2 0 1 6 )

96

Осы тұста Бәйтекеңнің еркектігі ұстап кетті-ау, 



қыртыстанған маңдайы жоғары таман жиыры-

лып, көз алдының салбыраған еті жыбырлап кетті. 

Әлдебір істі қате істеп алған сияқтанып бәйбішесіне 

қарады: 


– 

Иә, сайластық қой. Әйтеу арғы тегі таза, тап-

тақыр кедейдің ұлы болған соң. Сайлау сағатында 

өкірештегенім рас. Үлкен кісілер де сайлау жағында 

болған соң. 

– 

Сен осы, кешегіні бүгін ұмытып қаласың. 



Қарашы мына Бекежанға, бес жастағы естігенін ал-

пыстан асса да, бес саусағындай санап береді. Әй, 

ұлдар, тыңдаңдар Қиқымның қалай сайланғанын,– 

деді де Майшекер сөйлеп кетті. – Қиқым сайлауға 

түсетін жылы халық бөлімі бастығы еді ғой. Сол 

кезде қағып-соғып жинаған, елден сұрап алған 

дүниесін оңды-солды шашты ғой. Ол тай сойып, 

табақ тартқанда: «Менің сайлауға түсудегі мақсатым 

– жеке мүддем емес, осы қарайған қауым үшін, енді, 

бір жағынан, жоғарыдағы үлкен кісілер мені жұмсап 

отыр. Бүгін тай жесеңдер, ертен қартасы қарс 

айырылған енесінің етін жейсіңдер, қандай талап-

тілек, қиыншылықтарың болса міне мен орындауға 

уәде беремін!» – деп кеудесін қаңғырлатып қаққан 

еді ғой. Ол бағы жанып, таққа отырған соң уәдесіне 

опасыздық етті. Мұң шағып барғандарды есігінен 

қаратпады. Дәм атқыр! Салдырып алған сарайын 

қарашы! Отбасындағы қатыны да жұп-жуан кадр 

болды. Орталауға көшпей қалған балдызы әйелдер 

бірлестігінің бастығы болып шекесінен қарап 

жүрген жоқ па? Ал біздің шал қырық жылды қалғып-

шұлғып өткізіп, ендігі түрі мынау, қашан көрсең 

балаларға: «адал бол, аман бол, таза жүр», – деген-

нен басқа айтары жоқ сияқты. 

Майшекердің ыза-құрты қозса керек. Шеке та-

мырлары адырайып, қара торы шырайы талаурап 

кетіп еді, оның сөзін Ақжамал да қостай жөнелді: 

– 

Егер мынау ұлдар озат оқып, университет 



тауыспаса, күресінде қалар еді. Әйтеу бағы жанып, 

ілінді ғой. 

– 

Иә, сөйтті ғой, қарғаларым! Әйтеу кісінің 



қолына қаратпай келеді, – деп Бәйтекең ұлдарға 

бұрылды. 

Ескеуілдей сөйлеген үшеуі тыныстап қалған сәтте 

Бекарыс сөз қозғады: 

– 

Ана жолғы сайлауда әлгі Ошақбай ақсақал 



аузындағы насыбайының сары суын түкіріп тастап: 

«Қиқым сайлауда тізгін ұстатты», – деп рулы елі 

қуанып жатыр ғой, «Баянды болсын!» деуден басқа 

не айтамыз? Біреулердің сүйенген иесі күшті бо-

лып, қатардың ең соңында болса да, шаппай бәйге 

алып жатыр. Біреудің артқан көлігі күшті болып, 

Көктөбеден қоныс алып жатыр. Ана жылы Күйікбай 

отырып қалған баласын ұзатқанда сақалынан сора-

сы сорғалап жылады ғой. Сонда біреулер: «Күйеке, 

кемпірің жылағаны жөн-ақ. Ал сенікі не, қой ары, 

қайдағы сорымды бастамай!» – десе ол жыртық 

көзін сығырайтып тұрып: «Е, кемпір «Балам кетіп 

барады», – деп тұр ғой. Мен «Осы балам көп өтпей 

қайтып келе ме!» – деп жылап тұрмын», – депті. 

Мен: «Осы Қиқым ендігі сайлауға жетпей қалар 

ма», – деп алаңдап тұрмын. Ұлық болған кісі де 

ел ығысар айбар, қараса – тойғыссыз кесек келбет 

болуы қажет қой. Шақшадай басында шұнтиған 

құлағы бар, екі ұрты суалған, аузы шүршиген, тана-

уы қусырылған, екі көзі жыртиған, тайынша бұқа 

сияқты тыртиған осы күлегеш Қиқымның ел басқару 

өресі отбасынан аса алмай қалар ма?! дегенде, біз 

оған: «Асыл зат кішкенеден шығады, бұршақтай 

алтынның құны қаншалық, қазандай қара тастың 

құны қаншалық?» – дегенімізде, ол: «Е, көз – таразы, 

көңіл – болжағыш, қызығын кейін көреміз» деп кетіп 

қалған еді. Ал бүгінгі таңда... 

Бекарыс шақшасын алып насыйбай иіскеді. 

Бәйтекең үлесін жібермеді. Насыбайды ерніне басып 

қойып: 


– 

Иә, сонымен, бүгінгі таңда дейсің ғой, – деп 

үн-түнсіз әңгімеге құлақ ұрған ұлына қарап қойды.

– 

Қашан да халық таразы ғой. Халық айтса – 



қалп айтпайды. Айбарың болып, ақылың болмаса да, 

ақылың болып, айбарың болмаса да, қолыңа халқың 

тоқтамайды. Кейбір айбарлы қара күшке басып, ел 

бұзады. Кей ақылды көңілшектік істеп көпті ыды-

ратып алады. Би бола салу оңай сияқтана береді де 

әділ билік айту қиынның қиыны сияқтана береді. 

Мен оқыған бір кітапта ел басшылары жайында мы-

нандай тағыламат бар екен, – деді де буындары шоды-

райып, тамырлары адырайған саусақтарын күтірлетіп, 

әлденені ойлағандай баранның ашық аралығынан 

ауланың арғы мүйісіне қарап отырып қалды. 

Ақжамалда жасында, жастық көктемі жайнап 

тұрған бал дәурен кезеңде, Бекарыс пен Бәйтекеңнен 

мүшел жас кіші болса да құрдастардай алысып-

жұлысып, ойнап-күлген. Бойжетіп шашбауына 

сөлкебай, қамзолына күміс тана, алтын түйрегіш 

сияқты моншақ тағып жүрген тәтті күндерде де осы 

екеуіне жуық жүретін. Кейінірек Бекарыстың әйелі 

қайтыс болып күйзелген күйкі күндерде екеуінің ара-

сына дәнекер болуы да, Бекарыстың көңілін суытпай 

көрпесіне кіруіде сол бір көңіл жуықтығынан болса 

керек. Міне қазірде сол бір сырластықтың ыстығы 

суымаған, көкейде қатықтай ұйып қалудан ба, әзіл-

қалжың арқауы үзілмеген еді. Ақжамалдың ажарына 

әжім кестесі түсіп, саркідірлік деген бәлекет самай-

ына күміс қылауындай ұрланып кірсе де баяғыдағы 

тәтті күндердің табы таңдайында тұрғандай еді. 

Сондықтан ба екен, Бәйтекеңнің жаурынынан нұқып 

қойды. 

ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАСЫ


№ 1 ( 2 0 1 6 )

97

– 



Сендерге ойдан қиыстырған шатпақты ай-

тып, алтын уақыттарыңды зая еткім келмейді. Бір 

оқымысты былай деп жазған екен: «Әр ғасырдың, 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет