Редакция ал қ



Pdf көрінісі
бет13/13
Дата31.01.2017
өлшемі8,34 Mb.
#3088
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

әр қоғамдық құрылымның өзіне орай елбасылары 

болады. Олардың билік ұстау құпиялары да болады. 

Басшы болған кісі қарауындағы халайықтың сый-

құрметіне бөленгісі келсе бойынан қайырымдылық, 

адалдық, адамгершілік, жан тазалығы және 

өзіне деген сенім қасиеттері менмұндалап 

тұруы шарт». Тағы бір оқымастының кітабынан 

билеушілерді қалпақтай ұшыратын мынадай 

сүйкімсіз мінездемелерді оқыдым: «Басшылардағы 

тұрақсыздық, жеңіл ойлылық, дөрекілік, сезімсіздік, 

дұрыс шешім қабылдай алмаушылық сияқтыларды 

халайыққа сездіріп алсаң, бағынышты адамдарың 

сені алдауға, ақымақ етуге дайын тұрады. Ал «осын-

шама қауымды басқарады, халық көшін көгалға 

қондырады» деген біздің Қиқым қалай болды? 

Осыған ойым жетпейді. Сайлауға келген өкілдер 

сайланушының жетегінде кете ме әлде сайлау саяса-

ты түсініксіз бе? 

Әу баста екеуі жай қалжыңмен отырып, ендігі 

жерде шешуі қиын шиелі әңгімеге көшуін Ақжамал 

алғашында «қысыр кеңес» деп ұққан еді. Байқаса 

– тамыры тереңде жатқан ғибратнама екенін енді 

түсінді. Ана бір жолы ол ауылға барып, қайтарында 

мәшине тосқаны бар. Сонда Қиқымның қызыл бет 

қатыны мәшиненің алдында шіреніп отырған. Қол 

көтерген Ақжамалға ернін шүйіріп, тоқтағанды 

қойып, басып-жаншып кете жаздаған. Сонда 

қорланғанын сұрамаңыз. Сондағы: «Ерзатым ер 

жетсе, тірі жүріп, билік ұстай қалса, алдымен, 

қайырымдылықты хат қып жазып, қолына ұстатып 

қояр едім», – деген серті есіне оралды да: 

– 

Алтынның қолда барда қадірін ұқпайтын 



кісінің баласы емессіңдер ғой. Жас өсіп, жарлы 

байыды. Әкелеріңнің сөзін еске сақтаңдар, адыра 

қалғыр Қиқым құрлы болмайсыңдар ма?! – деп еді. 

Алысқа кеткен ойын жинап алған Бекарыс екі 

азаматқа қарап қойып, әңгімесін жалғады! 

– 

Шығыс философтарының билік жайында 



жазған шығармаларын оқып жүргенімде олардың 

мынадай бір ақылия сөздері жадымда қалыпты: 

«Елбасылары бұрын мынадай үш топқа жіктелген 

екен: Біріншісі – құдайдың өзі маңдайына жазған, 

ақыл дарытқандары. Бұлар ұзақ мерзім билік 

ұстап, тақтан таймаған, қарашасына ересен пайда-

лы істер істеп берген. Екіншісі – өзгенің істегенін 

көріп, билік жүргізгендер. Бұлар тым алаяқ, әккі 

келеді. Қоғамға өзгеріс жасайтындай жаңалық 

жарата алмайды, ескіні ғана шеңгелдеп ұстауға 

бейім тұрады. Үшіншісі – өзі білмейтін, өзгеден 

тәлім алмайтындар. Бұлар билік басына кездейсоқ 

келеді. Қолындағы биліктен оңай айырылып қалады. 

Олар бар шаруаны айқаймен, әмірмен тындыруға 

құмартады. Түбінде елі қырғынға, байлығы тонауға 

тап болады». 

Бекарыс әңгімелеп отырған кезде Бәйтекеңнің 

есіне Қиқымның бір қылығы орала кетті. 

Қиқым билік басына шығып, жыл өтпей жатып 

үй салуға кіріскен. Бәйтекеңнің естуінше, «ол үйінің 

үлгісін Алматыдан барып әкелген», – деседі. Оны 

суреттеп жеткізуге тал бесікпен құрым туырлықтың 

ішінде есейген Бәйтекеңнің тілі жете бермейді ғой. 

Үй біткен соң ақшелек Бәйтекең «құтты болсын» 

айта барған. Құдай сақтасын, ол қай есігінен кіріп, 

қай тесігінен шыққанын аңғара алмайды ғой. Үй 

астында үй, үй үстінде үй, іші-сырты түгел аппақ 

мармар тастан қиюлап жасалған сияқты көрінген. 

Бет жуатын, дәретке отыратын қуыстары да ішінде 

екен. Қабырғаларын қойып, жеріне дейін кілем 

төселген. Ауласының ішін-ау десеңші: жайлаудың 

жап-жасыл бетегесі мен қарағайын, қарақаты 

мен бүлдіргеніне дейін қолымен көшіріп әкеп 

қондыра салған. Сонда, Бәйтекең таңдайын тақ-тақ 

қағып: «Қарағым-ау, көзі тірісінде әкең Қайысбай 

армандаған жұмақты қолыңмен жасап алған екенсің, 

құтты болсын!» – деп шығып кеткен. 

Бәйтекең әңгіме арасында осы бір ойында 

жүргенін айтып еді, отырғандар ду күліп жырғасып 

қалды. 


Ол осылайша шалқып бара жатыр еді, қашан да 

отбасында ыстық-суығын теңгеріп отыратын Май-

шекер: 

– 

Әй, шал, тыныш отыршы әңгімені ыдырат-



пай,– деп сөзге араласты. – «Бас-басыңа би болған 

өңшең қиқым, мінекей, бұзған жоқ па елдің сиқын?!» 

деп Абай атамыз айтқандай, үкіметтің тәртібін 

ғана емес, ата салтымызды бұзып жатқан жоқ па?! 

Сен «бейіш» деп отырған үйіне туыстары келсе, 

босағасынан аттатпай, кілетінен жолға салады екен. 

Ондай кісі кіргізбейтін бейіштің бейіттен несі артық! 

Дастарқан басын тағы тыныштық кернеді. Ер-

дос пен Ерзат сағатына қарап еді, олардың қызмет 

уақыты таяп қалғаны сезген Бекарыс осындай бір 

бас қосқанда ойына алғандарын айтып қалғысы 

келіп, оқығандарын еске алды: 

– 

Мен оқыған кітаптарда: «Биліктің тағы екі 



түрлі тармағы бар» – делінген. Біріншісі – жалпы 

қауымға кіршіксіз пәк ниетімен қызмет өтейтіндер, 

енді бірі – өзінен, туған-туысынан аспайтын, пара-

мен сасық кеңірдек ететін көпестерге жығылатын 

билеушілер. Енді, бір жағынан, басының маңайында 

жағымпаздар мен екіжүзділер жүреді. Олар орын-

сыз мадақтайды-ау келіп. Сонымен барып араны 

ашылған жібі бос басшы қалай құлағанын аңғармай 

қалады. 

ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАСЫ


№ 1 ( 2 0 1 6 )

98

Әңгіме осы араға келгенде, Бәйтекеңнің көзі 



шырақтай жайнап, әлдебір нәрсені ойлағандай, 

мойнын оң жақ иығына қарай қисайтып қимылсыз 

отырып қалды. 

– 

Е! – деді даусы дірілдеген Бекарыс әлденеге 



күйінген күйікті әуенмен, – Қызығымен кімдерді 

алдамаған еді бұл шолтаң дүние?! Кімдерді 

адастырмаған?! Адам пендесі болған соң адасады

өкінеді екен артынан. Елбасылардың алданбау, 

адалдықтан айырылып қалмау үшін дүние-боққа 

қызығып жүзі қара болмау үшін бұрынғы өткен да-

налар артына көп ақылия қалдырған ғой! 

Сөйлеп отырып қыртыстанған маңдай 

терісін жоғары-төмен жиырып қойып: – Махмуд 

Қашқаридың кітаптарында: «Әмірші жат елден өзіне 

арнап сарай соқтырса, бұл – жаман ырым. Басына 

қиын-қыстау күн туса, қашып барып паналаймын» 

дегенді білдіреді. Бұл – халқыңның алдында жасаған 

сатқындығың. Сен билеуші болғаныңмен, халықтан 

артық емессің, бір топырақта туады екенсің, енде-

ше, осы топырақта халқыңмен бірге өле біл», деп 

жазғаны қандай керемет! 

Бәйтекең де ғажап бір мінез бар. Өзі көсіліп 

тыңнан әңгіме қозғай алмайды. Десе де біреу 

әңгіме бастаса қостауға, жетелеуге ағып тұрады. 

Саясатшының сартабан қағушысы сияқты. Бекарыс 

шарбысынан жарылып әңгіме желісін ширатқанда: 

– 

Әй, Ердос, Бекежан айтпақшы, Қиқым басқа 



жақтан салдырған қора-жайы болып, демалысқа 

кеткеннен сау ма? Мен тұмауратып жазылғалы 

қақпасы ашылмаған түрі бар, біле алдың ба?– деді 

көлденеңнен сауал тастап. 

Ердос балапан жүзінен нұр шашып күлімдеді. 

Өзінің кішкентай шағынан қалыптасқан әдеті бой-

ынша оң жағындағы ұры тісін көрсете езу тартып: 

– 

Сіз тұмауратып жазылғаннан ілгері басы ауы-



рып жүрген, жақыннан жаман хабар ести алмадым, 

– деді. 


Дастақхан жиылды. Әлі де қимылсыз сабыр 

сақтаған балаларына қарап қойып, Бекарыс: 

– 

«Ханда қырық кісінің ақылы болады», – 



деп ата-бабаларымыз босқа айтпаған шығар. Ел 

басқарушының қызметтегі шеберлігі, әрине, ақыл-

парасаттан келеді ғой. Осы былтыр ғана зейнетке 

шыққан әлгі бір замандасымыз бір ауданды жиыр-

ма жеті жыл басқарған екен. Көп оқымаса да көп 

көңіліне жақты, халықтың көшін аман-есен бір 

кезеңді асырып жіберді де бүгін рахатын көріп жа-

тыр. Қайда барса төр – сонікі, көлік те – сонікі, ал 

біздің Қиқымда қырықты қойып, неше қырықты 

қулықпен құрықтайтын амал бар еді, бірақ... 

Бекарыс кілт тоқтатты сөзін «Бәйтекең осы 

«бірақ» дегеннің ар жағында бір сұмдық жатыр-ау» 

деген оймен күйзеліп: 

– 

Иә, «бірағыңның» ар жағындағысын айт-



шы, түге? Қиқым байқұс та қайтсын енді. Қулық 

дегеніміз – саясаттың бір бұтағы секілді еді. Сонда, 

осы жолғы сайлауда салымы болмады ма екен? – деп 

көтеріле барып, құйрығымен сырғып, Бекарысқа 

таяды. 

– 

Салымы болды ма, салымды болды ма – әйтеу 



ол байқұсың ауысыпты. 

– 

Е, жасаған-ай, ауысқаны да жөн болған екен. 



Біздікі «алаштың аты озғанша ауылдастың тайы оз-

сын» деген ғой. Мінезінің азырақ шәркездігімен төте 

кететінін еске алмағанда, әйтеу жолыққанда маған 

сәлемін аямаушы еді. 

Бекарыс жастыққа шынтақтап көсіле қисайды. 

Ауладағы қаулай өскен ағаш жапырақтарында 

жылтылдаған күн сәулесіне қиғаштау көз салып, 

кейіндеп кеткен шашын алақанымен сылап қойып: 

– 

«Тез басында қисық ағаш жатпайды», – де-



гендей, халықты басқарған үкіметтің үкімі мықты 

болса, қисық кетіп бара жатқанды етегінен тартып 

қойып, шыжымдап қойса, ерекше бір бейбастықтар 

болмаса, оң-солына қарап бой түзеп отырар еді. 

Жағымпаздардың үйдегі шүйкебастардың да кей-

де басшылардың басын ауыртатыны, жағымсыз 

жаққа бастап кететіні болады. Арабтың жиһанкезі 

Әл-Идриси деген кісі мұқым Орта Азияны кезіп 

жүргенде: «Әміршінің әйелі билікке араласса, 

құлдың қатынының да аузы қышып тұрады», – 

дегені бар. Осы күнде Қиқым сияқты бауырлардың 

келіншегі билік тізгінінің бір жағынан ұстап ша-

ужайлайтынын қайтесің? – дегенде Майшекер 

қызынып кетті. 

– 

Бекежан, тұра тұршы, кім айтса – ол айт-



сын: тауып айтқан екен. «Құдай-ау, Қиқымның 

май бөксесі не деген түйтіксіз!» деймін-ау. Бір 

күні олардың көп балалы көршісі біздікіне жылап 

келді. Жағдай айтып барып едім Қиқымның әйелі: 

«Құдай толтыра алмаған құлқыныңды Қиқым қалай 

толтырады-ау, Қиқым осы сендер сияқты тойымсыз, 

шыптасына қуалаған шыбын қонбайтын, үлкенінен 

тартып кішісіне дейін шыр бітпейтін ши борбайлар-

ды қашанға дейін жарылқайды. К... бар деп туғанды 

білгенде, баққанды білмейсіңдер ме!» Топтың 

алдында сағымды сындырды», – деді ол. Міне, 

еркектерді осындай әйелдер бұзады. 

Әңгіме желісінен ауып кетпеуді ойлаған Бекарыс 

сөзін жалғады: 

– 

Ақылмандардың жазғанын, айтқанын 



зерделесең, ақылды адал басшылары өзінің туған-

туысынан көмекші ұстамаған екен. Өйткені олар 

халықтық мүддемен отбасы мүддесін шатастырып 

алады да қатаң тәртіпті жүзеге асыра алмай дал бо-

лады. Елбасы болған ұлық жамағат ортасындағы ай-

барлы, ақылды, әділ адамдарды жанына үйіре алса, 



ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАСЫ

№ 1 ( 2 0 1 6 )

99

абыройға бөленеді, оларды сыртқа тепсе – «билігімді 



тартып алады» деп күдіктенсе – жауын молайтып, 

қолдаушысынан айырылып қалады. Мықтылардың 

бірі мыңға татиды ғой. Қай қырынан қарасаң да, 

бұрынғы билердің тарихтағы орны бөлек. Олардың 

кесім-шешімдерінде ешқандай құпия ымыраласу, 

алдын ала ауыз жаласып, келісіп алу болмаған. Та-

рих қатпарына бойлар болсақ, бұрынғы өткен ең 

үлкен билер кеңесі Тәуке ханның ордасында өтіпті. 

Сол кеңеске Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, 

Әйтеке би, қырғыздан Қоқым би, қарақалпақтан 

Сасық би, Едіге билер келіп, ел мен жерді сырт 

жаудың сұғанақтығынан қорғау, халықтың бірлігі 

мен татулығын сақтау, адамгершілік, парасаттылық, 

ата-баба намысын таптатпау, хандардың ұстанып 

отырған жосыны мен елара қатынас хақында 

көкейлерінде жүрген ой-түйіндерінің бұлағын 

ағытып, халықтың болашағын көздеп, қабырғалары 

қайысқан екен. Олардың халық алдындағы беделі 

жоғары болыпты. Айтқан сөздері атылған жебе 

сияқты көздеген жерге жетіпті. Әне сондай, қара 

қылды қақ жарып, әділ кесім айтып кеткен аталар 

ақылиясын таразының бір басына қойып сынап 

көрсек қайтер еді. 

Сұрақ бейне өзіне қойылғандай-ақ, Бәйтекең 

селт ете түсті. Кірпіктерін қағып-қағып жіберіп, 

күжірейген мойнын Бекарысқа бұрды. 

– 

«Жол атасы – із», – дегендей, біздің қазіргі 



су жаңа деп жүргендеріміздің көбі көміліп қалған 

алтын тон сияқты екен-ау. Сілкіп-сілкіп киіп алсаң, 

ине-жіптен енді шыққандай жарқырап шыға келеді. 

Бүгінгі таңда таңсық болып, таңдай жібітіп жүрген 

философия дегеніміздің арқауын да бұрынғылар тар-

тып кеткен сияқты. 

Осы сәтте терезе ашық тұрған: төр үйден сағат 

қоңырауы естілді. 

Жастар жағы жұмысқа аттанғалы ыңғай байқатып 

еді, – Бәйтекең де орнынан қозғалып: 

– 

Бекежанның әңгімесі, Жамалдың тамағы 



тәтті екен. Келесі әңгімені біздің үйде тыңдармыз.... 

Ойбай-ау, ұмытып барады екем-ау, сонымен, 

Қиқымды қайда ауыстырып жібердіңдер? – деді 

сасқалақтаған бейнеде. 

Бекарыс күлді. Немкетті ғана: 

– 

Ауысқанын шын естімеген болдың-ау. 



– 

Иә. 


– 

«Ол осы жолғы сайлаудан қалғаннан кейін, есі 

ауысты», – деген. Қалғанын кейін естірсің. 

– 

О, Тәңірім, мансап деген – буынқұрт. Қызық-



ау, кейбір жібі бостар ойламаған жерден мансапты 

алып жүре алмай есі ауысса, біреулер мәнсаптан ай-

ырылып, есі ауысады екен, ә! – дегенде, Бәйтеректің 

көз алдына бірнеше күн алдындағы Қиқымның ерсі 

қылығы елестеп кетті...

Бәйтекең қақпадан шығып бара жатқан жастарға 

қарап тұрып: 

– 

О, Құдірет, «Көтере алмаған шоқпар басқа да, 



басқаға да тиеді» деген осы-ау! – деді де бәйбішесіне 

ілесіп қақпадан шықты. 

Екі жас иықтасып мекемелеріне таяды. Ердос: 

– 

Бек атам тарихтың алтын сандығы екен ғой, – 



деп еді. 

– 

«Алтынның қолда барда қадірі жоқ» дегенді 



көп айтамыз. Менің әкем алтын сандық болса, сенің 

әкең алтын кілт екен. Біз осы қалайша кілтті ұстай 

жүрміз! – деді Ерзат. 

Екеуі бір мектептен шығып, тағы бір мектеп-

ке кіргендей. Уылы мен шуылы көп кеңселерінің 

табалдырығынан аттады. 



ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАСЫ

Авторлардың стилі, орфография хақы сақталады,

мақалалар редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» 

баспасының компьютер орталығында теріліп, беттелді.

КОРРЕКТОРЫ

Орынай ЖҰБАЕВА

КӨРКЕМДЕУШІ-ТЕХНИКАЛЫҚ РЕДАКТОР

Гүлжан ҚҰРМАНОВА

РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:

Қазақстан Республикасы, 050002, Алматы қаласы, 

Ш.Уәлиханов көшесі, 43А. Тел./факс: (327) 273 99 97, 273 90 25

E-mail: Tugan_til79@mail.ru

Альманахтың мұқабасында – суретші 

Зейнелхан Мұхамеджанұлының «Ошақ» шығармасы

Теруге жіберілген күні 16.03.2016 ж. 

Басуға қол қойылған күні 23.05.2016 ж. Шартты баспа табағы 12,5.

Пішімі 60х90

1/8.


 

 Тапсырыс №  .   Таралымы 1000 дана. 



РЕДАКЦИЯ ЕСКЕРТПЕСІ:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет