Редакциялық коллегиясы



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата16.02.2017
өлшемі6,69 Mb.
#4233
1   2   3   4   5   6   7

меңгере  бастайды  да,  соңынан  Қашқарда  ол  тілді  жетік  деңгейге  біліп  алады.  Әрине, 

Қашқарға сапары алдында Шоқан Уәлиханов ол елдегі саяси жағдаймен егжей-тегжейлі 

танысты. Бірақ барлық шындық пен ақиқатты ахуалы тұрақсыз болып тұрған өлкеге та-

бан тіреген соң барып бір-ақ білді. 

Бір айта кетерлігі, құпия экспедицияны дайындаумен генерал Г.Х.Гасфорт және са-



12

яхатшы П.П.Семёнов Тянь-Шаньский ғана емес, Сібір қазақтарын басқаратын К.К.Чу-

ковский  және  Алатау  қазақтарына  басшылық  ететін  подполковник  М.Д.Перемышль-

ский шұғылданды. Экспедицияны әзірлеу барысында жақын көмекшілері касим татары 

Файзулла  Ноғаев  және  қоқандық  азамат,  ұзақ  жылдар  бойы  Құлжада  тұрған  Мұхам-

мед-Жақып-Жанқұлов  (Якуп  Янкулов)  атсалысты.  Олар  екеуі  де  осы  өлкедегі  ахуал-

дан хабардар болатын. Ал Жанқұлов ұйғыр қалалары - Қашқар мен Ақсуға талай мәрте 

барған. Бәлкім олар ресейлік барлау қызметімен бірге жұмыс істеген болар. Ф.Ноғаев 

пен Ж.Жанқұлов экспедиция жоспарын әзірлеуге көмектесіп, Шоқанды Қырғыз тауын-

да күтіп алу туралы уағдаласты. Әрине, қазақ ғалымы үшін ең бастысы Қашқар жеріне 

барып ол туралы барша әлемге жария ету болатын. Белгілі тарихшы ғалым, академик 

Ә.Марғұлан былай деп жазды: «...Ғылымға әсте белгісіз көне мәдениеті бар Қашқар елін 

зерттеу  - үлкен қызығуышылық туғызды. Ізденімпаз, еңбекқор ғалым Шоқан Уәлиханов 

үшін бұл қызықтырарлықтай еді». 

Жас ғалымға өзінің ақыл-кеңесімен, оқымыстылығымен танымал ірі ғалым-зерттеуші, 

Орта Азияның терең білгірі П.П.Семёнов-Тянь-Шаньский көмектесті. Шоқан екеуін ара-

да шынайы достық қарым-қатынас байланыстырды. Ресей билігі Қашқарға сауда керуені 

сияқтанған экспедиция бағдарын мұқият әзірледі. Қоқан билеушісі Құдияр ханның қара-

мығындағы жер арқылы өту қауіпті болғандықтан саяхатшылар көне шаһарға Ыстықкөл 

бойымен қырғыз жері арқылы өтті. 

Ш.Уәлиханов  Қашқарға  Қоқан  боданында  және  Маргелан  саудагерінің  ұлы  көпесі 

Әлімбай Абдиллабаев есімін жабылып аттанды. Ғалым сауда керуеніне 1858 жылдың 28 

маусымында Қарамола шатқалында Қапалдағы отыз шақырым жердегі Қарамола түбе-

гінде қосылды. 

Ш.Уәлихановтың  миссиясына  Ресей  аса  зор  мән  берді.  Сауда  керуенінің  Қараталға 

келетін күні саяхатшымен кездесіп, қоштаса әңгімелесуге генерал Гасфорт арнайы келді. 

Екі  тұлға  не  жөнінде  сөйлесті?  Бұл  туралы  Ш.Уәлиханов  ешбір  еңбегінде  жазба  қал-

дырмаған да, айтпаған. Генерал да осы кездесулері туралы тіс жармаған. Бәлкім, офи-



13

цер жұмбақ пен құпияға толы және қауіпті аймаққа аттанар алдында соңғы нұсқауларды 

алған болар. Шоқанға ойлап табылған аңыз бойынша көпес Әлімбай Абдиллабаев (яғни 

Ш.Уәлиханов) Ташкенттің керуен басы Мұсабай Тоқтабаевтың (өзге дереккөздер бой-

ынша Тахтубаев – Автор.) туысқаны болып табылады. Поручик үстіне шапанын киіп, 

шашын  тақырлап  алдырып  және  дініне  берік  мұсылман  сияқты  бес  уақыт  намаз  оқи 

бастады. Сырттай ол сауда керуенінің өзге көпестерінен ешқандай ерекшеленбеді. 

Керуенде 43 адам (өзге мәліметтер бойынша 42 адам, 101 түйе, 65 жылқы, 6 киіз үй, 

18300 сомдық тауар болды. Бір күннің ішінде эспедиция 25 шақырым жер жүріп отырды. 

Тамыз айында экспедиция қырғыздың Бугу руының жеріне жетті. Бір ай бойы көпестер 

Көкжар, Қарқара және Текесте өмір сүрді. Мұнда қырғыздар Бурумбай манаптың жыл-

дығын беріп жатты. Шоқан Уәлиханов: «Жабайытасты қырғыздардың арасында сауда 

керуені келгеннен соң, біздің Қашқарға бара жатқанымыз, сондай-ақ арамызда орыс офи-

цері бар деген қауесет тарап кетті» деп жазды. Әрі қарай қазақ ғалымы: «Жабайытасты 

ордада біз бір айға жуық тұрдық. Солармен бірге көшіп-қонып, сауда-саттығымызды жа-

садық. 3026 қойды, 6 жылқыны, 11 түрлі, 44 жылбысын терісін айырбастадық». 

Белгілі еске алу асына манаптың қырғыз туысқандары ғана емес, сондай-ақ Қашқар-

дан ұйғыр көпестері де келді. Ш.Уәлиханов және Мұсабай олармен жақын танысып көне 

шаһараға бірге барып қайту жөнінде келісті. Қазақ саяхатшысы күнделігінде: «Қоқан-

дықтар керуен отарына шабуылдап, 300 қойды тартып алды. Қашқарлықтар қолдары-

на шатырларының үшкір қадаларын алып төбелеске қойып кетті және тез арада қоқан-

дықтардың ол жерді тастай қашуына алып келді». 

26  қыркүйек  күні  Қашқардың  135  шақырым  жерде  Ш.Уәлиханов  өзінің  күнделігін 

мақтадан жасалған биязы матаға орап, жерге көмді. Күнделігіндегі соңғы жазғандары 

мынау  болды:  «Асығыспын,  күнделік  жерге  көмілгелі  тұр,  егер  Құдай  бізді  аман-сау 

оралтатын болса, ылғал бүлдіріп тастамаса, жарық дүниеге қайта көрсететін боламыз. 

Сені бір Аллаға тапсырдым. Кездескенше».

13


14

Ўашўарда


Саяхатшылар  Алтышаһарға  қарай  жүріп  кетті.  Экспедиция  Қашқардың  маңындағы 

Үстүн-Артуш ауылдарына таман жақындап келе жатты. Шоқан Уәлиханов өзінің күн-

делігінде: «Үстүн-Артын – Артуш және Тойын өзендерінің арасында орын тепкен бір-

неше ауылдардың жиынтық атауы. Үстүн-Артушты құрайтын ауылдарда бау-бақшалар-

мен қоршалған 30-дан 50-ге дейін балшықпен сыланған үйлер бар. Жасыл тоғайларға 

оранған бұл ауылдар шөп өспейтін шөл далада ерекше әсер қалдырады». 

1 қазан күні Шоқан Шығыстағы ең бір әйгілі қаланың бірі Қашқарды көрді. Жұм-

баққа толы әрі қауіпті шаһардың жеріне ол тебіреніспен қадам жасады. Бұл қаланы көру-

ді көптеген еуропалықтар арман етті. Көптеген ғасырлардың ұзына бойында мұнда кәрі 

құрлықтың ғалымдары, саяхатшылары келуге талпынды. ХІІІ ғасырдың 70-ші жылда-

рында бұл жерге алғашқылардың бірі болып генуялық Марко Поло келіп кетті. Ол ескі 

шаһар туралы тамсана: «Бұл жердің халқы – мұсылмандар. Мұнда қалалар, қалашықтар 

көп. Қашқар – ең үлкен және ең белгілі қала. Ел солтүстік-шығыспен шығысқа қарай 

созылып жатыр, халқы сауда саттықпен, қолөнермен айна-

лысады, оларда керемет бақшалар, жүзім бау-

лары және даңқты жерлер бар. Қыруар мақта 

өседі. Көп көпестер бұл жерден бүкіл әлемге 

сауда  жасауға  аттанады.  Мұнда  несториан-

дар  өмір  сүреді,  олардың  өз  шіркеулері  мен 

заңдары  бар.  Халқы  ерекше  тілді  сөйлейді. 

Бұл аймақ бес күндік жолға созылып жатыр» 

деп тамсана жазды.  

Әрине,  қазақ  ғалымы  ұлы  италияндық 

саяхатшы Марко Полоның «Әлемнің әртүр-

лілігі туралы» деген кітабымен таныс болды 

және  Алтышаһарға  жүрердің  алдында  бір-

неше мәрте оқыды. Ал енді 1858 жылдағы 

Қашқарға оралайық. 

Қашқар  жұртшылығы  алдамшы  көпес 

Әлімбайдың «аңызына» сеніп қалды. Мұн-

да  тұрған  «туыстары»  зерттеушіні  құшақ 

жая  қарсы  алды.  Уақытын  жақсы  өткізуі 

үшін  барлық  жағдайды  жасады.  Шоқан 

өзінің  «туыстарында»  және  олардың  до-

старының үйінде қонақты жиі болды. 

Көпестер алғашқы күндері-ақ өздерінің 

тауарларын  пайдаға  асыра  сатты,  өздері 

Устэн-буи  және  Джан-куге  көшелерін-



15

де тұрып жатты. Қазақ зерттеушісі: «Керуеніміздің сауда-саттық шаралары бұл қалада 

қанағаттарлық сипатқа ие болды. Керуен басының маған айтқан есеп-шоты бойынша, 

керуен жабдықталған кезде 19 мың сомды (күмісімен) құрайтын тауар болғаны көрініп 

тұрды. Үлкен Қырғыз және жабайы тасты ордада 3026 қойға (бұған екі жасар қойлар-

ды қосқанда) бағаланған тауарлар сатылды. Бұл қойлар және қалған тауарлар Қашқарда 

4.068,5  қоқан  алтынына  сатылды.  Біздің  тауарларымыздың  тез  арада  және  алтын  мен 

күміске сатылуын өте тамаша оқиғаға балауымыз керек» деп жазды.  

Ол жылдар қоқандықтар Қашқарда ерекше мәртебе ие болған еді. Қоқан хандығын-

да бақылауда, нақтырақ айтқанда – үй қамағында елдің бұрынғы билеушілері, Қашқар 

қожалары отырған болатын. Кейде қоқан билігі оларды өз мақсаттарында пайдаланбақ 

болды. Цин билігінде Қоқан арасында келісім болды. Ортаазиялық хандық өз қарауын-

да Қашқардың ерекше ықпалды және танымал қожаларын ұстап отырғаны үшін Қоқан 

Алтышаһардың сыртқы сауда-саттығын өз бақылауына алды. Ал Қашқарда сауда істерін 

жүргізіп,  алым-салық  жинаумен  айналысатын  консул,  Қоқан  өкілі  болды.  Шоқанның 

Алтышаһарда болған кезінде Қоқан өкілі (Қашқарда оларды ақсақалдар деп атады) На-

15


16

среддин, содан кейін Нұрмағамбет датқа болды. Саяхатшымен олардың арасында ізгі қа-

рым-қатынас орнап, олар Шоқанды өз қорғауына алды. Бұл Шоқанның оның алдында 

тұрған өз мақсаттарын жүзеге асыруға көп пайдасын тигізді. 

Бұл көне шаһарға Ш.Уәлиханов үйренісіп қалды және мұнда үйленіп те үлгерді. Ол 

былай деп жазды: «Қашқарға және жалпы алты қалада бір салт бар. Ол салт бойынша, 

мұнда келген барлық шетелдіктер осында болған уақыттарында үйленулері тиіс екен. 

Жалпы тәртіптің шеңберінен шықпас үшін және таныстардың талап етуімен біз осы сал-

тқа бағынуға тиіс болдық». Бәлкім, бұл әйел 23 жасар жиһангердің өмірінде маңызды рөл 

атқарған да шығар, өйткені ол онымен бес айға жуық бірге өмір сүрді ғой. Шоқан ол ту-

ралы ешқашан жазған жоқ, бірақ көне Қашқарды сағынып жүрді. Мүмкін, бұл сағыныш 

ғажайып қалаға ғана қатысты болмаған шығар, сонымен бірге қашқар сұлуына да бай-

ланысты болды ма екен (Үрімшіде біз жергілікті қазақ ғалымынан өте қызықты әңгіме 

естідік. Ол бізге он жыл бұрын Қазақстан Республикасының Үрімшідегі консулдығына 

бір ер адамның Қашқардан ертіп келген әдемі ұйғыр қызын көргенін айтты. Қашқарлық 

азамат, ол қыздың қазақ ғалымының шөбересі екенін айтты. Бұған сену қиын және дәлел-

деу одан да қиын. Ал бірақ ол сұлу қыз шынымен де Шоқанның шөбересі шығар?)

Алайда бұл ғалымның Қашқардағы ішкі бейнесі болатын. Ең бастысы ол ұйғырдың 

ежелгі астанасымен танысуды бастады. Әрине, біріншіден, бұл тамаша қаланың сәулетті 

және тарихи ескерткіштерімен танысты. Бұл ескерткіштер оның Ресейде көрген ескерт-

кіштеріне  мүлде  ұқсамайтын  болып  шықты.  Шоқан  мұқият  зерделеуі  тиіс  байырғы 

шығыс қаласына, ерекше әлемге түсіп кетеді. Саяхатшы  Қашқар билеушілері жерлен-

ген атақты Әппақ-қожа кесенесіне кіреді. Зерттеуші бұл туралы «Әппақ қожа кесенесі 

Қашқар аймағындағы ең жақсы ғимарат, қаладан солтүстік шығысқа қарай алты шақы-

16


17

рым  жерде  Түмен  өзенінің  оң 

жағалауында  орналасқан»  деп 

жазды.  Қашқарға  жасаған  сапа-

рымызда  біз  бұл  кесенеде  бір-

неше рет болдық. Егер де бұрын 

мазар  ескі  Қашқар  қабырғала-

рының  арғы  жағында  болса,  ал 

қазір қаланың құрамына кіреді. 

Кесене бұл Әппақ-қожа маза-

рынан, Джама мешіті мен әйгілі 

медреседен тұратын біртұтас ке-

шен.  Кешеннің  барлық  көрінісі 

қашқарлық  шеберлердің  қо-

лымен  салынған  ұйғыр  сәулет 

өнерінің ғажайып үлгісі.   

Әппақ-қожа мазары – әсемді-

гімен және таңғажайыптығымен 

тамсандыратын  монументалды 

ғимарат. 

Мазардың ортасында – үлкен 

күмбез,  бұрыштарында  жасыл 

және  көк  түстерден  тұратын 

әдемі  оюлармен  өрнектелген 

төрт  мұнара  бар.  Мұнараның 

үстінде жарты ай бейнесі алтын 

тәрізді  жарқырайды.  Мазардың  ішінде  біз  аққа  көк  оюлар  өрнектелген  керамикалық 

плиткалармен  қаптала  биіктетілген  алаңшаны  көрдік.  Бұл  алаңшада  жетпіс  екі  адам 

арулап  көмілген.  Бұл  -  Әппақ-қожаның  өзі,  оның  жақын  туыстары,  арасында  ұйғыр 

халқының батыры Ипархан, Қашқар билеушілерінің бес ұрпағы жерленген. Ипарханның 

моласы алқызыл жібекпен көмкерілген.  

Мазардың қасында көне медресе бар, онда көптеген белгілі ақындар, ғалымдар, дін-

дарлар оқыған. Кесененің аумағында аса үлкен емес жасанды көл бар, оның мөлдір суын 

Джама мешітіне келушілер қолданған. Әлбетте, Алтышаһарда болған кезінде қазақ ға-

лымы мұнда талай мәрте болған. Джама мешітінде бес уақыт намазын оқып, аңызға ай-

налған тұп-тұнық көлден су ішкен. 

Саяхатшы-ғалым былай дейді: «Ескі қала жоғары жарда орналасқан, ал жаңасы төмен-

деу орынды алып жатыр. Қаланың орталығын Айтқа сауда алаңы иеленген (Күмбезді 

мешіттің алаңы). Ескі қала Шарсу және Амбаршы болып екіге, ал жаңа қала: Ұрдаалды, 

Үстенби, Домалақ шаһар мен Әнжан құша болып төртке бөлінген». 

Уәлиханов тамашалаған Қайтақ мешіті (Шоқанда – Айтга – Авторлар.) - бұл ұйғыр-

лардың ұлттық тұрғыда аса құрметтейтін жері, оны он бесінші ғасырда қашқарлық та-

лантты шеберлер салған.  

Іле аймағындағы Тамғалы – Тас бейнесі


18

Әдемі мұнаралар өзінің сән-салтанатымен таңқалдырып, қақпалар көнелігімен қай-

ран қалдырады.  Арабтың өрме жазуымен жазылған ұйғыр жазуы ап-айқын көрініп тұр. 

Қашқарлықтардың  ондаған  ұрпақтары  мен  ежелгі  ұйғыр  астанасының  қонақтары  бұл 

қақпаға кіріп мұндағы көне қамалды көрді. Олардың арасында, әрине, қазақ ғалымы да 

болды. 


Шоқан  Уәлиханов  кезінде  бұл  қандай  қала  болды?  Ескі  Қашқар  -  екімыңжылдық 

тарихы бар шаһар. Өкініштісі, оның өткен уақыттардан бері көп бөлігі қирағандықтан 

сақталмай қалған. Қаланың тек біраз ғана бөлігі сақталған. Шоқан саяхат жасаған кезде 

қала өзінің қайталанбас тамаша келбеті мен ажарын әлі жоғалтпаған еді. Ол кезде бұл 

қалада қолөнер шеберлері тұратын тар және қисық көшелерді, бір және кейде екі-үш 

қабатты үйлерді көруге болушы еді. Ескі Қашқардың өмірі қайнап, қолөнершілер жұ-

мысы, саудагерлердің саудасы қызып жататын. Ғалым сан қилы зергерлік бұйымдарды, 

ағаш пен сүйектен, асқабақтан жасалған көрікті де көркем заттардың қалай жасалып, 

сатылып жататын түрлі шеберханаларын аралайды. Әрине, зерттеуші 

көзешілерге де кірді. Олар ыдыс-аяқ жасап жатқан кезде жұмыстары-

на ұзақ уақыт қараумен болды. 

Шоқан Қашқарға келіп тұрып қазір қала құрамына қосылып 

кеткен  Артуш  елдімекенінде  болмауы  мүмкін  емес  еді.  Сая-

хатшы: «Астыңғы Артуш (Төменгі Артуш), басқаша айтқан-

да  Алтын-Артуш  Қашқардан  солтүстік-шығысқа  қарай  60 

шақырым қашықтықта орналасқан, Сутук Боғрахан қазы 

зиратында салынған моласы және мешітімен тартымды» 

деп атап өтеді. 

Сұлтан  Сатук  Боғраханның  кесенесі  (Уәлихано-

вта – Сутук Бограхан қазы. – Авторлар) –  Қашқар-

дағы 956 жылы салынған ең мағыналы құрылыс 

нысанының бірі. Сатук Бограхан Қарахан мем-

лекетінің  қағаны  болған,  920  жылы  ислам 

дінін қабылдаған. Ислам бірте-бірте елдегі 

үстем дінге айналды, ал 960 жылы ол Қа-

рахан  қағанатындағы  мемлекеттік  дін 

болып  бекітілді.  Мазардың  жанында 

таңқалдырарлық  мешіт  орналасқан, 

ол  сөзсіз  Қашқардағы  ең  әдемі 

18


19

культті орындардың бірі болып табылады.  

Белгілісі: Шоқан өткен шақтарда әкімшілік орталық қызметін атқарып тұрған Жанғы-

сарда да болды. Бұл қалада ғалым көне Дарбаз Алды мешітіне барды. Бірегей мешіт осы 

күнге  дейін  сақталып  жеткен.  Біз  оны  көріп,  мәдени-жәдігерлік  құрылыс  нысанының 

әдемілігіне сүйсінген едік.  

   Қазақ ғалымының табаны тигеннен кейінгі 156 жылдан соң біз де бұл ауылды көрдік. 

Ол бізді өзінің тазалығымен және көркімен тамсандырды. Орталық көшелердің бірінде 

жолдың екі жағын ала жүзім бағы жайқалып тұрды, оның өскіндері жартылай шатырға 

айналып,  жазды  күнгі  аптап  ыстықтан  қорғап  тұрады  екен.  Бұл  жүзім  бағы  бірнеше 

шақырымға созылып жатты. 

Мұнда бау-бақшалар өте көп, жаңғақтардың, жер жаңғақтардың, алма мен алмұрттар-

дың әртүрлі сұрыптарын кездестіруге болады. Біз өсіп тұрған аса үлкен өріктің қасынан 

жай ғана өте алмадық: оның жемісінен дәм таттық, ол өте тәтті болып шықты. Дәнегін 

лақтырмай, отанымызға, Қазақстанға барған кезімізде егіп, Шоқан Уәлиханов музейін 

сақтаушыларға да қазақ халқының әйгілі ұлы жерленген зираттың маңына егу үшін бе-

реміз деп шештік. 

Шоқан  соның  бейнесінде  Қашқарда  өмір  сүрген  Әлімбай  көпес  өз  уақытының  көп 

бөлігін базарда өткізуі тиіс болатын. Қашқар базары – бұл адамдардың тек сауда-саттық 

жасаумен ғана айналысып қоймай, сонымен қатар әңгімелесіп, жаңалықтар сұрасысып, 



20

халық арасындағы өсек-аяңдарды талқылайтын, таңғы астарын ішіп, түстеніп жататын 

ерекше  әлем.  Базарда  қолөнер  шебелері  жұмыс  істеді,  олармен  қазақ  ғалымы  әңгіме-

лесуді  жақсы  көрді.  Шоқанға  мешіт  пен  медреседе  болған  ұнайтын,  онда  ол  дін  қыз-

меткерлерімен сағаттап сөйлесетін. Дәл осы жерде «Тазкирян Султан Сутук Бугра-хан» 

(История Сатука Бограхана), «Тазкирян Туглук – Тимурхан» (История Туглук Тимура), 

«Тазкирян Ходжагян» (История ходжей), «Абу Муслим Маурузидің» сирек қолжазбала-

рын алады. 

Зерттеуші ескі тиындарды, тау тастарын, көне грамоталарды, қолданбалы және де-

коративті өнер туындыларын, көркемдік керамикалық жұмыстардың үлгілерінің жиын-

тығын жинап алды. Оның ғылыми еңбектерін, күнделіктерін оқып отырған кезіңде қазақ 

ғалымы қызығушылық танытқан мәселелердің ауқымдылығына таң-тамаша боласың. Ол 

еңбектерден біз Қашқардың тарихы, географиясы, экономикасы, этнографиясы мен сая-

си өмірі туралы көп мағлұмат пен деректер білеміз. 

Алтышаһарда болған уақыт аралығында Шоқан Уәлиханов жергілікті тұрғындарды 

жақсы  көріп  үлгереді.  Ол  былай  деп  жазады:  «Қашқарлықтар  мейірбан,  тіл  табысуға 

жеңіл, жайдарлы, еңбекқор және өте сыпайы мінезді. Барлық таптар тақуалы түрде сы-

пайлық әдебін сақтайды. Барлығы да сыпайыгершіліктің жөн-жосығын біліп, сақтауға 

міндетті». 

20


21

Саяхатшыға қашқарлықтардың музыкаға өте бейім екені ұнады. «Музыкаға қатысты 

айтар  болсам,  ол  барлық  ортазиялықтарда  мәртебеге  ие.  Барлық  мереке-мейрамдарда 

көңілді және лирикалық әуендерді тыңдауға болатын. Қашқарда әйел адамдар жүздерін 

ашық ұстайды, ерлерімен бірге қонақтарын қуанышты күйде қарсы алады» деп жазды. 

Ұйғыр әйелдерінің көбісі ұйғыр тарихында үлкен рөл атқарды. 

Қазақ ғалымы алғашқылардың бірі болып ұйғырлардың этнографиялық тобын атап 

өтті. Ш.Уәлиханов: «Мен өзімнің Қашқарда болған кезімде Қашқар халқы сөйлейтін ұй-

ғыр тілін үйреніп алуға тырыстым» деп атап өткен.  

Шоқанның  пайымдауынша,  елдің  сол  кездегі  ең  дұрыс  атауы  –  Шығыс  Түркістан 

болды. Өлкені бағындырудағы аяусыз әдістер туралы және көптеген баскөтерулерді жа-

ныштау жөнінде әңгімелегенде қазақ зерттеушісінің қызығушылығы ұйғырлар жағында 

болғанын сенімде түрде айта аламыз. Ғалым: «Әрбір толқудан кейін (цин отарлаушыла-

ры – Авт.), олар шабынып кетеді, тонайды, әйелдерді зорлайды, мешіттерді талқандап 

дәруіштер мен кедей адамдарды басқа адамдарға үрей туғызу үшін өлім жазасына кеседі» 

деп жаза отырып әрі қарай: «Қытайлықтар аттарынан түспегендердің бәрін ұрып-соғады, 

тартып алады, ләпкелердегі тауарларды тегін алып, мейрамханаларда пұлсыз тамақтана-

ды» дейді. 

Оның еңбектерінде көптеген қызғылықты деректер баршылық. Атап айтқанда,  1765 

жылы Үштұрпан қаласында болған толқуды басып-жаншуда оның барлық тұрғындары 

қырғынға ұшырады. Қазақ зерттеушісі бұл жөнінде: «Түркістандықтар қытайлықтарды 

жек көреді, бірақ бұл олардың өркениетінен алмасуға кедергі келтірмейді. Қорытынды 

сөзімізде  біз  қашқарлықтарды  өзге  мұсылмандардан  бөлектейтін  ең  бір  тамаша  ерек-

шелігін айтпақпыз, - бұл патриотизм, сондай-ақ черногориялықтар мен көктөбеліктердің 

саяси партиялары» деп жазды. 

Талантты  суретші  Шоқан  Уәлиханов  көптеген  суреттер  салды,  ол  суреттерден  біз 

Алтышаһардың ерлері мен әйелдерін, балаларын, осы өлкенің елдімекендерін көреміз. 

Бұл туындылар – бағасыз, өйткені онда ХІХ ғасырдағы ұйғырлардың және олардың тұр-

мыс-тіршіліктері бейнеленген. Өзінің суреттерін қауырсын және қылқаламмен, кейде қа-

рандашпен салатын. Қызықты суреттері: «Қашқар», «Ұйғыр мен ұйғыр әйелінің басы», 

«Әйелдердің бас киімдері мен шаш үлгілері», «Ерлер бет-бейнелерінің түрлері», «Қала 

қақпалары» деп аталды. 

Қазақ  ғалымының  Қашқардағы  өмірі  қауіпті  бола  бастады.  Біріншіден,  Уәлихан 

төренің  көне  шаһарға  оралуы  мүмкін  деген  әңгімелер  үдей  түсті.  Бірақ  ең  бастысы  – 

Қашқарда «ресей тыңшысы жүр» деген сөз ашық айтыла бастады. Тексерулер жүргізу 

қолға алынды. Шоқан бұл туралы былай деп ой толғайды: «Қашқардағы уақытымды соз-

дыруға мүмкіндік болмады: керуенмен бірге орыс агентінің келгені туралы қауесет қала 

жұртшылығын қатты мазасыздандырып, келушілер мұқият бақылауға алынды».



22

22

Оралу



1859 жылдың 11 наурызында Шығыс Түркістанда бес ай шамасында болып, қазақ ға-

лымы Қашқармен қош айтысты. Экспедиция өзінің келген жолымен емес, Тойын өзенінің 

бойымен қайтты. 

Шоқанға 26 қыркүйекте барар жолда Теректі шыңына көміп кеткен өзінің жеке құн-

ды жазбалары мен көрген-білгендерінің, көңілге түйгендерінің, көрген әсерлерінің мән-

жайы әңгімеленген күнделігін қазып алу үшін керуенді уақытша білдірмей тастап кетуге 

тура келді. Саяхатшылар Тойын өзенінің аңғарымен үш күн бойы көтерілді. Шатқалда 

ауа райы өте суық болды және үнемі ызғарлы жел соғып тұрды. Дәл осы жерде, бәлкім, 

Шоқан өкпесіне салқын тигізіп алып, қатты ауырып қалған болар. 

18 наурыз күні экспедиция Шатыркөлдің алабына жетті, суы қатқан көлдің мұзды жо-

лымен жүріп өтіп Тас-Рабат жаққа қарай жол тартты. 

Біз де, Қазақстан ұлттық географиялық қоғамының заманауи экспедициясы 2014 жыл-

дың тамыз айында Қашқардан қайтып келе жатқанымызда Тас-Рабатқа соқтық. ХV ғасы-

рда, басқа деректер бойынша Х-ХІІ ғ. салынған Тас-Рабат бізді өзінің қатаң әдемілігімен 

таңқалдырды. Ол Қара-Қойын өзеніне барып құятын кішкентай ирелең өзеннің жағасын-

да теңіз деңгейінен 3500 биіктікте орналасқан. Бұл ғимараттың ұзындығы 35,7 метр, ені 

– 33,7 метр. Тас-Рабат өрісті күмбезбен жабылған. Орталық қасбет тасты ауланың шығыс 

жақ бөлігінде орын тепкен. 



23

Бұл мығым арқасы және бетше босағасы бар биік тасты дуалды жан-жағынан мұнара-

лар қоршап тұр. Тас-Рабат таудың астында соғылған. Тасты сарай таулардың жалғасын-

дай болып оның бөлінбес бөлшегіне айналғандай әсер қалдырады. Ғимараттың ішінде 

қақпадан  үлкен  залға  қарай  кең  дәліз,  айналасында  шағын  бөлмелер  бар.  Үй-жайдың 

едендері дәліздің едендеріне қарағанда төмендеу. Жалпы, барлық бөлмелерде әйнек жоқ 

десек те болады, сондықтан да сарайдың іші алакөлеңке, бұлыңғырланып тұрады. Тек 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет