Біз құстарды байқамадық – олар бәрібірде де мекендейтін сияқты, бірақ олар көрін-
бейді және дауыстары естілмейді. Көлдің жағалаулары батпақты, жақындап бару мүмкін
емес еді.
Кейірінек Шатыркөлге құятын шағын өзендерден балықты кездестіруге болатын бол-
са да, көлде балықтың болмайтындығын білгенде, таң қалдық. Бұл су айдынының қы-
рғызша атының аудармасы «Аспандағы көлді» білдіреді – теңіз деңгейінен 3530 метр
биіктікте жатыр. Шатыркөл – Тянь-Шаньдағы тұйық көл, Торығарт- Тау және Атбаш
қыраттарының арасында, тектоникалық жік орнында, Шатыркөл ойысының неғұрлым
80
80
81
төменгі бөлігінде орналасқан. Көлдің ауданы 153,5 шаршы километр.
Қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов өз күнделігінде: «1859 жылы 18-наурыз күні
(18 наурызескі стиль бойынша жаңа стиль бойынша – 21 наурыз – Авторлар) біз барлық
жағынан таулармен қоршалған және қалың қар жабынына оранған Шадыркөл (Шаты-
ркөл) бау көлінің айтарлықтай кең аңғарына келіп шықтық... Шадыркөл көлінің ені 10
шақырым және ұзындығы 20 шақырым, оның биікте орналасуы, абсолюттік биіктігі 7000
футтан кем емес болуы тиіс» деп жазды. Уәлихановтің арнаулы өлшеу құрал-жабдықта-
ры және өлшеулер үшін жеткілікті уақытының жоқтығына қарамастан, Шатыркөл ауда-
нын көз мөлшерімен дәл анықтағаны таңғалдырады!
Таш – Рабат – бұл Орталық Тянь-Шяньнің адам аяғы баспайтын тауларындағы өзінің
әдемілігі жағынан бірегей тас сарай. Ол қашан, неліктен, қандай мақсаттар үшін са-
лынған? Бұл сұрақтарға осы уақытқа дейін жауаптар берілген жоқ. Жылдық орташа тем-
пературасы – минустік. Қыста аяз 50 градусқа дейін жетеді, жаздың өзінде де бұл жерде
болады. Таш – Рабат Жібек жолынан шамалы шеткерірек орналасқан. Сондықтан бұл
жерде болған көптеген ғалымдар ол өткен заманда монастырь рөлін атқарған деп есеп-
тейді: біреулері бұл жерде буддалық, енді біреулері – христиандық монастырь болған деп
ойлайды.
Алайда біз Таш – Рабат бастапқыда X–XI ғасырларда (кейбір ғалымдар XIV–XV ғасы-
рлар деп есептесе де) Қарахандар күшейген кезде стратегиялық маңызды тау жолындағы
82
әскери бекініс ретінде салынған деп есептейміз. Бұл жерде тұрған әскери құрам Қашғар-
дан, Жәркент пен Қошаннан Ферғана жазығы мен Жетісуға өтетін жолды бақылауында
ұстаған секілді. Кейінірек ол керуен сарайына айналған, бұл жерден әртүрлі елдердің
көпестері пана мен қорғаныш тапқан. Мұндай бекіністер, керуен сарайларының Қара-
хандар кезінде аз болмағандығы шүбәсіз, бірақ бізге дейін тек Таш – Рабат қана келіп
жетті.
Бізге дейін бұдан 155 жыл бұрын бұл жерлерде болған Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов
тас бекіністі көргенде былай деп жазған: «Шатқалдан шығатын жолға жақын жерде тау
содан өз атауын алған Таш-Рабат тас ғимараты бар. Шығыста үлкен жолдарда саяхатшы-
ларға баспана болуға арналып жасалған ғимараттарды рабат деп атайды. ...Ғимараттың
ұзындығы шамамен 12 сажын және ені 7 сазды сланец тақташаларынан салынған. Ұзын
дәліз сфера тәрізді күмбезі бар дөңгелек залға ( радиусы 5 аршын) әкеледі, дәліздің бүй-
ірлерінде кішкентай аласа есіктер жасалған, оларға қатты бүгілуден бөлек кіре алмай-
сын; бұл есіктер шағын шаршы және сопақшалау бөлмелерге әкеледі».
Ғалымның Таш-Рабатты сипаттаудағы дәлдігі таңғаларлық!
Біз бекіністі аралап шықтық, барлық бөлмелеріне кірдік, оларда түндік ( жарық түсетін
және оттың түндігі шығатын тесік ) бар, зынданды ( жерасты түрмесі ), құдықты көрдік.
Тас қамал – бұл шаршы ғимарат тәрізді. Бекініс – қақпалары шығысқа қаратылған.
Қазақ ғалымы сол кездегі ел аузындағы аңыз туралы әңгімелейді, ол бойынша Таш –
Рабатта қаншама бөлме бар екендігін дәл есептеу мүмкін емес – әр жолы әртүрлі цифр
шығады. Шоқаннан кейін біз де есептедік: бізде 31 бөлме болып шықты. Қамалда 20
күмбез бар.
82
83
Буырўанµан Нарынны¤ жаµалауында
Біздің экспедиция Нарын өзенінің жағалауларына келіп жетті. Бұл буырқанған, суы
мол өзен, одан адамның өтуі қиын. Біздер, экспедицияға негізгі қатысушылар тау өзені
Қарғалының жағасында ержеттік, оның тентек мінезі бізге жақсы таныс еді. Нарынның
мінезі біздің туған өзеннің мінезінен ондаған есе тентектеу екендігін жақсы түсінгеніміз
түсінікті еді. Сондықтан да біздің Нарынға деген қызығушылығымыз өсе түсті. Буы-
рқанған Нарын биік таулардан басталады, оны мұздықтар мен бұлақтар қоректендіреді.
Ол өзімен бірге тастар мен алып қойтастарды ала кетіп, тар шатқалмен құтырына ағады.
Өзеннің басталар жерінде Нарын мемлекеттік қорығы орналасқан, өлкенің бірегей та-
биғатын қорғайды.
Біздің данышпан қазақ зерттеушіміз бұл жерлердің табиғи әдемілігіне таңғалған.
Шоқан: «Өзеннің оң және сол жағалауын бойлай өтетін таулар шырша орманымен жа-
былған және жабайы аңдарға бай. Өзеннің жағалауы шырғанақ, тал, терек пен шілік
өскен ормандық жолақ (Авторлар) болып келеді» деп жазды.
Өзеннің ұзындығы 807 шақырым. Суы мол өзенді суландыру үшін пайдаланады, бұл
өзеннен атақты Үлкен Ферғана және Солтүстік Ферғана арналары бастау алады. Өзеннің
энергетикалық ресурсы орасан мол, онда Тоқтағұл, Таш – Көмір, Үшқорған су электр
стансаларының орналасуы кездейсоқ емес.
Бізді Нарын қаласы таңқалдырды. Біз облыс орталықтары – бұл әдетте айтарлықтай
үлкен қалалар екендігіне үйренгенбіз. Ал Нарынды қала деп атау қиындау сияқты, ол
қалашыққа көбірек ұқсайды. Қала өзі аттас бір өзеннің жағасында, Нарын тауының ете-
гінде 2000 метр биіктікте орналасқан. Ғалымдар қаланың негізі Қарахандар заманында,
83
84
84
Қашқарға баратын жолда қаланғандығын құптайды. Антикалық дүниеде ежелгі римдік-
тер: «Барлық жолдар Римге әкеледі» деп тұжырымдаған еді. Шын мәнінде, бұдан мың
жыл бұрын дерлік, Қарахандар қағанатының қуатты кезінде Орталық Азияда барлық
жолдар мемлекеттің астанасы – Қашғарға әкелетін еді.
Біз әйгілі Бурана мұнарасына жақындап келдік. Ол маңғаздана асқақтап тұр, оны алыс
қашықтықтан да көруге болады. Біз Бурананың – бұл жерде бір кездері болған мемле-
кеттің мұнарасы екендігін бірден түсіндік. Бұл ескі мұнара бізге Тұрпандағы Сүлей-
мен қажы (Имин вана) мемлекетінің
әсем мұнарасын еске салды. Әрине,
бұл жерде Қарахандар кезінде қала,
қала болғанда да үлкен қала болған.
Мұндай мұнараны экономикасы да-
мып қана қоймай, сондай-ақ әртүрлі
қолөнері, өнері гүлденген, тек үлкен
және бай қалада ғана салуға болатын
еді. Белгілі орыс тарихшысы В.В.
Бартольдтің бұл жерде Қарахандар-
дың жазғы резиденциясы орналасқан
Баласағұнның тұрғаны туралы бол-
жам айтуы кездейсоқ емес. Қазіргі
кезде көптеген мамандар Бурана қа-
лашығын жұмбақ жағдайда жоғалып
кеткен ежелгі Баласағұнға теңеп жүр.
Оның ізсіз-түзсіз жоғалып кетуі мүм-
кін емес екендігі өз-өзінен түсінікті,
және де археолог ғалымдардың ал-
дында таңқаларлық жаңалықтар тұр.
Қазіргі кезде ол қаланың орнында
ашық аспан астындағы археологи-
85
ялық-сәулеттік мұражай орналасқан. Бұл мұражайдың жүрегі мұнара болып табылады.
Ғалымдардың көпшілігі мұнара Шу жазығында бұл қала пайда болған XI ғасырдың екін-
ші жартысынан басталып тұр, қала XI-XII ғасырларда гүлденген, XIII-XIV ғасырларда
құлдырай бастап, XV ғасырда өмір сүруін тоқтатқан деп есептейді. Мұнараны неліктен
ғасырлар бойы «Бурана» деп атайды? «Бурана» – бұл «мұнара» (минорет) сөзінің бұрма-
ланған түрі секілді.
Өмірімізде бірінші рет біздің ата-бабаларымыз, ежелгі түркілір көптеген ғасырлар
бұрын бейттерге қойған тас мүсіндер – балбалдарды мұқият қарап шықтық. Олар шын
мәнінде Азияның шексіз кеңістіктерінде үстемдік еткен ержүрек ежелгі түркі жауынгер-
лерін еске салады.
....Автомобиль қырғыз астанасы, негізі Қоқан хандығының билеушісі Мадали хан-
ның бұйрығымен 1825 жылдың қаланған, Пішпек деп аталған, қазіргі Бішкекке қарай
жақындап келеді. Бүгінгі күні ол біздің мемлекетке көршілес ел – Қырғызстанның саяси,
мәдени және өнеркәсіптік орталығына айналды. VII-XII ғасырларда бұл жерде түркі қа-
лашығы болған, кейіннен ол өзінің өмір сүруін тоқтатқан. Бірнеше ғасыр бойы ол жерден
көптеген елдердің көпестері пана тапқан керуен сарайы тұрды.
Біз Бішкектен Алматыға ұшақпен ұшып шықтық. Біз де Шоқан Уәлиханов сияқты, өз
экспедициямызды осы қалада аяқтадық: Шоқан өз экспедициясын Верный қаласынан
бастады, біз Алматы қаласына ұшып келдік. Және де бұл нышанды рәсім болды.
Біз алдымызға қойған мақсатты орындадық. Көптеген ежелгі қалалармен, тарихи сәу-
леттік және табиғат ескерткіштермен таныстық және көрдік. Ұлы отандасымыз, ғалым,
саяхатшы Шоқан Уәлихановтың керуен жолы бойынша жүріп өттік.
85
86
¶дебиет
Валиханов Ч. Избранные произведения. Алма-Ата, Казахское государственное
издательство Художественной литературы, 1958.
Маргулан А. Очерк «Жизнь и деятельность Чокана Валиханова». В книге: Ч.
Валиханов. Избранные произведения. - Алма-Ата, Казахское государственное
издательство Художественной литературы, 1958. Стр.15-79.
Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений в пяти томах. Алма-Ата, «Наука», 1961-
1972.
Хасанов К. Чокан Валиханов как уйгуровед. Алма-ата,1963 г.
Стрелкова И. «Друг мой, брат мой…». Москва, «Молодая гвардия», 1975.
Стрелкова И. «Валиханов». Москва, «Молодая гвардия», 1990.
Валиханов Ч. Избранные произведения. Алматы, «Арыс»,2009.
Каримова Р. «Неизвестная и опасная Кашгария». «Казахстанская правда» от
24/05/2013, 31/05/2013.
Ермекбай Ж. «Поездка Ч.Ч. Валиханова в Восточный Туркестан». Вестник Том-
ского государственного университета, 2013, №372. С. 101-105.
Куттыкадам С. «Дао Алтая». Алматы, 2013, с. 274-277.
Марко Поло. Книга о разнообразии мира. Алматы, 2004. С.161.
87
Мазм±ны
І Б¦лім. Ўашµарды Шоўан УЇлиханов экспедициясымен зерттеу
1. Шоқанның балалық шағы ..............................................................................................5
2. Омбыдағы кадет корпусында оқуы ................................................................................6
3. Шоқанның алғашқы саяхаттары. Құлжаға жасаған экспедициясы .............................8
4. Қашқар сапары алдында. Жолда ..................................................................................10
5. Қашқарда ........................................................................................................................14
6. Оралу ..............................................................................................................................22
ІІ Б¦лім. Шоўан УЇлихановты¤ керуен жолымен
7. Үрімші ............................................................................................................................26
8. Ұлы Тұрпан ....................................................................................................................28
9. Жүзім мейрамы ..............................................................................................................32
10. Тоқсын қаласы .............................................................................................................33
11. Тұманды Бағрашкөл ....................................................................................................34
12. Қарашахар ....................................................................................................................36
13. Тораңғы тоғайы ...........................................................................................................40
14. Көшпелі Лобнор ..........................................................................................................42
15. Қорла ............................................................................................................................44
16. Чон мешіті ....................................................................................................................45
17. Шығыстың ұлы қаласы – Құшар ...............................................................................46
18. Хан ордасында .............................................................................................................48
19. Құшардың соңғы ханы ................................................................................................50
20. Мың Будду үңгірлері (Мың ой) .................................................................................52
21. Қызыл Жар шатқалдары .............................................................................................54
22. Өлі қала Субаш ............................................................................................................56
88
23. Ақсу – ақ су қаласы .....................................................................................................58
24. Бай қаласында ..............................................................................................................59
25. Тәтті қауындар мен қарбыздар ауылында. Шекяр ...................................................60
26. Артуш – інжір қаласы .................................................................................................62
27. Қашғармен кездесу ......................................................................................................63
28. Ескі қаланың шытырмандары ....................................................................................66
29. Көпес Махмұттың үйінде ...........................................................................................68
30. Қашғар қышшылары ...................................................................................................70
31. Хейтгах мешіті ............................................................................................................72
32. Жүсіп Хас Хаджип Баласағұни кесенесі ..................................................................74
33. Опалда, Махмұт Қашғаридің бейітінде ....................................................................76
34. Қашқардың ескі бекіністікқабырғалары ...................................................................79
35. Торығарт және Таш-Рабат ...........................................................................................80
36. Буырқанған Нарынның жағалауында ........................................................................83
89
Достарыңызбен бөлісу: |