бұл бөлігінен көңілді жүгіріп, ойнап жүрген
жүздеген баланы көрдік. Бұл шағын аумақта
екі немесе үш жүздей кішкентай ирелеңде-
ген көшелер және тұйық көшелер бар. Кө-
шелердің санын дәл есептеп шығу мүмкін
емес. Көшелердің көп бөлігіне тас тақта-
шалар, кейде арнаулы әдіспен дайындалған
кірпіш тақташалар төселген. Біз салыстыр-
малы түрде ұзын, 500-600 метрлік бірнеше
көшені ғана көрдік. Көшелердің көпшілігін-
дегі ұзындығы 200-300 метр болады. Мүл-
дем қысқа – ұзындығы 50 метр болатын кө-
шелер де кездеседі.
Көшелер шытырманды еске салады:
оларда бөтен адам оңай адасып кетеді, бір
көше күтпеген жерде аяқталып, бұрыштан
ары қарай басқа көше басталады. Алғашқы
уақытта, ескі қаланың шытырмандарымен
жақынырақ танысқанша, біз бірнеше рет
адасып та үгердік. Жолдар өте тар: біреу-
мен арба әрең дегенде жүріп өтетін болса,
басқасында екі адам қатар жүре алмайды.
Көшенің екі жағындағы тығыз орналасқан
үйлер әдетте екі, сирек жағдайда үш қа-
батты болып келеді. Төменгі қабаттар саз
кірпіштен, жоғарғы қабаттар ағаштан са-
лынған. Барлық үйлерде дерлік жартылай
жертөлелік үй-жайлар бар, бұл жерде жаз-
да салқын, қыста жылы болады. Әдетте ол
жерлерде қолөнершілердің шеберханалары
орналасады. Көшенің тура үстінде тірек қа-
бырғалары жолдың екі жағында орналасқан
бөлмелерді де жиі көруге болады. Сен ба-
67
67
сыңды көтеріп, онда бала немесе шал
ұйықтап жатуы мүмкін екендігі тура-
лы ойлана отырып, мұндай бөлменің
астынан тыныш өтесің. Және де бізге
мұндай жағдайларда, көшеде болған-
да үйдегілермен санасуға тура келетін,
үлкен жайлы үйде болғандай болып
көрінді...
68
К¦пес Махм±тты¤ ¬йінде
Күтпеген жерден біз үлкен әдемі үйді көрдік. Аулаға шығатын есік айқара ашық екен.
Есіктің және үйдің өзі де жабық емес екендігін байқадық. Бұл жерде қонақтарды, сая-
хатшыларды қабылдау қуанышты жайт екендігін түсіндік. Алайда бұл кімнің үйі болды
екен? Ол қолөнершінің әдеттегі үйіне ұқсамайды. Біз бұл тұрғын үйдің табалдырығын
білуге құштарлықпен, оң қолымызды жүрекке қоя отырып аттадық та, қатты дауыспен:
– Ассалаумағалейкүм! – дедік.
– Уағалейкүмассалам! – деп жауап берді біздің сәлемімізге әйелдің баяу дауысы.
Және де біз оны енді ғана байқадық. Орта бойлыдан биіктеу, әдемі әйел зер сала қарап
тұр екен, жас шамасы 35-тен көп емес сияқты. Біз тұнық қара көздерді, ұзын кірпіктерді,
доға тәріздес қастарды көрдік. Бірақ ол бетін жартылай мөлдір шифон орамамен қымсы-
на жасыра берді.
– Кіріңіздер. Мен сіздерді көргеніме қуаныштымын.
– Рахмет, қарындас. Біз кімнің үйіне тап болдық? – деп сұрадық.
68
69
– Саудагер Махмұттың үйіне.
Қазір ол сырт сапарда жүр. Үйде мен және менің балаларым ғана бармыз. Менің бала-
ларымның әкесі (Қашғарда әйелдері күйеулерінің атын атамауға тырысады. – Авторлар)
белгілі көпестер тұқымына жатады, олар ғасырлар бойы саудамен айналысқан. Бұл үйде
жүздеген жылдар бойы басқа мемлекеттердің көпестері қабылданды, ал қожайындардың
өздері сауда істері бойынша басқа елдерге жиі сапарға шығып тұрған.
Біздің жүрегіміз қуаныштан лүпілдей соға бастады. «Қандай сәттілік! Бұл үйде біздің
Шоқан да болуы ықтимал ғой! Бұл үйде болмаса, онда осындай басқа үйде» деп ойладық
біз, ескі тұрғын үйге қарай тұрып.
Қашғарға келген кезде біз ескі қаланың көптеген үйлерінде болдық, бірақ бұл үй
басқаларынан ерекшеленеді. Ол жерде ғасырлар бойы дәулетті адамдардың тұрғаны
сезіледі. Сондықтан да біз оны сипаттап жазбақшымыз. Есіктердің арт жағында аулаға
қарай Қашғардың барлық үйлеріндегідей дерлік әдемі атлас перделер ілінулі тұрды: бұл
перделерді қожайын әйелдер апта сайын жуады және алмастырады. Аулаға тас тақта-
шалар төселген. Біз жас бұтақшалары піскен, шоқтары күнге қарай ұмтылған шағын
жүзімдікті көрдік. Үй П әрпі тәрізді салынған. Екінші қабат ұзын балконнан басталады,
бұл жерде жоғары қарай кеңейетін: оған төңкерілген кесе түріндегі күмбез тәрізді форма
беретін әдемі оюланған ескі бағандар ерекше бөлініп көрінеді. Үйді талантты шебер-
лердің салғандығы сезіліп тұр.
69
70
Ўашµар ўышшылары
Ең ежелгі қолөнер түрлерінің бірі – қыш ісі екендігі мәлім. Ежелгі заманда Шығыс
пен Батыстың кез келген ірі қаласында қыш шеберлері тұрып, жұмыс істеген аралдар
болды. Олар, әрине, Қашғарда да болды. Қазіргі кезде ескі Қашғарда, өкінішке орай, өз
қолөнерімен айналысатын, ежелгі қышшылардың ұрпақтары тұратын, тек бірнеше ғана
шынайы әулеттік үй сақталған. Бұл өнер бүкіл дүние жүзінде біртіндеп жоғалып келеді,
көптеген мемлекеттерде толықтай тарих қойнауына кетті, бірақ ескі Қашғарда бақы-
тымызға орай сақталып қалды. Алайда ұзаққа ма? Мәңгіге екеніне үміттенгіміз келеді.
Сондықтан біз қарахандардың ежелгі астанасында болған кезімізде бірінші кезекте қыш
шеберлерінің үйлерін көру жөнінде шешім қабылдадық.
Ескі Қашғардағы үйлер – ерекше уақытпен қозғалмаған дерлік әлем. Бұл үйлерге қан-
ша жыл болған? Осы сұрақты біз көптеген қарт тұрғындарға қойдық. Әдетте бізге нақты
цифр айтылған жоқ. «Жеті жүз, сегіз жүз, мүмкін мың жыл шығар» деді қашқарлықтар.
Олар өздерінің ата-бабалары бұл үйлерде көптеген ұрпақтарымен ғасырлар бойы тұрған-
дығын растайды.
Біз қышшы Әнуар Әлидің – көңілді өмірге құштар және әңгімелесуді адамның үйінде
болдық және онымен ортақ тілді тез таптық.
Біз шеберден:
– Әнуар ахун, бізге қышшылардың өнері туралы егжей-тегжейлі әңгімелеуіңізді өті-
неміз, – деп сұрадық.
– Біздің қолөнер бұдан ондаған мың жылдар бұрын пайда болған. Ол ең ежелгі қолө-
нердің бірі, өйткені алғашқы қауымдық адамға да қандай да бір ыдыспен тамақ ішу және
жеу қажет болды. Ең ежелгі адамға кейде қандай да бір сыйымдылықтың формасы бар
күйген саз тап болды. Ол онымен су ішкен. Бұл адамның бірінші ыдысы болды және де
ол сол кезде саздан ыдыс жасауға болатындығын түсінді. Алайда барлық саз қышшы жұ-
мысы үшін жарамды емес, жабысқақтығы ерекше жақсы саз қажет. Біз оны ұзақ іздейміз.
Егер тапсақ, сақтаймыз және бір-бірімізбен бөлісеміз. Біздің жұмыста басқаша болмай-
ды. Сазға құм, күлді, кейде ағаш үгінділерін, басқа материалдарды қосамыз. Мен шең-
бердің жанында отырған кезде сыйымдылықтарға белгілі бір форма беремін, бұл жерде
тек қышшы шеңбері ғана емес, сондай-ақ бірінші кезекте менің қолдарым жұмыс істейді,
нақ солар жасайды. Үлкен тәжірибе қажет, жылдар өте келе епті жұмыс істей бастайсың.
Алынған ыдысты біз бірден пешке апармаймыз, алдымен кептіреміз және одан кейін
бояуын жағамыз. Әшекей бояуын қыш сыйымдылықтарға сұйықтық сіңбес үшін жаға-
мыз. Және де ең соңында ғана ыдысты пешке қоямыз, алайда бұл жерде де шеберлік
керек. Басты нәрсе – сыйымдылықты пештен дер кезінде шығарып алу қажет. Бір қа-
рағанда біздің өнер өте күрделі емес сияқты болып көрінеді. Бұл жерде шеберлік пен шы-
дамдылық қана емес, сондай-ақ жақсы денсаулық та керек. Неліктен денсаулық? Өйткені
барлық адам бірдей шикі балшықпен күн сайынғы қол еңбегі мен ыстық пешпен жана-
70
71
71
суға шыдай бермейді. Менің алыс балалық шағымда ескі Қашғарда жүздеген қышшы-
лар жасампаздықпен айналысқан еді. Ал қазір біздер саусақпен санарлықтай ғанамыз.
Мен өзімізбен бірге қышшылар қолөнерінің кетуін қаламаймын. Өйткені ойлаудың өзі
қорқынышты. Қышшылар қолөнері миллиондаған жыл бойы гүлденіп келген
және кенеттен біз жоғалып кетпекпіз... Бұған қоса
әрбір қышшы отбасының өз құпиялары болатын-
дығын айтқым келеді.
Әнуар ахун, ал сіз өз отбасыңыздың құпияла-
рымен бөлісе аласыз ба? – деп сұрадық.
Біз сазға өзіміздің ерекше материалымызды
қосамыз, бұдан ыдыс мықты бола түседі
және ұзақ жылдар бойы сақталуы мүм-
кін.
Менің ұлым өсіп келеді, маған
әкем мен атамнан берілген
қышшы өнерінің құпияларын
мен соған беремін. Бұл біздің
отбасылық табыс көзі ғой...
Ұлым біздің отбасымыздың
дәстүрлерін жалғастырады,
қышшы болады және біздің
ескі үйде өмір сүруге қалады
деп үміттенемін.
Біз
әрине,
Әнуармен
келісеміз. Шынайы қышшы
өнерінің көптеген құпиялары
бар. Бөгде адам да, бәсекелес те
оларды білуге тиіс емес. Әрбір та-
рих әуесқойы археологтардың жер-
де көптеген ғасырлар немесе тіпті
бірнеше мың жыл бойы жатқан, бірақ
өзінің бастапқы түрін сақтаған қыш
бұйымдарды тауып жататынын біледі.
Өнердің мұндай туындылары аймақтың
көптеген жерлеріндегі, оның ішінде Так-
ла-Макан шөліндегі археологиялық қаз-
балар кезінде де бірнеше рет табылды.
Біз оларды Қашғар, Тұрпан және Үрімші
қалаларының тарихи-өлкетану мұражай-
ларынан көрдік.
72
Хейтгах мешіті
Егер Мәскеудің жүрегі бірегей Кремль, оның соборлары, мұнаралары мен қызыл алаң,
жас ару Астананың жүрегі – Ақ Орда сарайы мен Бәйтерек болса, онда қарт Қашғардың
жүрегі – Хейтгах бірегей мешіті болып табылатыны сөзсіз.
Көптеген ғасырлар бойы бұл жерге Қашғар қонақтары келіп тұрды. Мұнда ұлы ита-
лиялық Марко Полоның болғаны (мешітінің бірінші ғимаратында) да күдік тудырмайды.
Мешіттің артындағы көшелердің бірінде Шоқан Уәлиханов тұрған. Оның бұл қалаға
діні түзу мұсылман Әлімбай болып келгенін еске алайық. Осыған орай, ол апта сайынғы
жұма намазды осы мешітте жасаған деп сеніммен айтуға болады.
Хейтгах мешіті – бұл Қашғария халқының ұлттық қасиетті орны. Адамдар өздерінің
ата-бабалары салған, әдемілігі жағынан керемет табыну құрылысына ерекше құрметпен
қарайды. Біз ежелгі мешіт табалдырығынан аттадық (қазіргі экспедицияның мүшесі
болған мен бірінші келген кезімде Хейтгахта әлденеше рет болғанмын, бірақ мешітке
бірінші реттегідей, тағы да толқи кіріп отырмын. – И.И.)
72
73
Бізді бұрыштарында 18 метрлік асқақ мұнаралары көз тартатын порталдық арка қарсы
алды. Қабырғалары сары түспен әшекейленген қыш тақташаларымен әсемделген. Қыш
тақташаларға Құраннан алынған сөздер және ұлттық өрнектер мен нақыштар түсірілген.
Бұл жерде мешіт бірінші рет Х ғасырда, қашғарлықтар исламды қабылдағаннан кейін
бірден салынған. Ол қаладағы ең үлкен және бас құрылыс болды. Алайда, өкінішке орай,
XIV ғасырда, Темірлан әскері қантөгіс шайқастардан кейін Қашғарды басып алған кезде,
олар мешітті қиратты. Бірақ осыдан кейін де қашғарлықтар осы жерге келіп, құланды-
ларға намаз оқып тұрған.
Адамдар ондаған жылдар бойы мешітті қалпына келтіруді армандады. Ең соңында
1442 жылы оны белгілі сәулетші Саксиз мырза қайтадан салды. Іргетасы бұрынғы мешіт-
тен қалған оған мың жыл толды. Оны қарахандар кезінде тұрғызған болатын. Хейтгах ха-
лықтың қаражатымен салынды, қалпына келтірілді, барлық қашғарлық дерлік өз еркімен
үлестерін қосты.
1872 жылы Хейтгах үлкен жаңғыртуды бастан кешірді. Мешіттің жанында медресе
жұмыс істеді, осы уақытқа дейін тыңдаушыларға арналған 36 сынып бөлмесі сақталған.
Хейтгахтың жалпы ауданы 16800 шаршы метрді құрайды, 20 мыңға дейін адам сияды,
айт кезінде мінәжат етуге 100 мыңға дейін адам келеді, көпшілігі тура мешіт алдындағы
алаңда намаз оқиды.
73
74
Ж сіп Хас Хаджип
Баласаµ±ни кесенесі
Жылы, жазғы таң болатын. Оңтүстіктен жел соғып тұрды. Шаршап-шалдықтыратын
аптап әлі де басылмаған еді. Біздің экспедиция мазарға жақындап келді және алыс болған
кездің өзінде де оның асқақ әдемілігіне сүйсіне қарап келдік.
Бұл кесенеге Шоқан келді ме екен, ұлы ақын туралы естіді ме екен?
Ол Жүсіп Хас Хаджип туралы жазған жоқ, тамаша ақынға даңқ кейіннен, қайтыс
болғаннан кейін келді. Бірақ мазар ХІХ ғасырдың 50-жылдары Қашғардағы белгілі жер
болды. Қалаға ат басын тіреген кез келген мәдениетті мұсылманның бұл жерде болатыны
айқын. Өйткені бұл жерде ақынның бейіті ғана емес, сондай-ақ медреседен, мешіттен,
қабылдау бөлмесінен, көрме залынан және ең соңында мазардың өзінен тұратын бір-
ден-бір діни ағартушылық ислам орталығы орналасқан.
Білуге құмар Шоқанның ғасырлар бойы са-
майына ақ түскен қалада болған кезінде көпте-
ген мешіт-медреселерде болғандығын, белгілі
ақындармен, ғалымдармен, дінтанушылармен
(ахундармен) танысқандығын, Қашғардан қазір
Ресейде, Санкт-Петербургте сақтаулы тұрған
аса сирек кездесетін қолжазбаларды иеленіп,
алып шыққандығын еске алайық. Оның ауданы
1900 шаршы метрді құрайтын бірегей кешенді
көруі және бейжай қалмағандығы сөзсіз.
Сәулет өнерінің аса үздік туындысын Қашғар
шеберлері салған. Мұсылмандық Шығыстағы
көптеген құрылыстар сияқты ол қарапайым-
дылығы мен және онымен бір мезгілде – салта-
наттылығымен таңғалдырады. Бұл қатты әсер
ететін кешеннің қабылдау бөлмесінен біз Жүсіп
Хас Хаджиптің мүсінін көреміз, көрші үй-жай-
да аса көрнекті ұйғыр суретшісі Ғази Әметтің
қылқаламынан туған ақын портреті орналасқан.
Мазардың шеттері бойынша, сырт жағынан
күмбезді биік мұнараларды көруімізге болады.
Сәулет өнерінің ескерткіші көгілдір түсті жарқын өрнектермен әшекейленген ақ тақта-
шалармен әрленген, күмбездің өзі – күңгірт-көгілдір түсті.
Біз мазардың ішіне кірдік, бұдан мың жыл бұрын өмір сүрген және шығармашылық
туындыларын жасаған ақын жатқан жерге толқыныспен жақындадық.
¬
75
75
Жүсіп Хас Ходжип
туралы мәліметтер аз
сақталған. Оның Қара-
хандардың жазғы рези-
денциясы – Баласағұн
қаласында 1018 жылы
(басқа деректер бой-
ынша 1016 жыл) дүни-
еге келгені белгілі.
Балалық
және
жасөспірімдік
шағында та-
маша
білім
алды, өз ана
тілінен бөлек
араб және пар-
сы тілдерін мең-
герген. Көптеген
ұлы ғалымдардың,
антикалық және ор-
тағасырлық ақындар-
дың еңбектерімен таныс
болған. Түрік ғалымы
Р.Араттың есептеуінше, 54
жасында 18 ай бойы жұмыс
істеп, «Құтты білік» поэма-
сын аяқтап, оны Қашғардың
билеушісі Табғаш Боғар-ханға
сыйлаған. Алғысын білдірген хан
ақынға Хас Ходжим, «Сарай мини-
стрі», «Бас камергер» жоғары атағын
берген. Бұл лауазым ақынның екінші
есіміне айналды.
Өткен заман зерттеушілерінің
көпшілігі поэманы дидактикалық
туынды ретінде сипаттады, бірақ за-
манауи әдебиеттанушылар оны мем-
лекеттің саяси құрылысына арналған
дастан ретінде қарастырады. Қалай
болғанда да «Құтты білік» дүни-
ежүзілік әдебиет қазынасына енді.
Онда көтерілген көптеген мәселелер
бүгінгі күні де маңыздылығын жоғал-
та қойған жоқ.
76
Опалда,
Махм±т Ўашµариді¤ бейтінде
Оның дүниеге келгенінен кейін мың жыл уақыт өтсе де, Шығыстың да, Батыстың да
ағартушылық әлемі Махмұт Қашғари есімін біледі және еске алады. Алайда әртүрлі ел-
дердің көптеген зерттеушілерінің пікірінше, мұндай деңгейдегі ғалым Қашғарияда және
шектес жатқан түркі тілдес басқа елдерде туған жоқ. Махмұт Қашғари Қашғардың ны-
шаны мен мақтанышы болып табылады. Ежелгі қалаға дүниежүзінің көптеген елдерінен
данышпан қашғарлықтың әруағына бас ию үшін ғалымдар, ақындар және қарапайым
адамдар келеді.
Әрине, біз де Қазақстандық ұлттық-географиялық қоғам экспедициясының мүшелері,
оның бейітінде болу туралы шешім қабылдадық. Ғалымның мазары ежелгі қаладан 50
шақырым жердегі Опал елді мекенінде орналасқан. Жергілікті қашғарлықтарға бұл жер
«мазар хазретим моллам» - «Қасиеттті
ұстаздың мазары» ретінде белгілі: олар
ойшылдың бейітін ғасырлар бойы,
құрметпен нақ осылай атаған. Кесене
мың жылдық шынар ағаштары өскен
алып саябақта орналасқан. Біз ғалымға
ескерткіш орнатылған саябақтың та-
балдырығын толқи аттадық. Биік тұғы-
рда Махмұт Қашғаридің кемел жасқа
келген кездегі әппақ мүсіні бейнелен-
ген. Ол оң қолына ұстаған кітабымен
алға, болашаққа қарай сеніммен қарап
тұр...
Кесене жетпіс метрден асатын биік
төбеде орналасқан. Ол ұйғыр сәулет
өнерінің дәстүрлерімен салынған, мұ-
сылмандық сәулет өнерінің ықпалы да
сезіледі. Мазардың Қашғар құрылыс-
шылары қолдарының жұмысы екен-
дігі өз-өзінен түсінікті. Ол өлкенің
көптеген ескерткіштері сияқты қатаң
қарапайымдылығымен және салтанат-
тылығымен таңғалдырады.
Кесене қабылдау бөлмесінен, бей-
іттің өзінен, суретші Ғази Әмештің
77
қылқаламынан шыққан ғалым портреті ілулі тұрған залдан, дүние жүзінің әртүрлі тіл-
деріндегі өлмес еңбекті көруге болатын шағын мұражайдан құралады. Өкінішке орай,
бұл кітапты біз қазақ және орыс тілдерінде көре алмадық. Алланың еркімен біз тағы да
Опалға келетін болсақ, мұражайға Алматыда басылып шыққан қазақ және орыс тілдерін-
дегі «Диуан Лұғат ат-Түрікті» міндетті түрде әкеліп, сыйға тартамыз.
Біз мазардан шықтық, оларға Махмұт Қашғаридің өзі де жататын Қарахандар әулетінің
өкілдері жатқан ескі зиратқа таяп келдік. Зират мазардың айналасындағы төбелерде ор-
наласқан. Біз сән-салтанатты ескерткіштерді көрмедік, тіпті кімнің жерленгені туралы
жазулар да жоқ. Шындығында да, Құдіреттің алдында бәріміз де: хандардың ұрпақтары
ада, қарапайым дихандар да бірдейміз. Өміді бастан өткізіп, біз бәріміз мәңгілікке ке-
теміз.
Махмұт Қашғари 1008 жылы сол жылдардағы қуатты Қарахандар мемлекетінің аста-
насы Қашғарға жақын жердегі Опал елдімкеніндегі Азих деген жерде дүние есігін ашқан.
Ғалым жөніндегі өмірбаяндық деректер көп сақталмаған, алайда бір жайт қана факт бо-
лып қалмақшы. Ол өз дәуіріндегі аса білімді және ақылды адамдардың бірі, отаншыл
және гуманист болды. Махмұтың бүкіл мұсылмандық Шығысқа әйгілі қашғарлық «Сә-
жия» медресесінде білім алғандығы белгілі. Сол жылдары бұл жерде көптеген белгілі
ғалымдар сабақ берді, олар өз тәрбиеленушілеріне қомақты білім берді. Біз тіпті көп-
теген ғасырлардан кейін Махмұт Қашғаридің бірегей біліміне қайран қаламыз. Бұл ға-
лым-энциклопедияшының құбылысы тақыр жерде пайда болуы мүмкін еместігі өз-өзі-
нен түсінікті. Әйгілі қашғарлықтың тәлімгерлері аса білімді және дарынды адамдар
болғаны хақ. «Сәжия» медресесінің тыңдаушылары ислам мен Құран негіздерін ғана
78
емес, сондай-ақ шетел тілдерін, лингвистика, тарих, география, математика, биологияны
да зерделеді. «Диуан Лұғат ат-Түрік» жазылған ХІ ғасыр түркі тайпаларының күшей-
ген ғасыры болатын. Х ғасырдың соңында Қарахандар мемлекеті ирандық Саманилер
әулетін қиратып, астанасы Қашғар болған қуатты империя құрды. ХІ ғасырда түркілер
Селжұқтар әулетінің бастауымен Таяу Шығыстағы орасан аумақты бақылауында ұста-
ды, Византия империясын жеңіп, Константинопольді басып алды. Түркі халықтарының
Жерорта теңізінен бастап Гоби шөліне дейінгі үстемдік ету дәуірі басталды. Мұндай
жағдайларда үстем тіл – араб тілі болған халықтар өздерін бағындырғандардың тілін
зерделеуге мәжбүр болды. Махмұт Қашғари өз сөздігін осы мақсатпен жазған еді. Туған
халқының тілін, әдебиетін, фольклоры мен тарихын сүйген ғалым өз туыстарының тілін
зерттеу және бұл туралы кітап жазу үшін көп жерлерді аралады.
Саяси қуғындаулардан құтыла отырып, Махмұт Қашғари туған қаласын тастап кет-
ті және ұзақ жол жүрулерден кейін Бағдадқа келді. Онда ол өз өмірінің басты кітабын
жазды. «Диуан лұғат ат-Түрік» бұл қалада 1072 және 1083 жылдардың арасында пайда
болды, сол уақыттың дәстүрі бойынша ғалым оны аббастар халифі әл-Мукшадиге әкелді.
«Диуан...» - бұл диалектологиялық сөздік қана емес, сондай-ақ өз заманындағы энцикло-
педия да. Дана ғалым – энциклопедияшы жазған бұл еңбекте лингвистикалық сипаттағы
ғана емес, сондай-ақ әдебиет, фольклор, тарих, медицина, астрономия, логика, ауыл ша-
руашылығы, әскери өнер жөніндегі материалдар да бар...
Кітапта М.Қашғари құрастырған «Мұсылман әлемінің картасы» бар. Онда ғалым көп-
теген халықтар өмір сүретін елдер мен қалаларды, далалар мен тауларды, шөлдер мен
өзендерді, көлдер мен ормандарды белгілеп, көрсетті. Бұл біздің күндерге дейін келіп
жеткен дүниежүзіндегі ең ескі карталардың бірі.
79
Ўашµарды¤ ескі бекіністік
ўабырµалары
Қашғардағы біздің экспедиция кезінде қалалық қабырғаның (дуалдың) сақталып
қалған бөлігін көрудің сәті түсті. Дуалдың биіктігі 10 метрге дейін, ені 5-6 метрге дейін
жеткен. Онымен тек шағын арба ғана жүре алатын еді. Бұл қаланың өткен заманда жақ-
сы бекінген қамал болғандығын білдіреді. Қалаға кіретін орталық қақпалар болды, бірақ
Әппақ қожа елді мекенінен қалаға ерекше кірер жер болды, оны тек қожалар ғана пай-
даландық. Әппақ қожа мен оның ұрпақтары Қашғария тарихында маңызды рөл атқарды.
79
80
Торыµарт пен Таш-Рабат
Қазақстандық ұлттық географиялық қоғамның экспедициясы Қашғардан шығып,
Қырғызстанмен шекара жағына қарай аттанды. Біз тауға көтерілдік және тау жолымен
жүрдік.
Торығарт асуы теңіз деңгейінен 3350 метр биіктікте орналасқан.
Ондаған километр жүріп өттік, елді мекендер көрінбейді, тек кейде ғана қырғыздың
киіз үйлерін, жанында жайылып жүрген жылқыларды, ешкілерді байқауға болады.
Кенет біз тау көлін байқап қалдық. Бұл – әйгілі Шатыркөл еді. Біз автомобильден
шығып, көл бетіндегі шексіз көгілдір тегістікке сүйсіне көз салдық. Достарыңызбен бөлісу: |