¬
53
IV ғасырларында басталып, 500-600 жылға дейін жалғасты. Үңгірлер 1916 жылғы жой-
қын жер сілкінісі кезінде зардап шекті» деп әңгімеледі.
Құйматас баспалдақтарымен діни храмға көтерілдік. Үңгірлерде бақылау камералары
орнатылған. Үш-төрт үңгір – жеке үй-жайлар бір террасада орналасқан. Бір жеке үй-
жай екі бөлмеден тұрады, олардың төбелері күмбез тәрізді. Бірінші бөлменің мөлшері
екіншісіне қарағанда үлкен. Бірінші үлкен бөлмеде қуыс бар. Ол жерге Будданың мүсіні
орнатылған. Екінші кішкентай бөлмеде тас төсек бар, онда нирванада болған кезінде
Будда жатқан. Бізге өкінішке қарай тек бірнеше үңгірді ғана көрсетті. Олар құрылысы
мен ауданы жағынан әртүрлі болды. Біз биіктігі 6 метр болатын Будда мүсіні сақтаулы
тұрған үңгірді көрген жоқпыз. Бұл Будданың Құшардағы ең ірі бейнесі. Біз аса тамаша
бедерлі бейнелерді мұқият және аса таңқала қарап шықтық. Олар негізінен Будданың
дәруіштік өмірін бейнелейді. Уақыт өнердің бұл ежелгі туындыларын да аямапты. Өт-
кен ғасырдың 60-жылдарында Қытайдағы «мәдени төңкеріс» кезінде Мың Ойды Хун-
вэйбиндер талқандауға әрекеттенген. ХХІ ғасырдың бас кезінде Ауғанстанда тәлибтер өз
еліндегі жалпыадамзаттық мәдениеттің осыған ұқсас туындыларын жойып жібергенді-
гін еске алайық. Құшарлықтардың ежелгі туындыларына деген шынайы сүйіспеншілікті,
құрметтеуді еуропалық саяхатшылар, ғалымдар да танытқан жоқ, олар қалған бедерлі
бейнелерді жыртқыштықпен, дөрекі түрде шығарып алып, Еуропаға тасып әкетті. Құ-
шардың ежелгі жері өзінің мыңдаған жылдар бойғы тарихында не көрмеді десеңізші!
Мұндай барлық қатерлі сынақтарға қарамастан, Мың Будда үңгірлерінің біздің күндерге
дейін келіп жетуінің өзі де бір керемет.
54
Ўызыл Жар шатўалдары
Біз бүкіл әлемге әйгілі Қызыл Жар шатқалдарымен кездесуді асыға күттік. Олар
Құшардан 64 шақырым жерде орналасқан. Тауларды көруге ынтық болған біздер бұл
шатқалдарды көруге құштар болдық. Өз өмірімізде таулардағы көптеген ең әдемі жер-
лерді көрдік, Іле Алатауындағы шатқалдардағы көптеген соқпақ жолдармен жүріп өттік.
Осы уақытқа дейін таулар – біздің құмарымыз, бос уақытымызды сол жерде өткіземіз, де-
маламыз және күш жинаймыз. Бізді ешнәрсемен таңғалдыра алмайтын сияқты көрінген.
Алайда, бізді Қызыл Жардан көргендеріміз қатты таңқалдырды. Бұл шатқалдар – ғалам-
шардағы ең әдемі және айбынды жерлердің бірі. Мұны бүкіл дүние жүзі мойындайды.
Біз Қызыл Жарға келіп түскен кезде басқа, беймәлім және жұмбақ қызыл ғаламшарға
келіп түскендей болдық. Ұйғыр тілінен аударғанда «кызыл яр» – «қызыл жарды» немесе
«қызыл жартас, құз» дегенді білдіреді, бірақ «жар» сөзі сондай-ақ «сүйгенім, аяулым»
деп те аударылады. Шын мәнінде бұл жерде болған кезде көз тартар қызыл жартастарға
мәңгі ғашық болып қаласың. Жергілікті тұрғындар америкалық Голливуд бұл шатқал-
дарда өзінің танымал «Жұлдыздық соғыстар» топтамасының көптеген көріністерін
түсіргендігін айтты. Орыс ақыны Николай Заболоцкий бірде былай деген еді: «Күшті
сезімдердің негізінде – үнсіз қалу жатыр». Сондықтан да, біздер, қазақстандық экспе-
дицияның мүшелері мұндай әдеттен тыс сұлулықты көрген кезде тілден айырылғандай
күй кештік. Біз Қызыл Жарға ұзақ уақыт үндеместен шолу жасадық. Шатқалға апаратын
бірнеше жол бар. Негізгісінің ұзындығы 3,7 шақырым, екіншісі 2 шақырымға қысқа-
рақ, сондай-ақ бірнеше қысқа жолдар да бар. Қызыл Жардың ұзындығымен емес, өзінің
54
55
55
қайталанбас қызыл түсімен
және оның әртүрлі реңктерімен
таңғалдыратынын атап өткізіміз
келеді. Білгірлер дүниежүзінде ұзын
шатқалдардың аз емес екендігін, бірақ
бұдан әдемілерінің жоқ екендігін растай-
ды. Біздің топ негізгі соқпақпен ынтымақта-
са, бір-бірімізге қолдау көрсетіп, көз жазып қал-
май, жүріп отырдық. Көрініс ертегідегідей болды,
бірақ бұл жер сондай-ақ қауіпті де еді. Кейде жартастар
үстімізге күн мен аспан көрінбейтіндей болып асылып
тұрады, ал кейбір жерлерде біздің жол бір адам, оның үсті-
не бүгіліп қана әрең өте алатын (соқпақ жолдың ең аз ені
– 40 сантиметр) тар соқпаққа, ал кейде ені 53 метр болатын
шағын алаңқайға айналып отырды. Сондай алаңқайлардың
біреуінен біз Будда мүсінін көрдік. Әдемілігі жағынан жұм-
бақ ертегідей Қызыл Жар қиялға түрткі болды, оның жар-
тастары әртүрлі пішіндерді еске салды. Міне, мына жартас
айбынды мешітті, ал мынау – айдаһарды, жанындағысы –
адамның басын еске салады, ал жартастың шалғай тұсын-
да иттің пішіні бар...
Ғалымдар бұл бірегей шатқалдардың бұдан 140 мил-
лион жыл бұрын мезозой заманындағы бір кезеңінде қа-
лыптасқандығын тұжырымдайды. Бұл жер буырқанған
өзеннің түбі болғандығы көрініп тұр. Әрине, миллион-
даған жылдардың ішінде температураның өзгерулері,
қатты желдер, жауындар өз рөлін атқарды. Халық
даналығында: «Жолды жүрген адам ғана бағынды-
рады» делінеді. Жол ауыр болды, бірақ біз бәрібір
де оны еңсеріп, шатқалдың түбіне де келіп жеттік. Біз
өзімізді бала күніміздегідей бақытты сезіндік.
56
Ґлі ўала Субаш
Енді біз Құшардан солтүстік-шығысқа қарай 20 шақырымдай, аттас өзенге жақын
жерде орналасқан сарбаз әйелдердің қаласы Субашқа жақындап келеміз. Бұл қала III-X
ғасырларда осы уақытқа дейін жақсы сақталған. Субашта IV ғасырдың екінші жартысын-
да буддалық монах-миссияшы, құшарлық ұлы Кумарадживаның насихат жүргізгендігі
белгілі. VII ғасырдың екінші жартысында қала бүкіл аймақтың діни орталығына айнала-
ды. Бұл жерге Азияның көптеген елдерінен келген діндарлар жиналып, монах-тәлімгер-
56
лердің насихаттарын тыңдады. Қалада күн сайын таңертең қоңыраулар, кешке қарай
даңғыралар соғылды, олар дінге сенушілерді храмдағы мінәжатқа шақырды. ІХ ғасыр-
дағы Субаш біртіндеп құлдырай бастады. Қала ХІІІ-ХІV ғасырларда түпкілікті қаңырап
бос қалды. Бұл кезде жер-жерде ислам діні бекіген еді. Біз Субашта ұзақ қыдырдық. Қи-
рандыларды зер сала қарап шықтық.
Өлі қала екіге, атап айтқанда төменгі және жоғарғы бөліктен тұрады екен. Бұл бөлік-
терді өз бастауын заңғар таулардан алатын арналы өзен бөліп тұр. Қала атауы осындан
57
келіп шыққан (Субаш – «Судың бастауы»). Біз қаланың шығыс және батыс бөліктерін
көре аламыз. Субаштың шығысында пагода орналасқан. Бұл жерде намаз оқитын зал
мен Будда мүсіні жақсы көрінеді. Өлі қалатың батыс бөлігінде шаршы храм мен намаз
оқитын зал жақсы сақталған. Солтүстігінде он жеті буддалық үңгір-монастырьлар ор-
наласқан. Оларда ежелгі жазулардың сарқыншақтары бар. Өлі қалада ескі көшелермен
адамдардың іздері айқын көрініп тұр. Біз Субаш құландыларын ұзақ араладық. Бұғанға
дейін Мың Ой, Хан Ораданы зер сала қарап шыққан болатынбыз және де енді құшар-
лықтардың жан дүниесін түсінген тәріздіміз. Бұлар – ауыр сынақтар сағын сындыра ал-
маған дана және рухы күшті адамдар. Көптеген қиыншылықтарға, діндердің, саяси жүй-
елердің, мемлекеттердің алмасуына қарамастан өздерінің ежелгі ескерткіштерін сақтап
қалды және құрметпен қарайды. Бұған таңданып қана қою емес, үйрену де керек.
57
58
Аўсу – аў су ўаласы
Қалаларға атаулар кездейсоқ берілмейді. Мұны біз күншуақты қала Ақсуға келген кез-
де тағы да бір жақсы түсіндік. Тянь Шаньнің салқын тауларының етегі мен Такла-Макан
аптап шөлінің бір бөлігінде орналасқан қала суы мол Ақсу өзенімен қуандырады, оның
бойымен мөлдір, таза су ағады. «Ақсу» сөзінің аудармада «ақ суды» білдіретіндігі кез-
дейсоқ емес. Ақсу өзенінің нақ осы «ақ» суы бұл жерді өлкедегі ең әдемі шұраттардың
біріне айналдырды. Оның ауданы оған жапсарлас жатқан Үш Тұрфан шұратымен бірге
1824 шаршы километрді құрайды. Өткен ғасырдағы 20-жылдардың ортасында бұл жер-
лерде болған Николай Рерих былай деп жазды: «Ақсу шұраты екі айтарлықтай өзеннің
қосылысында орналасқан. Көктем мен жазда Тянь-Шаньнің басты тізбегі мұздықтары-
ның ағынымен қоректенетін өзендер кең көлемді өңделетін аймақты суландыра отырып,
судың мол мөлшерін әкеледі». Ежелгі заманның өзінде де бұл жерде егін шаруашылығы-
ның гүлденгені өз-өзінен түсінікті. Біз ұқыпты күтіп-бапталған бидай, жүгері,күріш егін-
діктерін, бақша дақылдары бар танаптарды, тамаша алма, алмұрт, құрма, жаңғақ бақ-
шаларын және әрине, көптеген шақырымдарға созылған тамаша жүзімдіктерді көрдік.
Мұндай кереметтей шұратта мал шаруашылығының дамуы да сөзсіз. Жайылымдарда
– қойлар, сиырлар мен жылқылар жүр, бұл жерде бұрыннан жергілікті асыл тұқымды
түйелер өсіріледі. Ежелгі заманның өзінде Ақсу қаласы Ұлы Жібек жолындағы маңыз-
ды пункт болып табылды. Ол өлкенің әкімшілік, сауда-экономикалық, мәдени және діни
орталығы болды. Ақсу өзінің қолөнерімен даңққа бөленді. Қалада қағаз маталар шығару
жолға қойылды, металл мен былғары өңдейтін тамаша шеберлер жұмыс істеді. Бұл жер-
ге бірінші мыңжылдықтың бас кезінде енген буддизм өлкеде көптеген ғасырлар бойы
үстемдікке ие болған дінге айналды. ХІІІ ғасырдың 20-жылдары Ақсу өңірін Шыңғысхан
әскері жаулап алды. Кейінірек Моғолстанның астанасына айналды. ХІХ ғасырдың бас
кезінде бұл бекініс қабырғасымен қоршалған, алты мыңдай үйі, бес мешіті, алты керу-
ен сарайы бар қала болды. Шоқан Уәлиханов бұл қалада болған жоқ, бірақ ол туралы
қызықты материал жинады және: «Ақсу қаласында 12 мың үй бар, Ақсу мен Қақшал
өзенінің қосылған жерінде орналасқан, саз балшықты қабырғамен қоршалған ол көлемі
жағынан Қашғардыкінен анағұрлым кіші, бірақ 4 қақпасы бар. Ақсуда 6 керуен сарайы
мен 5 медресе бар. Қаланың ортасын Шарсу алаңы құрайды, одан батысқа қарай Темір-
ші қақпаларына және шығысқа қарай Ақын қақпаларына дейін дүкендері, дәмханалары
және өзгелері бар басты көшелер таралады. Базар аптасына екі рет – бейсенбі мен жұма
күндері болады» деп жазды.
Қазіргі заманғы Ақсу – бұл ірі мегаполис, онда бірнеше жүздеген мың адам тұрады.
Ондағы халықтың Қорылдағы халықтан аз емес екендігі айқын. Бұл екі ірі қала бір-бірі-
не ұқсас.
58
59
Бай ўаласында
Ақсудан айырмашылығы, Бай шағын қала. Бұл жерде жаңа үйлер ескі үйлермен көр-
шілес тұр. Ш.Уәлихановқа мұнда болудың сәті түспеген, алайда білуге құштар ғалым
бұл елді мекен туралы нақты ақпарат жинады және де ол: «Ақсу округіне Ақсудан сол-
түстік-шығысқа қарай, 205 шақырым жерде, тауларға жақын орналасқан Бай (қы-
тайша Пай) елдімекені жатады. Кең көлемді қой шару-
ашылығы және киіз өндірісімен белгілі; 500 үйі бар»
деп жазды.
Әрине, бір жарым ғасырдың ішінде ондағы
халық саны өсті. Қазіргі кезде қазақстандық
Талғар сияқты қаладағыдан аз емес адам
тұрады. Шағын Бай Қаласы округте жер-
гілікті аспаздардың көгершіндерді тандыр-
ларда өте дәмді етіп дайындауымен белгілі
болған. Мұндай дәмнен рақаттанудан өтіп
келе алмағанымыз өзінен өзі түсінік-
ті. Біз өз тәжірибемізден ең дәмді
көгершіндердің көше дәмха-
наларында болатындығын
білдік, бұл жерде тұздығы
сіңірілген құсты қақпағы
жабылған тандырда
көз алдыңда пісіріп
береді.
Тандырды
көріп,
тоқтадық.
Көп ұзамай біз-
ге көгершіндерді
алып келді, олар
ыстық, еті жұм-
сақ әрі дәмді еді,
шын мәнінде ауы-
зда ерігендей болды. Біз
өмірімізде бұған ұқсас ештеңені
жемегеніміз жөніндегі пікірде тоқайла-
стық. Өзіміздің тойымызды ыстық көк шаймен аяқтадық және өзіміз үшін ұйғыр ұлттық
асүйінің жаңа ерекшеліктерін ашқанымызға қуандық.
60
ТЇтті ўауындар мен ўарбыздар ауылында.
Шекяр
Біз Қашғардан 150 шақырым жерде орналасқан Шекяр ауылына келіп кірдік. Қыстақ
таза, ұқыпты екен. Арықтарда таза судың ағып жатқанын байқадық. Ауыл аттас шағын
көлдің жағасында орналасқан. Машина орталық көшелердің біріне тоқтады, бұл жерде
шайхана бар екен. Сонда түскі асымызды ішуге шешім қабылдадық. Мұндай дәмхана-
лардағы тамақ қымбат емес, бірақ өте дәмді. Барлығына қуырылған балық ұнады, оны
дайындау тәсілі өте қарапайым: көлден жақында ғана ұсталған шағын сазанды алады,
тазартады, бөлшектейді және қайнаған қазанға салады. Бірнеше секундтан кейін арнайы
күрекшемен сүзіп алады, тұздайды және қонақтарға береді. Бізге бұл қашан да жеген-
дердің ішіндегі ең дәмді балық сияқты көрінді.
Шайхананың жанында жасөспірім жігіт қар-
быз бен қауын сатып тұр екен, біз қарбыз бен
қауынды сатып алдық және де өкінген жоқпыз;
олар өте дәмді болып шықты. Әсіресе қауын-
ның әдеттегіден тыс дәмі жағымды болды. Біз
жігітке келіп, онымен таныстық. Есімі Ширали
екен. Жуырда он сегіз жасқа толыпты. Шағын
мұрты бар, бет–әлпеті сүйкімді, жақтарын әлі
де қырынуды көрмеген жасөспірімдік қара түк-
тер жауып тұр.
– Ширали, бізге сіздің қауыныңыздың дәмі
ұнады. Бұл қандай сұрып еді?
– Біздің қауынның сұрыбы шекяр (ұйғыр-
шадан аударғанда – «қант») деп аталады, кейде
оны шекяр пеляк деп те атайды. Сіздер біздің
ауылдың атауы қауын сұрыбының атауынан
шыққандығын білесіздер ме?
Қауынның бұл сұрыбын біздің ата- бабала-
рымыз көптеген ғасыр бұрын шығарғаны айтылады. Мұндай тәтті сұрып тек біздің өлке-
де ғана өседі. Бізде оны өсіру үшін мінсіз жағдайлардың болуы ықтимал. XIX ғасырдан
бастап, біз оны Пекин, Шанхай, ішкі Қытайдың басқа да ірі қалаларына беріп келеміз,
соңғы жылдары шетелге де сата бастадық.
Дихандар біздің қауынды кептіреді, тәтті құрғақ жеміс бүкіл өлкеге танымал.
– Ширали, сіздің қарбызыңыз да қауыннан қалыспайды екен, ол да өте тәтті. Маған
сеніңіз, бүкіл өлкедегі көптеген елді мекендерде қонақжай қожайындар бізге қарбыз
61
61
тілімдерінің дәмін татуға берген болатын. Сіздердің
қарбыздар ең дәмді қарбыздардың бірі болды.
– Жазда бізде күндіз аптап ыстық, кешке салқындау
болады, жауын- шашын аз. Сондықтан да біздің қарбы-
здар дәмді болатын шығар. Қарбыздарымыздың сұрып-
тары жазғы және күзгі болып бөлінеді. Әрине, сіздер
жазғы қарбыздардың қабығы – жұқа, күзгілерінде –қа-
лың екенін білетін боларсыздар. Күзгі сұрыптары
қазан айында піседі, оларды ұзақ сақтауға
және тіпті қаңтар айында да жеуге бо-
лады, – деді Ширали.
62
Артуш - інжір ўаласы
Тамыз айындағы аптық ыстық күн еді, ауа температурасы қырық градустан асып
тұрған. Ыстық, бірақ қапырық емес, таулардан самал жел соғып тұрды. Біздің экспедиция
әйгілі Артушқа келіп кірді. Қала Қашқардан шамамен 45 шақырым жерде орналасқан.
Шоқанның кезінде бұл бірнеше ескі және ірі ауыл болған. Өлкеде көпғасырлық тарихы
бар қалалар ғана емес, сондай-ақ ежелгі ауылдардың да бар екендігін атап өткіміз келеді.
Заманауи Артуш – бұл әдемі шағын қала, онда бірнеше жүздеген мың адам тұрады.
1858 жылы күзде бұл жерлерді бірінші рет Шоқан Уәлиханов: «Үстун – Артуш (Жоға-
ры Артуш) Артуш немесе Тойын өзенінің жағасында орналасқан бірнеше ауылдың жинақ
атауы. Үстун Артушты құрайтын ауылдарда бақшалармен және баулармен қоршалған
30-дан 50-ге дейін балшық үйлер бар. Қуарған шөлдің ортасында жасыл ормандарға
оранған бұл ауылдар өте жағымды әсер қалдырады» деп жазды.
Бізді қалада салынған биік үй-
лерге қарамастан, Артуштың өте
жасыл болып қалғаны қуантты.
Шығыста кез кезген қала ба-
зардан басталатындықтан, біз бір-
ден қалалық базарға жол тарттық.
Алайда біз дәстүрлі шығыс база-
рын көре алмадық, оның орнында
екі жағында да адамдар сауда жасап
жатқан кең көше болды. Көкөні-
стер мен жемістер маусымының
қызған кезі болатын, сондықтан
базар оларға лықа толы еді, бірақта
біз інжірді іздедік. Інжірді табу,
әрине, қиын емес болып шықты –
міне бұл аса дәмді жеміспен тол-
тырылған үлкен себеттері бар са-
удагерлердің тұтастай бір қатары.
Біз інжір сатып алып, сол жерде-ақ
жей бастадық. Жемістер мөлшері
жағынан әртүрлі, негізінен орташа
қызанақ түйнегіндей болды. Інжір
шын мәнінде өте тәтті болды. Оны
жеудің алдында балғын інжірді
қолмен шамалы езіп және шапа-
лақтап жұмсартқан жөн. Біз де со-
лай істедік.
62
63
Ўашµармен кездесу
Машина бізді жаңа қалалар мен әсерлер алуға қарай зымыратып алып келеді. Біз
Қашқар қаласына кіріп келе жатқанымызды білдіретін жарық белгіні көрдік: жер ғалам-
шарын білдіретін құйматас шарда алысқа екіпіндете шауып бара жатқан өте әдемі ат, ал
төмен жағында ұйғыр, қытай және ағылшын тілдерінде: «Қашғарға хош келдіңіздер!»
деген жазу бар.
Автомобиль тоқтады, біз одан шықтық, жазушы және өлкетанушы Исмаилжан Ими-
нов нұсқаушы белгіге жақындап келді және Аллаға шын жүрегінен оған өз ата-бабалары-
ның қаласын тағы да бір көрсетуге мүмкіндік бергендігі үшін алғыс білдірді....Біз оның
жанында түсіністік білдіріп тұрдық.
Қашғар – Шығыстың ең ескі қаласы. Оның атауы үйғыр халқы үшін ән сияқты естіледі.
Ол қашан пайда болды? Мұны ешкім де дөп басып айта алмайды. Алайда, мынау анық:
бұл қарт қала – Ұлы Жібек жолының құрдасы. Ал ол дегеніміз бұдан төрт мың жыл
бұрынның өзінде де бұл гүлденген қала арқылы Римнен, Грекиядан, Мысырдан, Вави-
лон, Үндістан мен Персиядан түйелер керуені Құшарға, Тұрфан, Қытай, Корея мен Вьет-
намға қарай қатынап тұрған.
Қаланы мұқият зерделеген Шоқан Уәлиханов ол туралы: «Қашғар – Шығыс Түркістан-
ның ең үлкен қалаларының бірі – 16 мың үйі бар, Қызыл және Түмен өзендерінің арасын-
63
64
да орналасқан, балшық қабырғамен қоршалған. Шаһардың шығыс және оңтүстік-батыс
жақтарында екі қақпа бар: біріншісі – Су-дарбаза, екіншісі – Құм-дарбаза деп аталады.
Көшелері лас емес, бірақ түзу емес, тар, тек негізгі екі көшесімен ғана қос дөңгелекті
арбалар өте алады.
Ескі қала биік шардың үстінде орналасқан. Ал жаңа қала анағұрлым төмендегі жерді
алып жатыр. Қаланың орталығын Айтға сауда алаңы (қалалық мешіт алаңы) құрайды.
Ескі қала екі орамға: Шарсу мен Амбаршыға, ал жаңасы төртке: Орда алды, Устенбуи,
Домалақ қала мен Әндіжан кучаз (көшеге) бөлінген» деп жазды.
Қашғар исламға дейінгі кезеңнің өзінде-ақ Азиядағы Христиандық орталықтарының
бірі болды. Марко Поло: «Бұл жерде несторшылдар тұрады; олардың өз шіркеулері мен
өз заңы бар» деп атап өтті. VII ғасырдың өзінде грек және сириялық миссияшылары
арқылы Қашқарға христиандықтың енгендігі айқын. Бұл ресми түрде күпірлік болып
аталған және Константинополь, сондай-ақ Рим тарапынан да қуғындауға ұшыраған, не-
сторлық пайымдаудағы христиандық болды. Өзі пайда болған жерден жікшілдік секта
ретінде қуғындалған несторшылдық христиандық әлемнен алыста – Қашғар мен өлкенің
басқа да қалаларынан пана тауып, гүлденді. Константинопольдік патриарх Нестор өз на-
сихаттарында Иисус адам болып туған, тек кейіннен ғана құдайлық табиғатқа ие болған
дегенді тұжырымдады және бұл үшін еретик ретінде қарғыс айту мен анафемаға ұшыра-
тылды.
64
65
Сол кездегі жыл-
дары Қашғар будда
мәдениетінің де орта-
лығына айналды. Үн-
дістанда пайда болған
буддизм бұл елден
Қашғарға, ол жерден
Құшар, Тұрпан, Қы-
тай мен Кореяға қа-
рай таралды. Буддизм
көптеген
ұрпақтың
рухани өміріне орасан
ықпал ете отырып,
ұйғырлар мың жыл-
дан астам уақыт бойы
табынған дін болды.
Қашғарлықтар
өз-
дерінің көп мыңдаған
жылдық тарихында дүниежүзілік діндерді: христиандықты, буддизмді, қазір исламды
қосқанда әртүрлі діндерді ұстанды, өздеріне бұл сенімдердегі ең үздік нәрселерді дарыт-
ты. Марко Полодан Шоқан Уәлихановқа дейінгі көптеген саяхатшылар таңданған олар-
дың дінге төзімділігінің құпиясы осында екендігі айқын.
Қашғар шынайы даңққа Қарахандар (850-1212 жылдар) кезінде ие болды, бұл кезде
ол ислам мәдениеті орталықтарының біріне айналды. Сол жылдары қалада аса білімді
дінтанушылар насихат жүргізді, әйгілі медреселер жұмыс істеді. Алайда дана Қашғар,
бақытқа орай, мысалы көршілес Бұхара сияқты ортодоксальды болған жоқ. Сондықтан
да Қашғарияда ағарту ісі, ғылым мен мәдениет гүлденді.
Міне, сондықтан да бұл қалада Қашғардың тамаша ұлдарының данышпандары Исуси
Хас Хаджип Махмұт Қашғари мен Ахмет Игунекилер өсіп жетілді. Бұл туралы кейінірек
толығырақ әңгімелейміз, ал қазірше заманауи Қашғарға қайта ораламыз.
Тянь-Шань, Памир мен Кунлуньнің таулы қыраттары түйісетін гүлденген аңғарда ор-
наласқан бұл қала орталық Азиядағы ең ірі және ең қызықты мегаполистердің бірі бо-
лып табылады. Ондағы халық біз жиі болатын заманауи Бішкектегіден аз емес. Қашғарда
ежелгі және ескі орамдар көпқабатты үйлердің толықтай заманауи орамдарымен көрші
тұр. ХХІ ғасырдың адамын биік ғимараттармен таңдандыра алмайсың. Егер мысалы, Ду-
байда 163 қабат ғимарат салынған болса, онда басқа жерде жүз жетпіс қабатты да салуға
болатындығы айқын, осылайша тарихты заманауи қала құрылысының пайдасына ығы-
стыруға болады. Қашғарда ең жуырдағы уақытта елдегі ең биік көпқабатты үйлердің бірі
көтерілетін болады деген тұжырымдар айтылуда. Бұл ежелгі қалаға не үшін қажет? Ал
оның ескі көшелерімен кезуді әркім де армандайды.
65
66
66
Ескі ўаланы¤ шытырмандары
Қазіргі кезде Қашғардың ескі орамда-
рында қанша адам тұрады? Бұл сұраққа-
жауап беру қиын. Ресми статистика онда
екі шаршы километр ауданда 23 мың адам
тұрып жатыр дегенді растайды. Біз қаланың
Достарыңызбен бөлісу: |