Білім беру нәтижелері: ON1 Науқастарға бағытталған сапалы емдеуді қамтамасыз етуде клиникалық және биомедициналық ғылымдардың білімдерін қолдана отырып, медициналық қызметпен айналыса алады.
ON2 Жалпы ауруларды диагностикалау және емдеу сатыларындағы клиникалық, зертханалық және функционалды зерттеу әдістерінің нәтижелерін түсіндіре алады.
Пәнді оқу аяқталғаннан кейін сіз құзіретті боласыз: 1) сипаттауда:
- тірек-қимыл жүйесі мүшелерінің микропрепараттарын микроскопиялық және ультрамикроскопиялық деңгейде;
- энергия алмасуының сатыларын, дәнекер, сүйек және бұлшық ет тіндерінің химиялық құрамы мен олардағы метаболизм ерекшеліктерін;
- дені сау адамның әр түрлі жас кезеңдеріндегі тірек-қимыл жүйесі органдарының физиологиялық функцияларының қалыптасуының негізгі механизмдерін;
- тірек-қимыл жүйесінің тұқым қуалайтын ауруларын, миопатияларды және ақыл-ой мен дене дамуының кемістігі синдромдарын диагностикалау әдістерін;
2) анықтауда және атауда:
-кеуденің, бастың және қол-аяқтың ірі буындарының анатомиялық структураларын;
-бастың, мойынның, кеуденің және қол-аяқтың бұлшық еттерін;
-науқастардағы тұқым қуалау типін, генотиптерін;
3) дағдыларды демонстрациялауда:
- ірі буындардың, бұлшық еттің ірі буындарының анатомиялық структуралары туралы белгілі мәліметтерді жинақтауды және клиникалық зерттеулердің кейбір элементтерін қолдана отырып, негізделген қорытындылар жасауды;
- тірек-қимыл жүйесі мүшелерінің құрамындағы әртүрлі тіндердің жасушалары мен жасуша аралық заттарын жарық микроскобының көмегімен анықтауды;
- физиологиялық құрылғылармен жұмысты;
- дәрігерлік практикада OMIM (Online Mendelian Inheritance in Man) тұқым қуалайтын аурулар базасымен жұмысты;
4) нәтижелерді (мәліметтерді) интерпретациялауда:
- тірек-қимыл жүйесі мүшелерінің құрылысын микроскопиялық, ультрамикроскопиялық деңгейдегі зерттеу нәтижелерін;
- индикаторлық ферменттердің активтілігі және дәнекер, сүйек, бұлшық ет тіндерінің метаболизміндегі басқа да биохимиялық көрсеткіштері туралы зертханалық мәліметтерді;
- жас ерекшеліктерін ескеріп, тірек-қимыл жүйесі органдарын физиологиялық зерттеу;
- тірек-қимыл жүйесінің тұқым қуалайтын ауруларының, миопатиялардың және ақыл-ой мен дене дамуының кемістігі синдромдарының шежіресін, науқас баланың туу қаупін есептеу, тұқым қуалау түрін анықтау нәтижелерін интерпретациялауға;
5)заманауи әдебиеттің мәліметтерін талдауда;
6)оқытылатын пәннің контексінде логикалық анализдің, аргументтелген тілдің, командада жұмыс істеудің, кәсіби терминологияны меңгеру, тиімді ауызша және жазбаша дағдыларды көрсете аласыз.