Барлық пәндер бойынша БӨЖ- тақырып сұрақтары бойынша өз бетімен әдебиеттермен дайындалу, ситуациялық есептерді шешу түрінде жүргізіледі.
Жіберілу рейтингісінің бағасы (ЖРБ)
Жіберілу рейтингінің бағасы модуль бойынша қорытынды бақылаудың бағасының 60%-н құрайды.
Жіберілу рейтингісінің бағасын есептеу үшін электронды журналда: ағымдағы бақылаудың (АғБ) орташа бағасы есептеледі де, сәйкес коэффициенттерге көбейтіледі және қосылады.
ЖРБ пән = (АғБ орт*0,6) ЖРБ модуль=(1пән үлесі х 1пән ЖРБ)+ (2пән үлесі х 2пән ЖРБ)+…+ (n пән үлесі х n пән ЖРБ)
Пәннің үлесі модульдің кредитінің (сағатының) жалпы санынан пәннің кредитінің (сағатының) меншікті үлесімен анықталады.
ЖРБ ведомосын молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасы №15 аптада жасайды.
Бұл балдан төмен ЖРБ жинаған студент сараланған сынаққа жіберілмейді және жазғы қосымша семестрде ақылы түрде пәнді қайта оқиды.
Аралық бақылау (АрБ)
ЖРБ 40%
Қорытынды бақылаудың жиынтық бағасын құрайды. Аралық бақылаулар №1 Аралық бақылау - препараттар бойынша ауызша 3-аптада анатомия кафедрасы кафедрасы қояды.
№ 2 Біріктірілген жазбаша аралық бақылау №13-аптада өтеді, бағасын биохимия кафедрасы қояды.
Аралық бақылау бағасының саны – 2 АБ бағасы пән бойынша кредит санын ескеріп формула бойынша есептеледі есептеледі.
АБ бағасы:
АБ1=(АБа*0,5+АБг*0,)/1;
АБ2=(АБф*0,5+АБб*0,5+Бген*1)/2
(мұнда: а-анатомия, г-гистология, ф-физиология, б-биохимия, ген-генетика; АБ-пән бойынша аралық бақылау бағасы).
Модуль бойынша 2 біріктірілген аралық бақылау жүргізіледі: 1) препараттар/муляждар бойынша ауызша сұрау түрінде (анатомия және гистология); 2) билет бойынша жазбаша ситуациалық есептерді шығару (генетика, физиология, биохимия).
АБ бағасы модуль пәндері бойынша кредиттер санын ескере отырып, формула бойынша қойылады.
Үштілділікті енгізу: билеттегі сұрақтардың біреуіне студент 1 терминді үш тілде жазып, оқыту тілінде түсіндіруі тиіс. ҚО кезінде жазбаша аралық бақылау Moodle dis.kaznmu, платформасында жүргізіледі. Баллдарды есептеу тиісті бағалау парағы толтырылғаннан кейін жүргізіледі.