өзінің талаптарын, шағымдары мен ұсыныстарын оқытушымен, кафедра меңгерушісімен және оқу ісінің меңгерушісімен ашық талқылауға;
сабаққа дәлелді себептермен немесе бұйрық немесе өкімге сай деканаттың рұқсатымен қатыспауға, бұл жағдайда өткізіп алған сабақты "2020-2021 оқу жылының академиялық саясатына" және стандартты жұмыс түрі:"Жіберілген материалды игеруге" сәйкес пысықтауға;
емтихан нәтижесімен келіспеген жағдайда бағаны қайта қарауға апелляция берге; Процедурасы қабылданған Апелляция жүргізу ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
ААЖ «Сириус» порталында силлабустарды және оқу-әдістемелік, емтихан материалдарын тегін пайдалануға;
электронды журналдарда үлгерім нәтижелері туралы ақпаратты уақтылы алуға құқығы бар.
оқу бактериологиялық зертханасында жұмыс істеу үшін/ клиникалық базада ауыстырылатын аяқ киім (немесе бахилалар), медициналық қолғаптар, маскалар болуы керек;
Университет, кафедра аумағына кірген кезде "Ashyq"қосымшасын пайдалану. Университет, кафедра аумағына «жасыл» және «көк» мәртебесі бар студенттер жіберіледі;
барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға, бетперде киюге, қолды сабынмен жиі жууға немесе спирттік негізіндегі антисептикпен сүртуге. Қолды сүрту үшін бір реттік майлықтарды қолданған жөн, жеке гигиена құралдарын қолданған жөн;
жөтел этикетін сақтауға, түшкіру немесе жөтелу кезінде ауыз бен мұрынды жабуға, вирустың таралуын болдырмау үшін бір рет қолданылатын майлықтарды қолдану жақсырақ. Осыдан кейін бірден қолыңызды сабынмен жуыңыз немесе спирт негізіндегі антисептикпен сүртіңіз;
1-1,5 метрден кем емес қашықтықты сақтауға және адамдармен дене байланысын шектеуге (сүю, достармен, курстастармен сәлемдесу кезінде құшақтасу және т. б.);
дене қызуы көтеріліп, ауру белгілері пайда болған кезде тез арада КВИ бойынша Call-орталыққа жүгінуге, жедел жәрдем шақыруға және деканат қызметкерлерін, кураторды, оқытушыны хабардар етуге міндетті.