246
§29
БАКАЛАВРИАТ МАМАНДЫҚТАРЫНДАҒЫ ПӘНДЕРДІҢ НЕГІЗГІ ОҚУ
БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ РӘСІМДЕУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
1.
Жоғары және жоғары оқу орынан кейінгі білім беру мамандықтарындағы пәндердің
негізгі оқу бағдарламалық пәндерді әзірлеу мен рәсімдеу бойынша дайындалған әдістемелік
ұсыныстар негізгі оқу бағдарламаларын дайындау және рәсімдеу кезінде факультеттің
әдістемелік бюролары қолдану үшін әзірленген.
2.
Негізгі оқу бағдарламасы – ұсынылған әдебиеттерді меңгеруге қажетті негізгі білім
ауқымын, мүмкіндіктерді, дағдылар мен құзыреттіліктерді көрсететін, негізгі оқу
жоспарының маңызды компоненті болып табылатын пәндерді
оқыту тәртібі мен көлемі
берілген кәсіби білім беру бағдарламасының маманданымы негізінде жасалған құжат.
3.
Пәннің негізгі оқу бағдарламалары кафедрада әзірленеді, сараптамаа өткізілгеннен
кейін сараптама қорытындысымен бірге Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің
әдістемелік бөліміне беріледі.
4.
Пәннің негізгі оқу бағдарламалары қазақ, орыс
және ағылшын тілдерінде
құрастырылады.
5.
Пәннің негізгі оқу бағдаламалары факультеттің Ғылыми кеңесі және университеттің
Ғылыми-әдістемелік кеңесінің отырысында қарастырылады.
6.
Пәннің негізгі оқу бағдарламасы университеттің Ғылыми кеңесімен бекітіледі.
7.
Пәннің негізгі оқу бағдарламсына сай пәннің силлабусы, сонымен қатар, белгіленген
тәртіпте сәйкесінше оқу және оқу-әдістемелік құралдар әзірленіп, басылып шығады.
Негізгі оқу бағдарламасының құрылымы мен мазмұны.
8.
Пәннің негізгі оқу бағдараламасы келесі бөлімдерді қамтуы тиіс:
- титул парағы;
- алғы сөз
- түсіндірме хат
- пәннің тақырыптық жоспары
- пәннің мазмұны
- ұсынылған әдебиеттер тізімі (негізгі, қосымша).
9.
Титул парағы, үлгідегіге сәйкес әзірленеді. (1-үлгі) Пәннің атауы осы мамандықтың
негізгі оқу жоспарына сәйкес болуы керек.
10.
Алғы сөзде негізгі оқу бағдарламасын әзірлеушілер (авторлары, ғылыми дәрежесі,
атағы және жұмыс орны), пікір берушілер (пікір берушілер саны екіден кем болмауы, оның
біреуі басқа кафедра немесе басқа факультеттен болуы тиіс), кәсіби білім беру
бағдарламасының маманданымына сәйкестілігі (2-үлгі)
11.
Түсіндірме жазба мыналарды қамтиды:
пәннің мақсаты, бәсекеге қабілетті
кадрларды даярлаудағы рөлі мен маңыздылығы, мамындықтың кәсіби оқу жоспарының
пәнаралық байланысын жүйелеу, пәнді оқып-үйренудегі алғышарттар, сондай-ақ, осы пәнді
оқып-үйрену нәтижесіндегі құзыретілік.
12.
Мазмұны кіріспе және негізгі бөлімнен тұрады. Кіріспе
бөлім оқытылып жатқан
пәннің мақсаты мен міндеттерін, осы пәнді оқып-үйрену объектілерін және әдістері туралы
ақпаратты, басқа ғылымдар арасында пәнінің рөлі мен ғылыми орнын қамтиды. Сондай-ақ,
пәнді зерттейтін ғылым саласының негізгі кезеңдері мен дамуының қысқаша тарихи очеркін
қамтиды. Пән мазмұнының негізгі бөлімі пәнді оқып-үйренуде қажет білім көлемін
қамтитын нақты және дәл ақпаратты, іргелі, жалпыхалықтық және ғылыми өрісіне сәйкес
әрбір тақырып бойынша арнайы түсініктер беруге тиіс.
Қоғаммен танылмаған жеке
зерттеулердің нәтижелері пәннің бағдарламасына енгізілмейді.
247
13.
Пәннің мазмұны бағдарламада бөлімдер мен тақырыптарға бөлініп баяндалған.
Сондай-ақ бұл тізім пән туралы тұтастай түсінік және зерттелетін объектілердің анық бірігей
түсінігін ұсына алуы керек. Пәннің мазмұнына, сондай-ақ осы ғылымның дамуына
ғалымдардың қосқан үлесі туралы ақпарат, оның дамуының қазіргі үрдістері мен болашағын
көрсететін ақпараттар кіреді.
14.
Пәннің мазмұны анық, ауытқуларсыз қысқа да нұсқа тілмен беріледі.
15.
Негізгі бөлігінің соңында курстық жобалар мен жұмыстардың,
гарфикалық және
есептік-графикалық жұмыстардың тақырыптық үлгісі, сондай-ақ мамандық бойынша
мемлекеттік стандартқа сәйкес пәннің құрылымына тиісті өзге де ықтимал іс-шаралардың
түрлері мен міндеттердің құрылымы болып табылатын практикалық (семинар) және
зертханалық сабақ (зертханалық тәжірибе) тізімінің үлгісі беріледі.
16.
Ұсынылған әдебиеттер тізімі (негізгі және қосымша) пән мазмұнының барлық
мәселелерін толық қамтитын атаулардың жеткілікті санын
заманауи ғылыми-әдістемелік
деңгейде қамтуы тиіс.
17.
Әдебиеттер тізімі табиғи-техникалық бағыттағы мамандықтар үшін – соңғы 10
жылдағы, ал әлеуметтік-гуманитарлық мамандықтар үшін –соңғы 5 жылдағы басылымдар
болуы тиіс.
18.
Негізгі оқу бағдарламасы келесі талаптарға сәйкес рәсімделеді: А-4 форматы, әр
бетте нөмірлеу, шеттер - барлық жағынан 2 см, шрифт Times New Roman, кегль 14, әр абзац
алды қиық - 1см, автоматты аудару міндеті орнатылған ені тураланған әр жолдағы бірдей
интервал.