Редакциясын басқарған Ғ. М. Мұтанов


. « Қазақстан тарихы» бойынша мемлекеттік емтиханды ұйымдастыру және өткізу



Pdf көрінісі
бет16/208
Дата03.12.2023
өлшемі3,06 Mb.
#133288
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   208
11
. «
Қазақстан тарихы» бойынша мемлекеттік емтиханды ұйымдастыру және өткізу 
11.1. 
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де бакалавриаттың барлық академиялық 
бағдарламаларында Қазақстан тарихын оқу міндетті талап болып табылады. Бакалавриаттың 
барлық мамандықтарында білім алушылар «Қазақстан тарихы» пәнін оқып біткен соң
академиялық күнтізбеге сәйкес аралық аттестация кезінде мемлекеттік емтихан тапсырады.
11.2. Жоғары білім базасында оқу мерзімі жылдамдатылған қысқартылған білім беру 
бағдарламалары бойынша білім алушылар «Қазақстан тарихын» оқымайды және емтихан 
тапсырмайды. 
11.3. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханның оқу жұмыс бағдар-
ламасы сол пәннің үлгілік оқу бағдарламасы негізінде жасалып, университеттің Ғылыми 
кеңесінде бекітіледі. Мемлекеттік емтиханды өткізу түрін факультеттің Ғылыми кеңесі 
анықтайды.
11.4. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша емтихан қабылдау үшін құрамында төрағасы 
және комиссия мүшелері бар Мемлекеттік емтихан комиссия (МЕК) бір күнтізбелік жылға 
құрылады. МЕК төрағасының кандидатурасы ағымдағы жылдың 1 қарашасынан 
кешіктірілмей ҚР БҒМ-ға жіберіледі және оны министрлік осы жылдың 1 желтоқсанынан 
кешіктірмей бекітеді. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша тапсырылған мемлекеттік 
емтиханның нәтижелері оны өткізу қарастырылған сессияның қорытындыларын шығарған 
кезде есептеледі.
11.5. Мемлекеттік емтихандағы «қанағаттанарлықсыз» деген бағаны жақсы бағаға 
қайта тапсыру үшін білім алушы теориялық оқу кезеңінде оқу жұмыс жоспарында 
қарастырылған пәндер бойынша барлық оқу сабақтарына ақылы түрде қатысып, ағымдық 
және межелік бақылаулардың талаптарын орындап, мемлекеттік емтиханға рұқсат алып оны 
тапсырады.
11.6. Мемлекеттік емтихан бойынша алған оң бағаны көтермелеу мақсатында оны 
қайта тапсыруға рұқсат берілмейді. 
Толығырақ §§7, 8, 13, 18 қараңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет