Редакциясын басқарған Ғ. М. Мұтанов


 Білім алушылардың қорытынды аттестациясы



Pdf көрінісі
бет18/208
Дата03.12.2023
өлшемі3,06 Mb.
#133288
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   208
13. Білім алушылардың қорытынды аттестациясы 
13.1. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да білім алушылардың қорытынды аттестациясы 
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарына академиялық күнтізбеде 
көрсетіліп, мамандықтың оқужұмыс жоспарларында бекітілген мерзімде өткізіледі. 
Бакалавриат білім алушыларының қорытынды аттестациясы мемлекеттік емтихан 
тапсыру және дипломдық жұмыс (жоба) қорғау түрінде өткізіледі. Магистратура мен 
докторантура білім алушыларының қорытынды аттестациясы кешенді емтихан мен 
диссертацияны қорғаудан тұрады.
13.2. Білім алушыларды қорытынды аттестациядан өткізу үшін барлық оқу түрлері 
бойынша әрбір мамандық үшін мемлекеттік аттестация комиссиялары (МАК) құрылады. 
Факультет декандары ағымдағы жылдың 15 қазанына дейін Академиялық мәселелер 
бойынша департаменттің оқу үдерісін жоспарлау және қамтамасыз ету бөліміне және 
Жоғары оқу орнынан кейінгі институтқа бітіруші мамандардың саласына сәйкес тәжірибелік 
еңбек өтілі бар және аталған ЖОО-да жұмыс істемейтін профессорлар, доценттер, ғалымдар, 
оқытушылар, өндірістің тәжірибелі мамандары және мұғалімдер ішінен МАК төрағаларының 
кандидатураларын ұсынады. МАК төрағасының кандидатурасы ағымдағы жылдың 1 
қарашасынан кешіктірмей ҚР БжҒМ жіберіледі де, сол жылдың 20 желтоқсанынан 
кешіктірмей министрлік тарапынан бекітіледі 
13.3. Білім алушылар қорытынды аттестацияға тізім бойынша факультет деканының 
өкімімен (универстет бойынша бұйрық) рәсімделіп қорытынды аттестациялаудан кемінде екі 
апта бұрын МАК-қа жіберіледі. Магистрлік не докторлық диссертацияны қорғауға білім 
алушылар МАК төрағасының ұсынысымен университет ректорының бұйрығымен жіберіледі.
Қорытынды аттестацияға жұмыс және жеке оқу жоспарлары мен оқу жұмыс 
бағдарламаларына сәйкес оқу үдерісін толық аяқтаған білім алушылар жіберіледі. Бітіруші 
курстың студенті жұмыс және жеке оқу жоспары талаптарын және оқу жұмыс 
бағдарламасын орындамаса жазғы семестрден өткізілместен оқу курсына қайта оқуға 
қалдырылады. 
13.4. Ректор бекіткен МАК жұмыс кестесі МАК жұмысы басталуына екі апта қалғаннан 
кешіктірмей жалпы назарға жеткізіледі.
13.5. Бакалавриаттың соңғы курсында білім алушылардың диплом жұмыстарының 
рецензенттері жұмыс орны мен атқаратын қызметі көрсетіліп және диплом жұмыстарының 
тақырыптары бітіру курсының басындафакультет ұсынған жалпы тізім бойынша ректордың 
бұйрығымен бекітіледі.
13.6. 
Магистранттар мен докторанттардың диссертациялық жұмыстарының 
тақырыптары оқудың алғашқы екі ай ішінде университет Ғылыми кеңесінің шешімі 
бойынша ректордың бұйрығымен бекітіледі.
13.7. Дипломдық жұмысты, магистрлік не докторлық диссертацияны рецензиялауды 
тек қорғалатын жұмыс профиліне сәйкес мамандыққа ие, сырт мекемелердің мамандары ғана 
жүзеге асыра алады.
 
13.8. Кешенді емтихан магистратурада диссертацияны қорғаудан бір ай бұрын және 
докторантурада үш ай бұрын қабылданады. 
13.9. Мамандықтар бойынша мемлекеттік емтихандардың жұмыс бағдарламаларын, 
магистратура мен докторантурадағы кешенді емтихандар бағдарламаларын, осы емтиханға 
енгізілген пәндердің оқу бағдарламасы негізінде оларды өткізу технологиясынуниверситет өз 
бетінше құрастырып, бекітеді.
13.10. Дипломдық жұмыс (магистрлік диссертация) МАК ашық отырысында 
қорғалады. Докторлық диссертация диссертациялық кеңестің отырысында қорғалады.
13.11. Студентке мынадай жағдайда дипломдық жұмыстың (жобаның) орнына екі 
мемлекеттік емтихан тапсыруға рұқсат етіледі: 
1) денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтаманың негізінде стационарда ұзақ 
емделгенде (бір айдан артық); 


24
2) бала тууы туралы куәлігінің негізінде 3 жасқа дейінгі балалары бар; 
3) ата-аналарының денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтамасының негізінде 
ауру ата-анасын күтуші; 
4) мүгедектік туралы медициналық анықтаманың негізінде мүмкіндігі шектеулі 
мүгедек. 
13.12. 
Білім 
алушы 
бітіру 
жұмысын 
(диплом 
жұмысы/ 
жоба 
немесе 
магистрлік/докторлық диссертация) ғылыми жетекшісінің (магистрлер мен PhD үшін) оң 
пікірі болған жағдайда қорғайды. Егер ғылыми жетекші (магистрлер мен PhD үшін) 
«қорғауға жіберілмейді» деген теріс қорытынды шығарса, білім алушы бітіру жұмысын 
қорғамайды. 
13.13. Магистрлік диссертацияның тақырыбы бойынша кемінде бір, докторлық 
диссертация тақырыбы бойынша кемінде жеті ғылыми мақала ашық басылымда жариялануы 
керек. 
13.14. Дипломдық жұмыстар (жобалар), магистрлік және докторлық диссертациялар 
плагиатқа міндетті түрде тексеріледі.
13.15. Мемлекеттік және кешенді емтихандарды тапсыру мен диплом жұмыстарды, 
магистрлік, 
докторлық 
диссертацияларды 
қорғау 
нәтижелері 
сол 
күні 
жарияланады.Қорғаудың бағасы, сондай-ақ біліктілік пен академиялық дәреже және 
мемлекеттік үлгідегі диплом (үздік, үздік емес) беру туралы шешім МАК-тың жабық 
мәжілісінде комиссия мүшелері мен мәжіліске қатысушылар ашық дауысқа салып көпшілік 
дауыспен қабылданады.
13.16. Бағаны жоғарылату мақсатымен мемлекеттік/кешенді емтихандарды қайта 
тапсыру және диплом жұмыстарын (магистрлік, докторлық диссертация) қайта қорғауға 
рұқсат етілмейді.
13.17. Мемлекеттік/кешенді емтиханға себепті жағдайлармен келмеген білім алушы 
МАК төрағасының атына өтініш жазады, ақтау құжаттарын өткізіп, емтиханды комиссияның 
келесі мәжілісінде тапсыра алады. Кешенді емтиханды жақсы бағаға тапсырған 
магистрант/докторант магистрлік/докторлық диссертациясын қорғауға жіберіледі. 
13.18.Қанағаттанарлықсыз бағаға ие боған тұлғаларға мемлекеттік/кешенді емтиханды 
қайта тапсыруға және/немесе дипломдық жұмысты/магистрлік диссертацияны қайта 
қорғауға қорытынды аттестацияның осы кезеңінде рұқсат етілмейді. Қанағаттанарлықсыз 
баға қойылғаннан кейін МАК-қа ұсынылған денсаулық күйі туралы анықтамалар 
қарастырылмайды. 
13.19. Дипломдық/магистрлік диссертацияны қорғау қанағаттанарлықсыз деп табылса, 
МАК сол жұмысты енгізілген өзгерістерімен немесе жаңа тақырыппен қайта қорғауға 
мүмкіндік береді. 
13.20. Қорытынды аттестациядан «қанағаттанарлықсыз» деген бағаға ие болған білім 
алушылар ЖОО жетекшісінің бұйрығымен оқудан шығарылып, оларға белгіленген үлгідеге 
Анықтама беріледі. 
13.21. Білім алушының қорытынды аттестациядан қайта өтуі алдыңғы қорытынды 
аттестациядан «қанағаттанарлықсыз» баға алған жағдайда ғана келесі қорытынды аттестация 
кезеңінде тек бұрынғы формада жүргізіледі. Мұндай жағдайда мемлекеттік емтиханды 
тапсыра алмаған тұлғаларға арналған пәндер тізімі білім алушының теориялық курсты 
аяқтаған жылы бекітілген оқу жұмыс жоспарымен анықталады. 
13.22. Қорытынды аттестация нәтижесі бойынша университеттен шығарылған білім 
алушы келесі оқу жылының қорытынды аттестациясынан кем дегенде екі апта бұрын білім 
беру ұйымының басшысының атына «F» «қанағаттанарлықсыз» баға алған формаларына 
жіберуге рұқсат беру жөнінде өтініш жазады. Білім алушы емтиханды қайта тапсыруға 
немесе диплом жұмысын қорғауға тек ақылы негізде жіберіледі. 
13.23. Қорытынды аттестациядан өткен және жоғары білімнің кәсіби білім беру 
бағдарламасын меңгергенін дәлелдеген білім алушыға МАК-тың шешімімен мамандығына 


25
сай біліктілік және (немесе) «бакалавр» академиялық дәрежесі бойынша қосымшасы 
тіркелген мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.
Қорытынды аттестациядан өткен магистратураның кәсіби білім беру бағдарламасын 
меңгергенін дәлелдеген білім алушыға МАК-тың шешімімен мамандығына сай біліктілік 
немесе «магистр» академиялық дәрежесі бойынша қосымшасы тіркелген мемлекеттік 
үлгідегі диплом беріледі.
Қорытынды аттестациядан өткен докторантураның кәсіби білім беру бағдарламасын 
меңгергенін дәлелдеген білім алушыға диссертациялық кеңестің ұсынысы бойынша ҚР БҒМ 
БҒСБК «философия докторы» (PhD) немесе «профиль бойынша доктор» ғылыми дәрежесін 
береді. 
13.24. Философия докторының (PhD) немесе профиль бойынша доктор дайындайтын 
оқу үдерісінің аяқталуының негізгі критерийі докторанттың Жалпыға міндетті білім 
стандарты бойынша көлемде білім беру бағдарламасын меңгеруі болып табылады. 
Магистратураның білім беру бағдарламасын мерзімінен бұрын меңгеріп, 
диссертацияны сәтті қорғаған жағдайда магистрантқа оқу мерзіміне қарамай магистр 
академиялық дәрежесі беріледі. 
Докторантураның білім беру бағдарламасын мерзімінен бұрын меңгеріп, 
диссертацияны сәтті қорғаған және докторантқа ғылыми дәрежесін беру туралы 
диссертациялық кеңестің ұсынысын ҚР БҒМ БҒСБК қанағаттандырған жағдайда оқу 
мерзіміне қарамай білім алушыға PhD докторы немесе профиль бойынша доктор ғылыми 
дәрежесі беріледі.
13.25. Емтихандарды және дифференциалдық сынақтарды А, А- – «өте жақсы», В, В+, 
В-» жақсы бағаларға тапсырған және оқудың бүкіл кезеңінде орташа үлгерім балы (GRA) 
3,5-ден төмен болмаса, сондай-ақ барлық мемлекеттік емтихандарды және дипломдық 
жұмысты А, А- – «өте жақсы» бағаға қорғаса үздік диплом беріледі (әскери дайындық 
бойынша баға есепке алынбайды). 
Егер білім алушы оқу кезінде емтиханды қайта тапсырса, осы ережелердің талаптарына 
сәйкестігіне қарамастан, үздік диплом ала алмайды. 
13.26. Білім беру бағдарламасы бойынша теориялық оқу курсын толық меңгерген, бірақ 
ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) компонентін орындамаған магистранттар мен 
докторанттарға зерттеу компонентінің кредиттерін қайта меңгеріп, диссертациясын келесі 
оқу жылында ақылы негізде қорғауға мүмкіндік беріледі. Мұндай жағдайда ғылыми-зерттеу 
(эксперименттік-зерттеу) компонентінің игерілмеген кредиттері ғана төленеді.
13.27. Аккредитациядан өткен мамандықтардың түлектерінің қалауымен ақылы негізде 
Diploma Supplement дипломға Еуропалық қосымша беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет