3.4. Магистратура мен докторантурадағы оқу үдерісін ұйымдастыру
65. Магистратура мен докторантураның кәсіби оқу бағдарламасын меңгеру тек күндізгі
бөлімде ғана жүзеге асады. Магистратура/докторантураның оқу жылы академиялық кезеңнен
(семестрден) тұрады, оқу кезеңі теориялық білім алу мен ғылыми-зерттеу (тәжірибе-зерттеу)
жұмыстары, бағылау кезеңі – аралық бағылау/қорытынды бағылау кезеңі, қорытынды
аттестация және практика мен демалыс кезеңдерін қамтиды. Бір акдемиялық кезеңнің
ұзақтығы 15 атпадан тұрады. Академиялық және қорытынды кезеңдерді, парктика мен
демалыс кезеңдерін, сондай-ақ оқу жылы аясында өткізілген іс-шаралар кезеңін
155
ұйымдастыру магистратура мен докторантураның акдемиялық күнтізбесінде көрсетіледі.
Аралық аттестация/қорытынды бақылаудың ұзақтығы 2 аптадан кем болмауы керек. Оқу
жылындағы демалыс ұзақтығы 7 аптадан кем болмауы керек.
66. Магистратура/докторантураның академиялық күнтізбесі университеттің ЖОО
кейінгі білім беру Институты өндіреді, оқу жұмысы жөніндегі проректор бекітеді және жаңа
оқу жылының басталуына 1 ай қалғанға дейін білімгердің оқу бағдарламасы турады ақпарат
Тіркеу офисі қызметкерлеріне жіберіледі.
67.
Магистратура/докторантураның оқу бағдарламасын меңгеру білімгердің
аудиториялық (тығыз қарым-қатынаста) және аудиториядан тыс (өз бетінше) білім алуы
арқылы жүзеге асады. Теориялық оқудың әрбір аудиториялық жұмысы магистратурада
профиьлді білім алушының 3 сағаттық өздік жұмысымен, магистратурада ғылыми-
педагогикалық білім алушының 4 сағаттық өздік жұмысымен және Ph.D докторантурада
және профильді докторантурада білім алушының 6 сағаттық өздік жұмысымен қатар жүреді.
68. Магистратура/докторантурада білім алушылардың аудиториялық жұмысының
өтетін және жалғасатын орнын академиялық және бақылау кезеңдерінде, сондай-ақ іс-
тәжірибе кезеңінде оқу ісі жөніндегі проректоры күн тәртібі арқылы бекітеді. Сабақтың,
педагогикалық әс-тәжірибенің, аралық және қорытынды бақылау аттестациясының кестесін
Тіркеу офисі қызметкерлері жүзеге асырады, олар жоо кейінгі білім беру Институтында
кесте құрастыруға жауапты, сондай-ақ білімгерлер мен магистратура/докторантураның білім
беру бағдарламасының профессорлық-оқытушылық құрамын келесі кезеңнің басталуына кем
дегенде 2 апта қалғанша ақпаратпен қамтамасыз етуі керек. Кестенің нақтылануына
деканның оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары жауапты.
69. Білімгерлердің аудиториялық жұмысын модульді түрде ұйымдастыру теориялық
пәндерді оқыту аясында жүзеге асады, сондай-ақ технологиялық кешенді оқытудың
көмегімен пәндерді меңгеруді ұйымдастыру пәндерді оқудың қорытынды принциптерін
сақтаған жағдайда орындалады (пререквизиттер мен постреквизиттер).
70. Өзіндік жұмыспен байлансыты магистратура/докторантураның білім беру
бағдарламасының ППС педагогикалық күші білімгердің барлық өзіндік жұмысының жалпы
сағатының кем дегенде 25-30 пайызын құрауы тиіс. Өзіндік жұмысты орындау бойынша
кеңес беру сағаттары жеке кестемен нақтыланады.
71. Магистратура/докторантура білімгерлері Интернет желісіндегі ҚазҰУ-дың веб-
сайтында онлайн тіркеуден өткеннен кейін ғана теориялық оқу курсы бойынша сабаққа
қатыса алады.
72. 1-семестрдің пәндеріне тіркелу үшін мына негіздемелер орындалуы керек:
- білімгерлер тізіміне қосылу туралы бұйрық;
- семестр үшін ақы төлеу (ақылы оқыған жағдайда).
Келесі семестр пәндеріне тіркелу үшін, сонымен бірге пәндерді қайта оқу үшін мына
негіздемелер орындалуы тиіс:
- талап етілген пән-пререквизитін меңгеру;
- семестр үшін ақы төлеу (ақылы оқыған жағдайда).
Тіркеуден өту мерзімі академиялық күнтізбеде көрсетілген. Пәнді қайталап оқу тек
ақылы түрде жүзеге асады.
73. Білімгердің сабаққа қатысу тізіміне тіркелуіне эдвайзерлер мен тіркеу регистраторы
қызметкерлері жауапты. Білімгерлерің пәндерге тіркелуі ағымдағы академиялық кезеңнің
сабақ кестесін құрастыруға негіз болады.
74. Магистратура/докторантурада 1-ші жылы оқып жатқан білімгерлердің 1-семестрде
сабаққа қатысуын тіркеу магистрлік және докторлық бағдарлама эдвайзерлерінің көмегімен
жүзеге асады.
75. Магистратура/докторантурада оқып жатқан білімгерлердің екінші немесе
жалғасатын семестрде сабаққа қатысуын тіркеу жеке оқу жоспары негізінде жүзеге асады.
156
Достарыңызбен бөлісу: |