180
15.
Оқытудың қосымша түрлерін қосқанда, білім алушылардың аудиториялық
сабақтарының көлемі аптасына 36 сағаттан, ал максималды еңбек сыйымдылығы (БӨЖ
қосқанда оқу жүктемесінің жалпы көлемі) – аптасына 57 сағаттан аспау керек.
16.
Апталық оқу жүктемесіне дәріс, семинар (практикалық), зертханалық сабақтарға,
курстық және дипломдық жұмысты орындауға берілетін сағаттар кіреді (аралық бақылау
сабақ кезнде жүргізіледі).
17.
СӨЖ сағаттарына пәндер бойынша
арнайы тапсырмаларды орындау, әртүрлі
бақылауға дайындық, сондай-ақ практика, курстық және дипломдық жұмыс орындау
кезіндегі қосымша жұмыс кіреді.
18.
Жалпы еңбек сыйымдылықтың 57 сағатына студенттердің міндетті сабақтары,
оның ішінде рефераттар, курстық, дипломдық жұмыстар, дөңгелек үстелдер және т.б.
міндетті түрде кіреді. Бұл сағаттардан тыс уақытта тек студенттерге міндеттелмеген шаралар
(конференциялар, олимпиадалар және тағы сол сияқтылар) жоспарлануы мүмкін.
19.
Қысқартылған оқу түрі бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру 4 жылғы күндізгі оқу
түрін ұйымдастыруға толығымен сәйкес келеді.
20.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде
қысқартылған білім
бағдарламалары бойынша сырттай оқу формасы аудиториялық сабақтар мен қашықтықтан
оқуыту технологияларды үйлестіру арқылы жүзеге асырылады.
Бұл кезде аудиториялық сабақтардың саны азаяды. Сырттай бөлімдегі еңбек
сыйымдылықтың жетпеген көлемі білім алушының өзіндік жұмысы есебінен
толықтырылады.Әр пән бойынша жоспарланып отырған аудиториялық сабақтардың сағат
көлемі күдізгі оқу түріндегі аудиториялық сабақтардың 25-30%-ын құрау керек. Жалпы
еңбек сыйымдылығы – пән бойынша аудиториялық сағаттар мен БӨЖ сағаттарының
қосындысы – күндізгі бөлімдегі осы пәннің сағат санына тең болу керек.
Сырттай бөлімдегі аудиториялық сабақтар оқу жылына 2
рет жоспарланатын оқу-
емтихан сессиясы кезінде өткізіледі. Бір оқу-емтихан сессияның мерзімі 6-8 аптадан тұрады.
21.
Сырттай оқу түрінің оқу жоспарының құрылымы, пәндер тізімі, кредит саны және
олардың блок бойынша бөлінуі осы мамандықтың күндізгі оқу түріндегі оқу жоспарына
сәйкес келу керек.
22.
Сырттай білім алушылардың аралық аттестациясы оқу жоспары мен оқу
бағдарламаларына сәйкес, күндізгі оқу түріндегідей емтихан түрінде өтеді.
23.
Мамандықтың базалық пәндері бойынша курстық жұмыстар орындалуы мүмкін,
бірақ олардың саны толық оқу мерзімі бойынша 2-ден аспау керек.
24.
Сырттау оқу түріндегі қорытынды аттестация құрылымы мен мазмұны бойынша
күндізгі бөлімдегіге толығымен сәйкес болу керек.
25.
Алғашқы сессияға бағыт сілтеп, тест және БӨЖ тапсырмалары берілетін
дәрістероқуға түсу емтихандарынан кейін жүргізіледі.
26.
Сырттай бөлім пәндерінің оқу жұмыс бағдарламалары (силлабустар) күндізгі
бөлімдегі
оқу
жұмыс
бағдарламаларына
(силлабустарға)
сәйкес
келу
керек.
Айырмашылықтар тек оқу материалдың аудиториялық сабақтар мен БӨЖ арасындағы
бөлінуіне байланысты болу керек.
27.
Аудиториялық сабақтар (бағыт
сілтейтін және шолу дәрістер, семинарлар)
жалпылама және мәселелік сипатқа ие болу керек, яғни осы пәннің толық меңгерілуін
қамтамасыз ететін негізгі заңдары мен заңдылықтарын, әдіс-тәсілдерін және т.б. анықтау
керек.
28.
Аудиториялық сабақтар материалының іріктелуі жұмыс бағдарламаның міндетті
бөлігі болып табылатын БӨЖ бағдарламасын жасауға байланысты. БӨЖ бағдарламасында өз
бетінше дайындалуға арналған материал, әр түрлі
тапсырмалар, әдебиеттер мен бақылау
түрлері көрсетілуі тиіс.
29.
Мамандарды даярлаудың сапасын қамтамасыз ету үшін сырттай бөлім
оқытушылары БӨЖ бойынша тақырыптары мен тест тапсырмалары келтірілген әдістемелік
құралдар, нұсқаулықтар, дәріс конспектілерін жасап, қашықтықтан оқыту түрлерін
181
қолданып, өздерінің дәрістері мен басқа да сабақтарына аудио- және видео кассеталар
дайындау керек.
30.
Аралық бақылау бойынша 50%-дан кем алған
білім алушы пән емтиханын
тапсыруға жіберілмейді.
31.
Оқу жоспарының талаптарын орындап, осы курстың қажет кредит санын жинаған
білім алушы ректордың бұйрығымен курстан курсқа ауыстырылады.
32.
Ағымдағы семестрде 6-дан аспайтын кредит санын меңгере алмаған білім алушы,
оны келесі семестрде қайта игеруіне болады.