14
жүзеге асыру үшін негіз болады. ЖОЖ-ды тіркеушінің кеңсесіне өткізудің соңғы мерзімі -
семестрдің бірінші аптасы. Білім алушының ЖОЖ-ы оның ІD жеке идентификациялық
нөмірімен тіркеледі.
4.8. Негізгі немесе үлгілік оқу жоспары және білім алушылардың Жеке оқу жоспарлары
негізінде кафедралар оқу жұмыс жоспарларын құрастырып, факультеттер Ғылыми кеңестері
мен университеттің Ғылыми-әдістемелік кеңестің ұсынысы бойынша университеттің
Ғылыми кеңесінде бекітіледі.
4.9. Білім алушы ЖОЖ-ды Академиялық күнтізбеде көрсетілгендей теориялық
оқытудың басталуына дейін мамандық бойынша жұмыс оқу жоспарының шегінде қайта
тіркелу кезеңінде немесе бағдарлау апталығы кезеңінде өзгерте алады.
4.10. Халықаралық алмасу білім бағдарламалары бойынша немесе академиялық
ұтқырлық шеңберінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың серіктестік бағдарламалары
бойынша шетелдік ЖОО-да білім алып жатқан студенттер, магистранттар және
докторанттардың университет мамандығының бекітілген оқу жоспарына сәйкес пәндер
бойынша шетелде оқыған кезеңдегі жинаған кредиттері қайта есептелуі мүмкін. Кредиттерді
қайта есептеу үшін мамандандырғыш кафедра шетелдік ЖОО-да оқылған пәндердің
мазмұнының әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жоспарындағы пәндерге сәйкестігін анықтайды.
Толығырақ §§7, 8, 13, 14, 15, 18, 19, 24, 28, 29, 34, 35 қараңыз.
Достарыңызбен бөлісу: