8
Зерттеу тәжірибесі (практикасы) –
отандық
және шетелдік ғылымның жаңа
теориялық, әдіснамалық және технологиялық жетістіктерімен, ғылыми зерттеулердің,
эксперименттік мәліметтерді іріктеп талдаудың заманауи әдістерімен танысу, сонымен қатар
оларды диссертациялық зерттеуде қолданылуын дағдыландыру мақсатымен магистратура
мен докторантурағы білім алушылар үшін жүргізілетін кәсіби тәжірибенің (практиканың)
түрі.
«I» (Incomplete)бағасы
– пән аяқталмады.
Кредит (Credit Hour)
- білім алушының/оқытушының
оқу жұмысы көлемін өлшейтін
сәйкестендірілген бірлігі. Теориялық оқытудың бір кредиті 45 академиялық сағаттан тұрады,
оның ішінде 15 сағат – аудиториялық жұмыс, 30 сағат – өзіндік жұмыс.
Кредиттік оқыту технологиясы(Credit Unit System)
– білімдер көлемін кредит түрінде
есептеу аясында білім траекториясын таңдап жекелендіруге және оқытудың жинақтау
жүйесіне негізделіп өз білімін арттыру деңгейін және білімдерді шығармашылық түрде
меңгеруді ұлғайтатын білім беру технологиясы.
Куратор –
білім алушылардыңтәрбиесі, бос уақытының ұйымдастырылуы, әлеуметтік-
тұрмыстық жағдайлары бойынша мәселелерді шешу үшін тағайындалатын оқытушы; бір
тұлға куратор мен эдвайзер функцияларын қатар атқаруы мүмкін.
Курстан курсқа өту GPA балы –
жыл сайын әр оқу жылына белгіленетін келесі оқу
курсына өту үшін қажетоқу жетістіктерінің орташа баға деңгейі.
Кредиттерді қайта есептеу –
өзге оқу орнында немесе
өзге оқу жоспары бойынша
оқылған пән мазмұнының бекітілген және қолданыстағы оқу жоспары пәніне сәйкестігін
мойындау рәсімі, нәтижесінде алған бағасымен бірге оқу пәні білім алушының
транскриптіне енгізіледі.
Қайта тіркелу кезеңі (Add/Drop Period)
– білім алушы бір пәннен бас тартып,
басқа
пәнге тіркелу арқылы өзінің жеке оқу жоспарын өзгерте алатын кезең.
Қашықтықтан
оқытудың
ақпараттық
технологиясы
–
электрондық
тасымалдағыштардағы оқу материалдарын жасау, табыстау және сақтау технологиясы; оқу
үдерісін
ұйымдастырып
қамтамасыз
етудің
ақпараттық-телекоммуникациялық
технологиялары.
Қашықтықтан білім беру технологиясы
– қашықтықтан білім алуға мүмкіндік беретін
техникалық қондырғылар мен алыстан оқу құралдарды қолдануға негізделген технология.
Күндізгі және сырттай оқу формалары үшін пайдаланылады.
Қорытынды аттестация (Qualification Examination)
– білімнің сәйкес деңгейіндегі
бағдарламаны меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында жүргізілетін,
нәтижелері бойынша
мемлекеттік үлгідегі құжат (диплом) берілетін процедура. Қорытынды аттестация
мемлекеттік/ кешенді емтихан тапсыру және/немесе дипломдық жұмыс (жоба)/магистрлік
немесе докторлық диссертация қорғау түрінде өткізіледі.
Қорытынды бақылау (Final Examination)
– оқу пәні бойынша бағдарламаны меңгеру
сапасын бағалау мақсатымен білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау;
емтихан
түрінде аралық аттестация уақытында өткізіледі; егер пән бірнеше академиялық кезеңде
оқытылса, қорытынды бақылау пәннің осы академиялық мерзімде оқылған бөлігі бойынша
қабылданады.
Достарыңызбен бөлісу: