Редакциясын басқарған Ғ. М. Мұтанов


Оқу сабақтарына қатысу үшін тіркелу



Pdf көрінісі
бет11/208
Дата03.12.2023
өлшемі3,06 Mb.
#133288
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   208
5. Оқу сабақтарына қатысу үшін тіркелу
5.1. Әрбір пән (модуль) бойынша сабақтар және сабақ кестесін құру білім 
алушылардың пәнге (модулге) тіркелу негізінде жүзеге асырылады. Білім алушы мамандық 
бойынша оқу жоспарында көрсетілген кредиттердің белгілі бір мөлшеріне тіркелуі тиіс.
5.2. Білім алушының алдағы оқу жылына оқу пәндерін оқып-игеруге тіркелуі әл-
Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Univer» (http://univer.kaznu.kz) жүйесінде, кафедралардың 
әдістемелік көмегі менкеңес беруарқылы on-line режимінде жүргізіледі. Білім алушы өзінің 
жеке оқу траекторияларын эдвайзермен егжей-тегжейлі талқылағаннан соң пәнге тіркеу 
жүзеге асырылады, эдвайзер бекітілген жұмыс оқу жоспарларына және пәндер каталогына 
сәйкес пәндерді таңдау мәселелері бойынша түсінік береді. 
Тіркелу мерзімі академиялық күнтізбеде көрсетіледі. 
5.3. Университетке жаңа түскендер үшін мерзімдері академиялық күнтізбеде 
көрсетілетін бағдарлау (ұйымдастыру) кезеңінде кредиттік оқыту жүйесі, пәнге тіркеу 
рәсімдерітаныстырылады.
Бағдарлау кезеңінде әкімшілік өкілдерімен, факультет декандарымен, кафедра меңгеру-
шілерімен, 
эдвайзерлермен 
кездесулер 
өткізіледі. 
Әрбір 
білім 
алушыға 
ІD 
идентификациялық нөмірі (логин) беріліп, білім алушы сол бойынша жеке оқу жоспарын оқу 
пәндеріне он-лайн жолымен тіркейді. 
5.4. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға жаңа түскендерді тіркеу бағдарлау кезеңінен өткен 
соң, бірінші семестр басталғанға дейін жүргізіледі. Білім алушылардың бұл категориясы 
үшін тіркеуге жіберуге университеттің білім алушы/ магистранттары/РhD докторанттары 
қатарына қабылдау туралы бұйрық және семестрдегі оқудың төлем ақысы (егер оқыту ақылы 
негізде жүргізілетін болса) негіз болып табылады.
Қалған білім алушылар келесі оқу жылының пәндеріне және пәнді қайта өтуге (Retake) 
академиялық күнтізбеде көрсетілген тіркеу кезеңінде тіркеледі.
5.5. Тіркеуге жіберуге: 
▪ белгілі бір пәндерді оқып-игеру үшін талап етілетін барлық пререквизиттерді оқып-
өту; 
▪ оқу төлем ақысы бойынша қаржылық қарыздың болмауы;
▪ білім алушының кешенді медициналық тексеруден (оқу жылында кемінде бір рет) 
өтуі міндеті болып табылады 


15
5.6. Соңғы оқу жылында білім алушылардан басқаларының жазғы семестрге тіркелуі 
көктемгі семестрді бітіргеннен кейін жүзеге асырылады.
5.7. Пәнді қайта оқып-игеру (Retake) үшін тіркеу жалпы тіркеудің белгіленген 
мерзімдерінде жүзеге асырылып, бірақ оқу үшін алдын ала төлем жасауды талап етеді, 
себебіпәнді қайта оқып-игеру барлық мамандықтар мен оқыту түрлері үшін тек қана ақылы 
түрде жүргізіледі.
5.8. Білім алушылардың академиялық топтары аталған пәнге жазылған білім алушылар 
санының жеткіліктілігі бойынша құрылады. Міндетті пәндерге тіркелгендердің 
бакалавриатта талап етілетін ең аз мөлшері: 
▪ дәрістерде – кемінде 40 адам;
▪ тәжірибелік сабақтарда – 20-25 адам; 
▪ білім алушылар контингенті аз мамандықтарды санамағанда, тілдік, зертханалық 
сабақтарда – артығы 12 адамды құрайды.
Білім алушылардың академиялық топтарының білім алушылар контингенті шағын 
мамандықтардың элективті пәндері бойынша білім алушылардың барлығының бір пәнге 
жазылу ұстанымы бойынша құрылады. Мұндай жағдайда білім алушылардың жалпы саны 
10-12 адамнан артық болмауы тиіс. 
Білім алушылар саны бекітілген ең аз мөлшерден кем болған жағдайда пән ашылмайды. 
Осы пәнге жазылған білім алушыларға тіркеу аяқталғаннан кейін 3 күннің ішінде бұл туралы 
ескертіліп, пәнді қайта таңдаулары сұралады.
Белгілі бір оқу пәніне тіркелген білім алушылардың саны осы пәнге бекітілген ең көп 
мөлшерден асып кеткен жағдайда бұл пән бойынша қосымша академиялық топ (ағым) 
құрылады.
5.9. Магистратура мен РhD докторантура топтарын құру барысында университет ҚР 
Білім және ғылым министрлігінің нормативтік-нұсқаулық құжаттарын басшылыққа алады. 
Академиялық ағымдар білім алушылар контингенті аз мамандықтарды санамағанда 
максимал есеппен 20-25 адамнан құрылады.
5.10. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да электрондық оқу-әдістемелік материалдарды (е-
ПОӘК және т.б.) пайдалану арқылы қашықтықтан оқыту технологиялары қолданылады. ҚР 
БҒМ нормативтік құжаттары бойынша белгіленген жағдайларда оқу жоспарындағы кейбір 
пәндерді қашықтан оқуға болады. 
Толығырақ §§7, 8, 13, 14, 18, 19, 34, 35 қараңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет