9. Білім алушылардың білімін бағалау
9.1. Білім алушылардың барлық сабақ түрлері бойынша білімі балдық-рейтинг
жүйесіне сәйкес бағаланады.
Құзіреттіліктерді игеру деңгейін анықтау үшін кафедралар құзіреттілікке бағытталған
сұрақтарды құрастырып, оларды факультеттің әдістемелік бюро төрағасы (төрайымы)
бекітеді.
9.2. Қорытынды бақылау бойынша алынған баға оқу пәнінің емтихан тізімдемесіне
және (электрондық) сынақ кітапшасына жазылады. «F-қанағаттанарлықсыз» бағасы тек
емтихан тізімдемесіне енгізіледі.
Пән бойынша қорытынды бағада ағымдағы үлгерім бағасының үлесі 60 %-дан, ал
қорытынды бақылау бағасының үлесі 30 %-дан кем болмауы тиіс.
Межелік және қорытынды бақылау бағалары жақсы болған жағдайда пән бойынша
қорытынды баға есептеледі.
9.3. Емтихан нәтижелерін оқытушы тізімдемеге сай емтихан аяқталғаннан кейін 48
сағат ішінде «Univer»-ге енгізеді.
9.4. Егер білім алушы қойылған бағамен келіспесе, емтихан нәтижесі «Univer»
жүйесіндегі электрондық тізімдемеге қойылған күннің ертеңінен кешікпей апелляциялық
комиссия төрағасының атына апелляцияға өтініш бере алады.
Апелляция студент жауап парағында сұрақтың дұрыс еместігін немесе пәннің оқу
бағдарламасына сәйкес еместігін көрсеткен жағдайда ғана қарастырылады.
Ректордың бұйрығы бойынша сессия кезінде біліктілігі пәннің профиліне сай келетін
оқытушылардан құралған апелляциялық комиссия 24 сағат ішінде өтінішті қарап, бағаны
қайта қарау немесе бастапқы алған бағасын қалдыру туралы комиссия отырысының
хаттамасын жазуы керек. Апелляциялық комиссия білім алушының жазбаша жұмысын
немесе тест түріндегі емтихан нәтижесін қайта қарау негізінде шешім қабылдайды. Егер
білім алушы апелляция нәтижесінде емтиханда алған бағадан төмен баға алса, онда ол
транскриптке енгізіліп, GPA-ны есептегенде соңғы баға есепке алынады. Оқу ісі жөніндегі
проректор апелляциялық комиссияның шешімін бекіткеннен кейін офис-тіркеуші апелляция
нәтижесін енгізеді.
9.5. «AU», «F», бағаларын пәнді қайта оқып өзгертуге болады, бірақ олардың барлығы
транскриптке өзгертілген бағамен бірге енгізіліп, GPA соңғы алынған баға бойынша
есептеледі.
9.6. «F» бағасын алған жағдайда, білім алушының пәнді қайта оқуға (Retake) құқығы
бар, бірақ ол 3 реттен артық қайта оқылмайды. Пәнді қайта оқу тек ақылы негізде
жүргізіледі.
Сабақ басталғаннан кейін төрт апта өткен соң білім алушы пәннен бас тарта алмайды,
бас тартқан жағдайда білім алушыға осы пән бойынша «F» бағасы қойылады. Оқу пәніне
төленген ақы білім алушыға қайтарылмайды.
9.7. Таңдау пәнінен «қанағаттанарлықсыз» баға алған білім алушының белгіленген
тәртіп бойынша осы пәнді қайта оқуына немесе осы блоктағы басқа пәнді таңдауына құқығы
бар. Пәндер эдвайзердің және офис-тіркеушінің келісімімен ауыстырылады.
9.8. Егер білім алушы семестр ішінде межелік бақылаудан 50 балдан кем алмаса,
емтиханға дәлелді себептермен (ауырғаны туралы құжаты Алматы қаласының студент
емханасында куәландырылған және т.б.) келе алмаған жағдайда, ол «І» бағасына ие болады.
«І» бағасын алу үшін емтихан өткеннен кейін екі күннен кешікпей оқу ісі жөніндегі
проректорға оқытушысы, факультет деканы, оқу үдерісін жоспарлау және қамтамасыз ету
бөлімі және ДАВ директорының визаларын қойып, емтиханға келе алмаған себептерін
көрсетіп және осыны дәлелдейтін құжаттардың (анықтама) түпнұсқасын тіркеп, өтініш
береді. Егер емтиханға келмегені дәлелді деп танылса, оқу ісі жөніндегі проректор
келісімімен деканның өкімі бойынша білім алушыға «I» бағасы қойылып, емтихан
тапсырудың жеке кестесі жасалады.
19
Оқытушы «І» бағасын стандартты («A», «B», «C», «D») бағаларға емтиханды қысқы
емтихан сессиясы жағдайында – келесі семестр басталған соң 30 күннің ішінде, жазғы
емтихан сессиясы жағдайында – жазғы семестрде Тіркеуші кеңсесінде тапсырғаннан кейін
өзгертіледі. Оқытушы жасаған емтихан (басқа жұмыстарды) тапсыру кестесіне сәйкес
Тіркеуші кеңсе «Univer» жүйесінде бағаны өзгерту үшін емтихан парағын береді. Егер
белгіленген мерзімде білім алушы барлық талаптарды орындамаса, оқытушы қол қойған
емтихан парағының негізінде тіркеуші кеңсе «I» бағасын «F», яғни «қанағаттанарлықсыз»
бағасына өзгертеді.
«I» бағасын қойған оқытушы университетте дәлелді себеппен болмаған жағдайда,
пәнді аяқтап, «I» бағасын стандарттыға ауыстыру үшін кафедра меңгерушісі басқа
оқытушыны тағайындайды. Егер білім алушы бағаны түзету мерзімі аяқталмай
университеттен кетіп қалса, онда «I» бағасы транскрипте өзгеріссіз қалады.
9.9. «AU» бағасы қорытынды бағаны алмай-ақ пәнге қатысқысы келетін білім
алушыларға қойылады. Мұндай пәнді өту төлем ақысы ҚазҰУ-дың белгілеген құны
бойынша толық көлемде төленеді. Оқытылатын пәнге тыңдаушы ретінде тіркелген білім
алушы ол туралы Тіркеуші кеңсеге хабарлауы тиіс. Мұндай білім алушының емтихан
тізімдемесіне автоматты түрде «AU» бағасы қойылады.
9.10. Оқу пәнінің тыңдаушылары ретінде ҚазҰУ-дың білім алушыларымен қатар
университетте білім алушы ретінде тіркелмеген, бірақ осы пән бойынша оқу ақысын төлеген
тұлғалар да қатыса алады.
9.11. Білім алушы «Add/Drop» қайта тіркеу аяқталғанға дейінгі бірінші аптаның ішінде
пәннен бас тартатын шешімін негіздеп Тіркеуші кеңсе жетекшісінің атына өтініш жаза
алады. Өтініш міндетті түрде эдвайзермен келісілуі тиіс. Мәселе оңынан шешілген жағдайда,
деканның қолы қойылған өтініш Тіркеуші кеңсеге жіберіледі.
9.12. Білім алушы пәнді оқудан академиялық себеп бойынша әкімшілік тәртіппен «AW»
(Academic Withdrawal) бағасы қойылып шеттетілуі мүмкін. Пәннен әкімшілік тәртіппен
шығарудың себептері мыналар:
-
оқылып жатқан курсқа ешбір себепсіз жүйелі түрде қатыспау (36 сағат);
-
жеке тапсырмаларды, СӨЖ/МӨЖ орындамау, жұмыстарды тапсыру кестесін тұрақты
түрде бұзу, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың басқа да оқу ережелерін бұзу;
-ішкі тәртіп ережелерін бұзу.
Пәннен академиялық себеппен шеттетудің қосымша шарттарын оқытушы өзінің
силлабусында көрсетуі мүмкін. Міндетті пәндердің қатарына енетін пәндерден әкімшілік
жолмен шығарылған жағдайда білім алушы оны тек ақылы түрде қайта оқи алады.
9.13. Қорытынды бақылау бойынша оң бағаны көтермелеу мақсатында қайта тапсыруға
рұқсат берілмейді.
9.14. Емтихандағы тәртіп ережесіне сәйкес емтихан тәртібін бұзған (шпаргалка, ұялы
телефон қолдану, дәлелсіз себептермен кешігу және т.б.) білім алушы емтиханнан
шығарылып, оған «F» бағасы қойылып, осы пән тек ақылы түрде қайта оқытылады.
Емтихан тәртібін қайта бұзғаны үшін білім алушы факультеттің Этика кеңесінің
ұсынысы бойынша оқудан шығарылуы мүмкін.
Бейнекамера жазбасы бойынша емтиханда тәртіп бұзған жағдайлар (шпаргалка, ұялы
телефон қолдану, дәлелсіз себептермен кешігу, бір-бірімен сөйлесу және т.б.) анықталса,
пәнбойынша қорытынды бағаның күші 6 айдың ішінде жойлуы мүмкін.
9.15. Толық көлемде курс бағдарламасынан өткен, өту балының жинай алмаған білім
алушыларға өзінің орташа үлгерім балын (GPA) жоғарылатуы үшін жазғы семестрде белгілі
бір пәндерді (мемлекеттік емтихан тапсырылатын "Қазақстан тарихы" пәнінен басқа)
белгіленген тәртіп бойынша, ақылы түрде қайта оқуына және сол пәндерден қайта емтихан
тапсыруына мүмкіндік беріледі.
9.16. Белгіленген GPA балының деңгейіне жеткен білім алушылар университет
ректорының бұйрығымен келесі курсқа өтеді. Курстан курсқа өту үшін қажет GPA балын оқу
жылы басында факультеттің Ғылыми кеңесі бекітеді. Бекітілген GPA балын жинай алмаған
20
білім алушы ақылы түрде курсты қайта оқу үшін қалдырылады. Қайта оқу курсына қалған
білім алушы бұрынғы қабылданған жеке оқу жоспары бойынша оқуға немесе белгіленген
тәртіп бойынша жаңадан жеке оқу жоспарын құрастыруға құқылы.
9.17. Белгіленген GPA балын жинап, келесі курсқа өткен білім алушының академиялық
қарызы болған жағдайда ол осы пәндерді ақылы негізде қайта оқуына болады.
9.18. Білім алу гранттарының иегерлері қайта оқу курсына қалған жағдайда грантынан
айырылып, өзінің оқуын тек ақылы түрде жалғастыра алады. GPA өту балын жинап, бірақ
академиялық қарызымен келесі курсқа өткен білім алушылар грантынан айырылмайды. Бұл
жағдайда қарызы бар пәндерді ақылы түрде қайта оқып емтихан тапсырады. Мамандықтар
бойынша бір кредиттің құнын Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті
анықтайды.
Толығырақ §§7, 8, 13, 14, 37, 40, 43, 44, 45 қараңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |