Редакциясын басқарған Ғ. М. Мұтанов



Pdf көрінісі
бет166/208
Дата03.12.2023
өлшемі3,06 Mb.
#133288
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   208
Бақылау үшін 
тапсырмалар жинағы 
-
өзін-өзі бақылау үшін сұрақтар және дұрыс жауаптарымен тестілер; 
-
аралық тестілер; 
-
жеке және бақылау жұмыстары үшін тапсырмалар; 
-
емтихан сұрақтары; 
-
бітіруші және кәсіби жұмыстарының реферат тақырыптарының 
тізімі; 
-
бақылау тесттері және т.б. кіреді. 
Глоссарий 
-
оқу материалының мәтінінде кездесетін анықтамалар мен термин 
сөздердің негізгі ағымдары; 
-
оқу материалында кездесетін есімнама. 
Ақпарат көзінің тізімі 
-
оқу әдебиеттерінің негізгі тізімі; 
-
қосымша оқу әдебиеттерінің тізімі; 
-
желілік ресурстарға сілтеме. 


292
Қашықтықтан оқыту курстары үлкен емес логикалық жабық бөлімдерге (модульдерге) 
бөлінуі тиіс. Әр бөлім – бұл белгілі уақытта оқуға арналған арнайы білімдер мен дағдыларды 
қамтитын стандартты оқу өнімі, немесе курстық және бақылау жұмысы, сонымен қатар тест, 
сынақ және емтихан жұмыстарымен тіркелетін жұмыс сапасының сынақ бірлігі.
Гипермәтін тарау мәтнін кішірек құрылымды бірлік сабақтарына бөледі. Әр бөлім
тақырыптан, ал әр сабақ тақырыпшадан құрылуы тиіс.
2.
 
Қашықтықтан оқыту курсының мақсаты мен міндеті 
 
Жұмыстың мақсаты сіз ұмтылған соңғы нәтижені алу, қойылған мақсатқа жету үшін 
жасалатын жұмыс кезеңі. 
2.1.
 
Қашықтықтан оқыту курсымен жұмысы бойынша әдістемелік нұсқаулықтар 
 
Қашықтықтан оқыту курсының жұмысы бойынша әдістемелік нұсқаулық өте қажет. 
Қашықтықтан оқыту курсы кезінде тындаушылар көп уақыт өз бетімен жұмыс 
жасағанда,барлық оқу кезеңі басы, аяғы және тапсырманы орындау барысында туындайтын 
қиындығын мен сұрақтарды алдын-ала қарастыру керек. Бұл қиындықтарды болдырмау үшін 
курсқа әдістемелік нұсқаулық арналған.
Үйренушілердің алғашқы қадамдарын жеңілдету үшін және сіздің материалыңызбен 
жұмыс жасауын үйрену үшін ұстанымды келесі түрде жасаңыз: 

Компьютерге талап қою. Курспен жұмыс жасау үшін қажетті қосымша программалар. 
Негізгі техникалық мәселелер және оларды шешу жолдары. 

Курспен жұмыс жасаудың негізгі әдістемесі (өзіндік жұмыс, топпен жұмыс, мұғалімдермен 
жұмыс және т.б.) 

Курс бойынша бағдар (тапсырма негізінде бір модульден келесі модульге интерактивті 
сұлбасын көрсету мүмкіндігі). 

Курста қысқартылар мен белгілеуді қабылдау. 

Курстағы модульдер саны. Модуль құрылымы. 

Материалдарды оқып үйренуге шамамен уақыты. 

Оқытушы мен қарым-қатынас бойынша ұсыныстар. 
Әдістемелік нұсқаулық курстың әр бір бөліміне тыңдаушының іс-әрекетін алдын-ала ескеретін 
нұсқама болуы керек. Әр бөлімдегі жұмысты сипаттау бойынша 

бөлімнің мақсат мен тапсырмасы; 

міндетті әдебиеттер; 

бөлім бойынша қосымша; 

орындалатын тапсырмалар мен жаттығулардың тізімі; 

мазмұнына, көлемі, көркемдеуі және бақылау тапсырмасының ұсынысына қойлатын 
талаптар; 

тапсырманы бағалау критерии; 

тапсырманы қабылдау, тексеру уақыты; 

бөлімдер жұмыс жасау үшін берілетін шамамен уақыты, мысалы: 
-
оқу – 1,5 сағат (жақсы меңгеру үшін, материалды 4-5 бөлікке бөліңіз); 
-
жеке сынақ жұмысын орындау – 4 сағат; 

көмек. Қиындық туған кезде тыңдаушы көмек алуға мүмкіндік беру. Мысалы, оқытушыға 
электрондық почта арқылы жіберуге мүмкіндік беретін хабарламаның форматын көрсету (хабарлама 
жіберу кезінде сұрақ келесі түрде болуы керек: «Тарих әдебиетінің курсы. Сұрақ»); 

бөлім бойынша жиі қойлатын сұрақтар.
Әр бөлімді барынша түсікті қылып сипаттаңыз, максималды түрде нұсқама беріңіз. Осылайша, 
өзіңізді қайталанатын сұрақтардан қорғайсыз және тыңдаушылардың жаңа курста бағытталуына 
көмектесесіз.
Сондай-ақ, курс күнтізбесін құрастырылады және ол келесідей: 
-
Курс өту уақыты 
-
Пән бойынша бөлімдер және тақырыптардың оқыту графигі 


293
-
Есеп уақыты және түрі 
-
Тәжірибелік және семинар сабақтарының өту графигі 
-
Кеңес беру графигі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет