Редакциясын басқарған Ғ. М. Мұтанов



Pdf көрінісі
бет167/208
Дата03.12.2023
өлшемі3,06 Mb.
#133288
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   208
2.2 Оқу мәліметтері 
Гипермәтін
Бөлімнің мазмұны толық, тұтас және жүйелі түрде баяндалған. Бұл мәтінде әр оқу 
элементінің мазмұны ашылады. Гипермәтін ғаламторда орналасқан материалдарға да сілтеме 
жасауы мүмкін. Баяндау стилі негізінен – академиялық. Ақпарат барлық тапсырманы 
орындауға мүмкіндік беретіндей жеткілікті болу керек.
Дәріс
Кілттік сұрақтар мен мәселені белгілеумен материалды шолу. Басқа блоктағы 
материалдармен байланысын көрсету. Баяндау стилі шынайы қарым-қатынасқа жуықталған, 
сондықтан үндеу («зер салыңыз», «ойланыңыз»), риторикалық сұрақтардан, мәселелік 
жағдайлардан, білімге сілтеме және тындаушылар тәжірибесінен құрылу мүмкін. Дәріс 
мәтіні тезисті немесе толық түрде ұсынылуы мүмкін және ереже бойынша жеке дара 
логикалық қорытынды бөліктерге бөліп қою қажет. Материалдарды ұсынудың ең 
байытылған түрі бұл мультимедиалық орта: дыбыс, видео, графика, мәтін, анимация және 
т.б. Бұл элементтер дәрістің сапасын көтеруге және тыңдаушылардың назарын аудартуға 
мүмкіндік береді. Сонымен қатар, видео-, аудиожазба секілді дәріс түрлерін қолдануға да 
болады. 
Мақалалар немесе кітаптан үзінділер жинағы 
Егер әдебиеттер жүйелі және жан-жақты толық баяндайтын материалдар көлемді 
баспада немесе қол жетімсіз жерде болса, онда осы түрі қолданылады. 
Ғаламтор ресурстарына сілтеме 
Ғаламтор ақпараттың негізгі көзі, сондықтан қашықтықтан оқыту курстарын жасауда 
толық қолданылады. Қажетті курстар үшін ғаламтордағы сілтемелер басқа материалдардың 
жеткіліксіздігін білдіртпейді. 
Жалпылама кестелер, диаграммалар, сұлбалар, графиктер 
Бұл бөлімде негізгі ақпараттар мен байланысты көрсетеді. Көптеген кесте, сұлба және 
диаграммамен әрлеп қоюға да болмайды. Графикалық материалдарды жасаған кезде келесі 
талаптар бойынша орындау керек: 
-
элементтердің мақсатты және мағыналық мәні және байланысы; 
-
олардың иерархиялық орналасуы; 
-
сұлбалық ұсыныстың көрінісі мен қарапайымдылығы; 
-
номерлеуі, тақырыптардың болуы, қысқаша түсініктеме. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет