Редакциясын басқарған Ғ. М. Мұтанов



Pdf көрінісі
бет5/208
Дата03.12.2023
өлшемі3,06 Mb.
#133288
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   208
қорғау 
– 
мемлекеттік 
аттестациялық 
комиссияның/диссертациялық кеңестің отырысында білім алушылар толық аяқталған 
дипломдық жұмысты (жобаны)/ магистрлік немесе докторлық диссертацияны жұрт алдында 
ұсынуы. Отырыстың қорытындысы ретінде академиялық/ ғылыми дәреже тағайындау 
туралы шешім қабылданады.
Ғылыми-әдістемелік кеңес 
– университеттің оқу-әдістемелік жұмысын алқалы басқару 
органы.


7
Ғылыми жетекші/кеңес беруші 
– білім алушының академиялық баулушысы (ұстазы)

оның жетекшілігімен білім алушы бітіру (тамамдау) жұмысын (дипломдық жұмысын 
(жобасын)/магистрлік немесе докторлық диссертациясын) жасайды.
Дескрипторлар (descriptors)
- студенттердің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі 
білімнің тиісті деңгейінің (сатысының) білім беру бағдарламаларын аяқтаған соң ие болатын 
білім, білік, дағды және құзыретінің деңгейлері мен көлемінің сипаттамасы; дескрипторлар 
оқыту нәтижелеріне, қалыптасқан құзыреттерге, сондай-ақ кредиттерінің жалпы санына 
(сынақ бірліктеріне) негізделеді.
 
Диплом алды практикасы 
– бакалаврдың бітіру жұмысын орындау үшін білім алушы 
қажетті материалдарды жинау мақсатымен дипломдық жобалау алдында өткізілетін кәсіби 
практиканың түрі.
Д
ипломдық жұмыс (жоба)
– тиісті саланың нақты мамандығының өзекті проблемасын 
студенттің өз бетінше зерттеуінің нәтижелерін жинақтауы болып табылатын бітіру жұмысы.
Дипломға (еуропалық) қосымша (Diploma Supplement)
– Еуропалық комиссия, Еуропа 
Кеңесі және ЮНЕСКО стандарттары бойынша жасалған жоғары білім туралы ресми 
құжаттың жалпы еуропалық стандартталған қосымшасы; білімнің біліктілік иеленушісі 
меңгеріп аяқтаған оқудың сипатын, деңгейін, контекстін, мазмұнын және статусын 
сипаттайды.
Докторантура 
- кемінде 3 жыл нормативті оқу мерзімінде міндетті түрде кемінде 75 
кредитін, сондай-ақ теориялық оқытудың кемінде 36 кредитін, кәсіби практиканың кемінде 6 
кредитін және докторанттың ғылыми-зерттеу (эксперименталды-зерттеу) жұмысының 
(ДҒЗЖ/ДЭЗЖ) кемінде 28 кредитін игеруімен, ғылыми және педагог кадрларды даярлауға 
бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасы.
 
Докторлық диссертация –
теориялық қағидалар жиынтығын жаңа ғылыми жетістік деп 
тануға болатын немесе маңызды әлеуметтік-мәдени немесе экономикалық мәні бар ғылыми 
мәселе шешілген, не енгізілуі елдің экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосатын 
ғылыми дәлелденген техникалық, экономикалық немесе технологиялық шешімдер берілген, 
дербес зерттеу болып табылатын ғылыми жұмыс 
ECTS (European Credit Transfer and Accumulation System – Еуропалық трансферт 
(аударым) және кредит жинақтау жүйесі)
– білімберу траекториясы, оқу орны мен елі 
ауысқан жағдайда білім алушылардың игерген оқу пәндерін (кредиттері және бағаларымен 
бірге) салыстыру және қайта есептеу үшін пайдаланылатын білім беру бағдарламалары 
компоненттеріне сынақ бірліктерін (кредит) тағайындау әдісі. 
Емтихан сессиясы – 
білім алушылардыңмамандық бойынша білім беру бағдарламасын 
меңгеру деңгейін анықтайтын қорытынды бақылау кезеңі. 
Жазғы семестр – 
білім алушылардың қосымша оқуындағы, академиялық қарызды 
немесе оқу жоспарындағы айырмашылықтарды жоюдағы қажеттіліктерін қанағаттандыру, 
басқа ЖОО-лармен келісіп оқу пәндерін меңгеру үшін және т.б ұйымдастырылатыноқу 
жылынан тыс академиялық кезең.
Жарты семестрлік емтихан (Midterm Examenation) – 
академиялық кезеңнің ортасында 
өткізілетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет