бын өз қолдарымен жойған болады! ...
«Үш түрлі адам бар. Олармен қиямет күні
Аллаһ сөйлеспейді, оларға қарамайды және оларды
ақтамайды (кешірмейді). Олар үшін жан күйзелтуші
азап бар» – дейді.
Әбу Зәр
:
«Аттары өшсін, олар қалағандарына жете алмай,
өкінішке ұшырасын! Кімдер олар, ей, Аллаһ Елшісі!» –
деп сұрайды.
Хазіреті Пайғамбарымыз
r
:
«Киімін (кібірлік пен мақтаншақтық оймен)
сүйреткен
29
, сауда-саттығын жалған антымен жа-
саған және бергенін міндетсінген» – дейді
(Мүслим,
Иман, 171)
.
Көріп отырғанымыздай, кейін міндетсу мен қорлау
келген және көзбояушылықпен жасалған инфәқтар
құлды сауап орнына азапқа душар ететін ауыр күнә.
Өйткені жүрек иләһи назар түсетін орын. Қайғыртуға
болмайды...
Сонымен қатар зекет-садақалар дәулетті адамдар-
дың байлықтарындағы мұқтаждың ең табиғи құқы-
ғы. Бұл жағдай иләһи әмірмен бекітілген. Сондықтан
29. Ол кездің байлары мақтаншақтық оймен киген киімдерінің балағын не ете-
гін жерге сүйреп жүретін. Қазіргі таңдағы адамдар ондай киімін жерге
сүйрегендер-ді салақ дейді. Хадисте Пайғамбарымыздың айтпақ болғаны –
киінгенде мақ-таншақтық белгісін көрсетпеу.
211
ИНФӘҚ
ӘДЕБІ
олардың хақын байлығынан бөліп беру сыйлық жасау
емес, тек құқықтың орнына жеткізілуі. Дүние қазынасы
– иләһи аманат. Бұны ұмытып, Аллаһ берген нығмет-
терін тағы Оның кедей, мұқтаж құлдарының қолына
жетуіне себепші болғанын өз нәпсісінен деп біліп, мақ-
танған, алдындағы кедейді мұқатқан, сөйтіп міндетсіген
адамның қылығы – бейқамдық, шикілік және надандық.
Олай болса, инфәқта тәкаппарлық етпеу, кедейді
қорламау, керісінше, өзін кедейдің орнына қойып, бір
күні өзінің де оның жағдайына түсіп қалуы мүмкін еке-
нін ойлауы керек. Байлық пен кедейлік біраз еңбекте-
нудің нәтижесі болса да, көбіне тағдыр ісі. Аллаһ байды
кедей, кедейді бай ете алады. Бұлар Аллаһ құзырында
ізгілік өлшемі емес. Екеуі де осы әлемдегі тек сынақ ғана.
Ізгілік тек тақуалықта. Демек, инфәқ еткені үшін байдың
кедейге мақтанғаны – оның дүние өміріндегі сынақ
сырынан бейхабар болғаны.
Достарыңызбен бөлісу: