218
«Аллаһтың жомарттық қасиетінің көрінісі –
кедейлер. Кедейлер ауқатты да жақсылық иесі адам-
дарға жүгінеді. Оларға дерттерін ашады. Осылай
қамқор байлар үшін бақыт жолдарын даярлайды».
Сол себепті мұқтаждың бізге келіп мұқтаждығын
баян етуін Аллаһтың бізге берген ерекше сыйы ретінде
ұғынып, Аллаһқа құлдық абыройы деп білу керек.
Хазіреті Әли
бұл ақиқатты тамаша түсіндіреді:
«Екі нығмет бар: Мені қайсысы қуантатынын
білмеймін. Біріншісі – адамның мұқтаждығын кеті-
руін үміт етіп маған келуі және барша шынайылы-
ғымен менен жәрдем сұрауы. Екіншісі – Аллаһ ол
адамның қалауын мен арқылы іске асыруы немесе
жеңілдетуі. Бір мұсылманның қиыншылығын алып
жеңілдетуді дүние толы алтын мен күміске ие бо-
лудан абзал көремін»
(Әли ал-Мүттақи, Кәнзүл-Ұммәл, 6,
598/17049)
.
Инфәқ жасағандардың тәкаппарланып, міндетсіп,
алған адамның рахмет айтуын күтулері жақсылықта-
рының барлық сауабы мен берекетін жойып жібереді.
Инфәқ етушінің Аллаһтың разылығынан басқа бір
мақсаты болмауы, істеген ісінің сауабын тек Аллаһтан
ғана күтуі керек. Мұқтаждан дұға мен алғыс күтудің өзі
ықыласты көлеңкелейтін жағдай екенін естен шығар-
мауы керек.
Достарыңызбен бөлісу: