Редактор: Закия Махитжанқызы



Pdf көрінісі
бет164/293
Дата07.01.2022
өлшемі7,99 Mb.
#18646
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   293
НИЕТІң  ШЫНАйЫ  БОЛСА,

АЛЛАҺ  БЕРЕкЕ  БЕРЕдІ

Аллаһ  ниеті  шынайы  болғанның  азын  көп  етеді. 

Кішкене  бір  жақсылығы  үшін  құлын  үлкен  сыйларға  қол 

жеткіздіреді.  Бұл  үшін  ықыласпен  берілген  бір  теңге 

көңілсіз берілген мыңдаған теңгеден құнды. Яғни, инфәқ 

етілген  мөлшердің  көптігі  немесе  аздығы  емес,  ие  болған 

мүмкіндікке  салыстырмалы  деңгейде  болса,  қаншалықты 

көңілден және ықыласты ниетпен берілгені маңызды.

Өйткені хадисте айтылғандай:

«Мүминнің  ниеті  (мақсат  пен  ықыласы)  ама-

лынан абзал» 

(Сүюти, Жәмиүс-Сағир, 2, 194)

.

Осы тұрғыдан ниет шынайы болса, кішкентай жақ-



сылық  үлкейеді.  Ықыласпен  жасалған  инфәқтар  күнә-

ларға кешірім болады.

Аллаһ Елшісінің 

r

 айтуы бойынша шөлден ашық-



қан итке су берген күнәһар бір әйел тек осы мейірімі үшін 

күнәлары  кешіріліп,  жәннатқа  қол  жеткізеді.  Ал  бір 

ХАҚ  ДОСТАРЫНЫҢ  ҮЛГІЛІ  МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ



241

мысыққа  мейірімсіздік  көрсетіп,  оның  аш  екеніне  мән 

бермей құлшылық жасап жүрген бір әйел тозаққа душар 

болған 


(Мүслим, Сәлем, 151-153)

.

Сондықтан  кәміл  мүмин  бола  білу  үшін  Аллаһ 



ризалығы жолында ықыласты ниетпен тырысып, үлкен-

кіші  деп  бөлмей  жақсылыққа  құштар  болу  қажет. 

Тіпті,  мүминнің  жасайтын  инфәғы  тек  адамдарды  емес, 

жануарлар  мен  өсімдіктерді  де  қамтитындай  кеңейіп, 

Жаратушының  мейірім  назарымен  мақлұқатқа  қарау 

үлгісін ұстануы керек.

Инфәқта ықыласқа берілген берекеттің ең маңызды 

көріністерінің бірі – қайырымдылық мекемелеріне нәсіп 

етілген  қызмет  өмірі.  Адал  мал-мүлікпен,  ықыласпен 

құрылған  қайырымдылық  мекемелері  негізіндегі  рухани 

өзектің мықтылығы бойынша ұзақ жылдар бойы қызмет 

көрсетеді.

Бұл  мәселеде  ғасырлар  бойы  Ыстанбұл  аспанына 

руханият  қосқан  Сүлеймания  күллиясы

30

  сансыз  мы-



салдардың бірі. Осы күллияны салдырған кануни Сұл-



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   293




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет