Редактор: Закия Махитжанқызы


«Олар  өздері  де  мұқтаж  бола  тұра  жоқ-жітік-



Pdf көрінісі
бет172/293
Дата07.01.2022
өлшемі7,99 Mb.
#18646
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   293
Байланысты:
Үлгілі мінез-құлқы

«Олар  өздері  де  мұқтаж  бола  тұра  жоқ-жітік-

терді,  жетімдерді,  тұтқындарды  тамақтандыра-

ды.  Олар  “біз  сендерді  шындығында  Аллаһтың 

разылығы  үшін  тамақтандырамыз.  Сендерден 

(бұған)  бір  си-сияпат,  алғыс  талап  етпейміз.  Бұл 



сұсты аса ауыр күннен, оны келтірген Раббымыздан 

қорқамыз”  дейді.  Аллаһ  оларды  сол  ауыр  күннің 

апатынан  сақтайды.  Оларға  жақындық,  шаттық 

бағыштайды» 

(Інсан 8-11)

.

ХАҚ  ДОСТАРЫНЫҢ  ҮЛГІЛІ  МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ



﴾٨﴿ ًاري ِسَأَو ًاميِتَيَو ًانيِك ْسِم ِهِّب ُح ىَلَع َماَعَّطلا َنوُمِع ْطُيَو

 ﴾٩﴿ ًارو ُك ُش  َلاَو ءاَز َج  ْمُكنِم ُديِرُن  َلا ِ َّللا ِه ْجَوِل ْمُكُمِع ْطُن اَمَّنِإ

﴾١٠﴿ ًاريِر َط ْمَق ًاسوُبَع ًامْوَي اَنِّبَّر نِم  ُفا َخَن اَّنِإ

﴾١١﴿ ًاروُر ُسَو ًةَر ْضَن ْمُهاَّقَلَو ِمْوَيْلا  َكِلَذ َّر َش ُ َّللا ُمُهاَقَوَف




253

Адам  бақытты  болғанда  инфәқ  етуі  оңай.  Өйтке-

ні  осындай  инфәқ  мүліктің  артығынан  берілгені  үшін 

адамның нәпсісін аса көп мазаламайды. Ал қиыны тар-

шылықта жомарт бола білу.

Хазіреті Әли 

 тамаша айтқан:



«Дүние  өзіңде  бар  болғанда  бере  біл!  Өйткені, 

берумен  ол  бітпейді.  Дүние  сенен  бет  бұрса  да  бер! 

Өйткені, ол үнемі тұрмайды!» 

Исарда,  яғни  адамның  өзінің  де  мұқтаж  болған 

нәрсесін  инфәқ  етуінде  нәпсісінің  қарсы  шығу  дауыл-

дарына сабыр етіп, ризалық пен мойынсұну, пидакештік 

жасай білу деген мәселе бар. Бұл әр жігіттің ісі емес, ер 

жігіттің  ісі.  Бұл  мінезді  паш  ете  білу  рухани  салмақты-

лық, жүрек тазалығы және рух сафтығын қа-жет етеді.

Әр жақсылықтың сауабы оның қиындығы деңгейін-

де. Бұл жағынан исардың сауабы да басқа инфәқтардан 

үлкенірек. Сондықтан Хақ достары бұл мінездің рухани 

табысын  теңдесіз  олжа  деп  бағалаған.  Оның  ахіреттегі 

бақыт  пен  салтанатына  жете  білу  үшін  бұл  фәни  әлем-

де  «кедейліктен  қорықпай»  инфәқ  ету  арқылы  көңіл 

байлығына жеткен.

Хақ досы Хазіреті Мәуләнә қандай тамаша айтқан:

«Шынардың жапырағы төгілсе, Аллаһ оған жапы-

рақсыз  да  өмір  сүру  күшін  береді.  Жомарттықтан 

қолында басқа мүлік қалмаса, Аллаһтың жәрдемі сені 

аяқ астында ездіреді ме?»

ИСАР



254

Олай болса, исар – қауіпке бас тігіп бере алу, мақ-

рұм болуы, аш қалуы мүмкін бола тұра қолындағыны дін 

бауырына  тарту  ете  білу  деген  ұлылықты  көрсете  білу. 

Нәпсіге  қаншалықты  ауыр  келсе  де  жүзін  тыржитпай, 

көңіл рахатымен инфәқ ете алу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   293




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет