Редактор: Закия Махитжанқызы


«Адамдар  арасында  мынандайы  да  бар,  ол



Pdf көрінісі
бет181/293
Дата07.01.2022
өлшемі7,99 Mb.
#18646
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   293
Байланысты:
Үлгілі мінез-құлқы

«Адамдар  арасында  мынандайы  да  бар,  ол 

Аллаһтың  разылығын  қалап,  өз  жанын  сатады 

(Аллаһ  жолында  құрбан  етеді)

32

.  Аллаһ  құлдарына 

асқан мейірбан» 

(Бақара, 207)

.

Хазіреті Мәуләнә да бұл күйді тамаша баяндайды:

«Жаннан да үстем нәрсе болмайынша жан үстем. 

Бірақ,  жаннан  құнды  нәрсе  қолға  түскенде,  жанның 

аты  да  еске  келмейді.  Мүлік  пен  жан  қар  сияқты 

еріп  кетеді.  Олар  Аллаһ  жолында  жұмсалса,  Аллаһ 

оларды алушы болады. Құранда: «Аллаһ жәннатпен 

мүминдердің малдары мен жандарын сатып алды» – 

делінген» 

(Тәубе, 111)

.

Атақты тасаввуф жауы Ғұлам Халил барлық сопы 



ғалымдарына  қарсы  дұшпан  ұстанымына  ие  болатын. 

Ол  ішінде  Әбул  Хұсайн  ән-Нури  болған  бір  топ  со-

пыны  тұтқындатып,  мемлекет  орталығына  жөнелтті. 

Шығарылған үкіммен дарға асу шешімі беріледі.

Жендет  сопылардан  бірінің  мойнына  қылышымен 

ұрар сәтте Әбул Хұсайн өз еркімен алға шыққанда, халық 

бұл іске таң қалады. Жендет:

32.  Өз  жанын  Аллаһ  жолында  құрбан  етіп,  мәңгілік  азаптан  құтылады  да, 

сөйтіп  өз  жанын  Аллаһтан  сатып  алғандай  болады.  Бұл  аят  Сүһәйб  б.  Си-

нан әр-Руми, Аммар б. Ясир, оның ата-анасы Сүмейе мен Ясир, Біләл, Әбу 

Зәр Ғыфари, Хаббаб б. Әрәт және Хуайтыбтың құлы Абис хақында түскен. 

Сүһәйб мүшріктердің азабынан, жапасынан Мәдинаға һижрат етіп, Меккеде-

гі барлық мал-мүлкін бостандығының төлемі ретінде мүшріктерге қалдырған 

болатын. Әбу Зәр мен Хаббаб кашып құтылған еді (Рази; Ибн Кәсир, 1, 360-

361; Хақ діні Құран тілі; Чантай; Хижази, Тәфсирүл Фұрқан; қараңыз, Тәубе 

сүресі, 111 аят).

265

ИСАР



«Ей,  мәрт!  Сен  алға  ұмтылдың,  бірақ  бұл  қылыш 

айтарлықтай әуестенетін нәрсе емес. Әзірше сенің кезе-

гің келген жоқ, неге асығасың?» – деді.

Әбул Хұсайн:

«Менің  жолым  исар  жолы.  Ең  құнды  нәрсе  де  жан, 

өмір.  Мына  бірнеше  демдік  уақытымды  бауырларым 

біраз  өмір  сүрсін  деп  пида  етуді  қалаймын.  Өйткені 

дүниедегі бір дем алардай уақыт біз үшін ахіреттегі мың 

жылдан да абзал. Себебі бұл жер Аллаһ ризалығын алу 

орны,  ол  жер  болса  Аллаһқа  жақын  болу  орны.  Аллаһқа 

жақындыққа қызметпен қол жеткізіледі. Осы үшін мына 

бірнеше демімді достарыма пида етемін» – деді

33





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   293




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет