304
бауырластықты үлгі ретінде көрсетеді. Оларға қарап, өз
жағдайымызды таразылауымызды қалайды.
Пайғамбар
r
Мырзамыздың мүһәжірлер мен
әнсарлар арасына орнатқан бауырластық келісімі тең-
десі жоқ ізгілік кестесі. Әнсар дүние-мүліктерінің бар-
лығын бауырлары үшін ортаға салды. Дүние-мүліктерін
мүһәжір бауырларымен тең бөлісуге бел буды. Бірақ
көңілдері қанағат қазынасы болған мүһәжірлер әнсар
бауырларының ұсынытарына асқан көңіл тоқтығымен:
«Дүние-мүлкің саған қайырлы болсын, бауырым.
Сен маған базардың жолын көрсетіп жібер, соның өзі
жеткілікті!» – деп айта алу кемелдігін көрсете білген.
Сөйтіп екі жақ та, яғни мүһәжірлер мен әнсарлар дін
бауырластығының туыстық бауырластықтан жоғары
екенін көптеген ғибратты үлгілермен өз өмірлерінде
көрсете білді.
Расында иманның күпірлікке қарсы алғашқы соқ-
қысы Бәдір шайқасында Әбу Бәкір
ұлымен, Әбу
Ұбәйдә ибн Жәррах
әкесімен, Хазірет Хамза
бауырымен қылыш сермескен. Яғни, дін бауырласты-
ғы барлық фәни де дүниелік бауырластықтарды түкке
тұрмайтындай етті...
Дін бауырластығынан туындаған опашылдық пен
пидашылдықтың шырқау шыңындағы көріністері Ұхуд
шайқасында да іске асып жатты. Бұның бір көрінісін
Достарыңызбен бөлісу: