﴾٦٢﴿ َنوُنَز ْحَي ْمُه َلاَو ْمِهْيَلَع ٌفْو َخ َلا ِ ّللا ءاَيِلْوَأ َّنِإ لاَأ
Аллаһтың сөзі әсте өзгермейді. Міне, бұл (сүйін-
шіге бөлену) – ең зор бақыт»
(Юнус, 62-64; Әбу Дәуіт, Буюғ,
76/3527; Хаким, ІV, 170)
.
Осы орайда Пайғамбарымыз
r
дін бауырын Аллаһ
үшін сүюдің Аллаһтың сүйіспеншілігіне себепші бола-
тынын былай баян етеді:
"Бір адам басқа бір ауылдағы (дін) бауырының
халін білу үшін жолға шықты. Аллаһ адамды ба-
қыламақ (және сынамақ) болып, оның жолы үстіне
(адам кейпінде) бір періште жібереді. Адам періш-
тенің жанына келгенде, періште:
«Қайда барасың?» – деді. Ол адам:
«Мына ауылда бір дін бауырым бар оны көріп
қайту үшін барамын» – деп жауап береді.
Періште қайта сұрады:
«Ол бауырыңнан алғың келген бір пайдаң бар ма?»
Адам:
«Жоқ, мен оны тек Аллаһ ризалығы үшін сүйемін.
Сондықтан көріп қайтуға бара жатырмын» – деді.
Бұл жауабына періште:
«Сен оны қалай сүйсең, Аллаһ та сені солай сүйеді.
Мен осы сүйіншіні жеткізу үшін Аллаһтың жіберген
елшісімін» – деді"
(Мүслим, Бирр, 38; Ахмед, ІІ, 292)
.
БАУЫРЛАСТЫҚ
299
Басқа бір хадис шәрифте:
«Жеті топ адам бар. Аллаһ оларды ешқандай
көлеңке болмайтын (Қиямет) күні Өз (Аршының)
көлеңкесіне алады... (Бұл топтардың біреуі) бір-бірін
Аллаһ үшін сүйген, бір жерге жиналуы мен тарқауы
осы сүйіспеншілік арқылы іске асқан екі адам...» – деп
айтылған
(Бұхари, Азан, 36)
.
Осындай кәміл мүминдердің дін бауырларына де-
ген махаббат сезімдерінің негізгі мақсаты – Аллаһтың
ризалығына жете білу. Дін бауырының дұғасынан пай-
даланып, онымен достық пен сырластықта болудың бір
ғана ниеті – Аллаһқа жақын құл бола білу.
Тасаввуфта «жол бауырлығы» деген «ихуан»
жағдайы Аллаһқа апаратын жолдағы көмек, діни және
рухани мәселелерде бір-бірін қолдау, бауырының кем-
шілігін толықтыру мен оның дертіне ортақ болуды біл-
діретін Ислам бауырластығының ең нәзік және терең
мұқияттылықпен іске асырылуы болып табылады.
Хақ досы Бишр Хафи Хазірет Әсуәд ибн Салим-
ді, Мағруф керһи Хазіретке жібереді. Әсуәд ибн Салим
оған:
«Бишр Хафи сізбен бауыр болғысы келеді. Бұ-
ны ашық айтуға ұялып, мені сізге жіберді. Өзін ба-
уырластыққа қабыл етуіңізді қалайды. Бірақ, бауыр-
ластық құқықтарына лайық мойынсұна алмай ма деп
қорқады» – дейді.
ХАҚ ДОСТАРЫНЫҢ ҮЛГІЛІ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ
300
301
Бұл сөзіне Мағруф Керһи Хазірет:
«Мен бауыр болған адамымнан күндіз-түні алшақ
қалғым келмейді» – деп Аллаһ үшін сүюдің ізгілігін
баяндайтын бірнеше хадис оқиды. Кейін дін бауыр-
ластығының не екенін және шынайы бауырластық
сүйіспеншілігінің қалай болу керектігін былай түсіндіреді:
«Расул Әкрәм
r
Хазіреті Әлиді өзіне бауыр
етумен қатар оны ғылымда да өзіне жақын тұтты. Оған
ең сүйікті қызын берді. Енді сен куә бол, сені жіберген
екен, мен де оны Аллаһ үшін бауырластыққа қабыл ет-
тім. Ол мені зиярат етпесе де, мен оны зиярат етемін.
Оған айт, сұхбатта жолығайық. Жағдайынан еш нәрсе-
ні менен жасырмасын, әрбір жағдайын маған баян етіп
отырсын...»
Ибн Салим жағдайды жеткізгенде Бишр Хафи
Хазірет бұған өте разы болып, қуана қабыл алады.
Достарыңызбен бөлісу: