«Сенің зұлымдығың дүниеге тән. Сен қалауыңша
шешім шығара аласың. Біз қалай болғанда Раб-
бымызға ораламыз» – деп, қарсылық берді. Қолдары
мен аяқтары қиғаш кесіліп, құрма ағаштарына асылмай
тұрып, адами әлсіздік танытпау үшін де қолдарын ас-
панға жайып:
«... "О, Раббымыз! Бізге (мол) сабыр-шыдам
жаудыр (бере гөр) әрі мұсылман қалпымызда жа-
нымызды алғайсың!"»
(А’раф, 126)
деп дұға етіп,
Аллаһқа жалбарынды. Ақыры шәһид болып Раббы-
ларына қауышты.
Бақыт ғасырында іске асқан мына оқиғалар да Аллаһ-
тың кәріне ұшыраған адамдарға қарсы ұстану керек кө-
ңіл күйінің ең көркем мысалдары:
Мүшріктер Хұдайбия келіссөзін екі жылдан кейін
мұсылмандарға қарсы жасаған үлкен қантөгіспен бұзды.
Және де Аллаһ Елшісінің жаңадан жасаған татуластық
ұсынысына да мән бермеді. Кейін үлкен үрейге беріліп,
көсемдері Әбу Сүфиянды Мәдинаға жібереді.
ХАҚ ДОСТАРЫНЫҢ ҮЛГІЛІ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ
355
Мәдинада ешкім Әбу Сүфянға қарамайды. Хазіреті
Пайғамбарымыздың әйелі үммү Хабибә анамыз Әбу
Сүфиянның қызы болғанына қарамай, үйіне дейін кел-
ген әкесінің отырғысы келген төсенішті астынан суырып
алды. Әбу Сүфиян таң қала:
«Қызым, төсенішті маған лайық көрмедің бе, әлде
мені төсенішке лайық көрмедің бе?» – деп сұрайды.
Үммү Хабиба анамыз:
«Бұл төсеніш Хазіреті Пайғамбар
r
Мырзамыз-
дыкі. Сен нәжіс мүшрік болғандықтан оған отыруға
лайық емессің» – деп жауап береді.
Әбу Сүфиян бұл сөздерді естігенде қатып тұрып
қалады:
«Қызым, сен бізден кеткелі бір түрлі болып қалып-
сың!» – дейді.
Үммү Хабиба анамыз:
«Жоқ, Аллаһ мені Исламмен абыройлы етті» – деп,
иман сүйіспеншілігінің барлық нәрседен де жоғары бо-
ларлық құнын жеткізген болды
(Ибн Хишам, ІV, 12-13)
.
Яғни иман абыройы барлық фәни қатынастардан
биік.Аллаһ үшін жек көрілуі керек адам өз туған
әкесі болса да, жек көре білу тек иман асылдығынан
туындайтын жайт.
Бақыт ғасырынан иман күшімен көрсетілген тағы бір
мысал:
АЛЛАҺ ҮШІН СҮЮ, ЖЕК КӨРУ
356
Аллаһ Елшісі
r
Хұдайбия келіссөзі алдында Ха-
зіреті Османды елші етіп Меккеге жібереді. Хазіреті
Осман ниеттерінің тек Ұмра жасап қайту екенін түсін-
дірсе де, мүшріктер рұқсат бермейді. Хазіреті Османды
көзбен торуылдап:
«Қаласаң, сен Қағбаны тауаф ете аласың!» - дейді.
Барлық мұсылмандар тауаф етпекші болып жүрек-
тері толқындап, Қағба көздерінде түтеп тұрған болатын.
Тіпті, кейбіреулері Хазіреті Осман Қағбаны тауаф етеді
деп ойлап, оған қызығушылықпен қарап жатқан бола-
тын. Бірақ өзін Аллаһ пен Елшісіне атаған берік сахаба:
«Хазіреті Пайғамбар
r
Қағбаны тауаф етпейінше
мен тауаф ете алмаймын! Мен тек Оның арқасында
Бәйтұллаһты зиярат етемін. Аллаһ Елшісі қабыл етілме-
ген жерде мен де жоқпын...» – деп, Ислам өжеттілігі-
мен, тұлғалығымен тамаша үлгі көрсеткен
(Ахмед, ІV, 324)
.
Үмметі ретінде біздің сезімталдығымыз да Аллаһ
Елшісінің
r
сезімталдығымен бірдей болуы керек. Бұл
Оның сүйгенін сүю, жек көргенін жек көру.
Достарыңызбен бөлісу: |