«Олардан шамаң келгенін өз дауысыңмен же-
ліктірерсің, оларға атты-жаяу (әскеріңмен) келіп
тиісерсің, сондай-ақ олардың мал-мүлкіне, бала-
шағаларына ортақ боларсың, оларға жалған уәде
ХАҚ ДОСТАРЫНЫҢ ҮЛГІЛІ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ
371
берерсің, бірақ шайтанның уәдесі тек бұлдыр үміт
қана»
(Исра, 64)
.
Шынымен-ақ қаншама мұсылман той, сүннет,
жаназа рәсімдері сияқты өмірдің ең маңызды кезең-
дерінде дінді ұмыта алады. Алайда бұлар дін еске алы-
натын және Ислами тұлғалыққа сай жасалуы керек
ең маңызды сәттер. Өйткені дін – белгілі уақыттарға
тиісті рәсім емес, өмірдің әр сәтін реттейтін өмір үрдісі.
Сондықтан дін дегеніміз кей кездері орындалып, кей
кездері сөреге қойып қоятын нәрсе емес.
Өмірдің әр сәтін Ислами іс-әрекеттермен өткізу
керек кезде, керісінше, оның ең маңызды кезеңдерін
Аллаһты ашуландыратын құрамға енгізу бір кесе бұлақ
суына бір мөлшер нәжіс зат тамызып, оның барлығын
ішілмейтін күйге келтіру сияқты жаман іс.
Ертеде мұсылмандар үйлену тойлары мен сүннет
тойларын мешіттер мен бақшаларда жасайтын. Қарилар
келіп Құран мен мәуліт оқитын. Бай-кедей бөлінбей
шақырылатын, тартулар, артынан дұғалар жасалатын.
«Әмин, әмин» сөздері жан дүниенің бақыт бұлағы
болатын. Кедейлер мен әлсіздер арнайы шақырылып,
дүние мен ахірет бақыты үшін олардың дұғаларын
пайдаланатын. Өйткені «Байлар шақырылып, кедейлер
шақырылмаған той тамағы нендей жаман тағам»
(Бұхари, Никәх, 72)
– деген Пайғамбарымыздың ескер-
туіне мұқияттылықпен мойынсұнатын. Осындай ләззат
пен руханиятқа толы бақыт сыйлаған жиындар болатын.
СҮЙІСПЕНШІЛІК пен ЖИІРКЕНІШТЕГІ ШЫНАЙЫЛЫҚ
372
Бүгінгі күні біраз мүмкіндігі барлардың көбі ысы-
рапқа негізделген күштерін көрсетіп, той мен сүннет рә-
сімдерін көп жұлдызды қонақ үйлер немесе жанға жай-
лы асханалар сияқты кедейлер бара алмайтын жерлерде
жасайтын болды. Бұл тойларға белгілі және жоғары
топ адамдары шақырылып, тойымсыздыққа жетелейтін
ашық буфет әдісімен тағамдар ұсынылады, өздеріне
қатысы жоқ тақырыптарға сұхбаттасады. Тіпті, кей той
мен сүннеттерде нақты харам ішкілікті адамдар сондай
дастархандарда рұқсат берілгендей терең бейқамдықпен
ішіп тауысады. Қанша діндар танылған, намаз оқитын,
қажылыққа барған әке-шешелер балаларының ішкілікті
және Исламға жат іс-қимылдарға толы рәсімдеріне көз
жұмып, имандарына қарама-қайшы әрекеттер жасайды.
Қазіргі таңда әке ошағынан келін болып ұшқан
қыздарға қажет жақсы сөздердің мағынасы бір-шама
өзгерді. Бұрын:
«Қызым үйімізден ақ киіммен шыққаныңдай еріңнің
үйінен де ақ кебінмен шыққайсың...» сияқты адалдық
пен пидашылдық кеңес беріліп, сөйтіп қызының жүрегіне
баратын отбасыға деген жылылық ұялататын. Өмірдің
ащы тосын сыйларымен кездескенде де сабыр етуіне
кеңес беріліп:
«Қызым, аузыңа қан келсе, қызыл сусын ішіп жүр-
мін дерсің» – деп айтылатын. Осылай кіретін ұяның
рухани құрамын берік құруға тырысатын. Бүгін, өкініш-
ке орай:
ХАҚ ДОСТАРЫНЫҢ ҮЛГІЛІ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ
373
«Әсте өзіңді езгізбе, саған бір нәрсе айтса, сен екі
есесін айт...» деген сияқты кеңестермен қыз-келіндер
әу бастан кері пікірлермен уланады. Әлбетте, бұларға
жанама түрде күйеу балаларға берілген кеңестерді бол-
жау қиын емес.
Бүгінгі күнде ажырасудың, үйлесімсіздіктің, ұрыс-
керістердің, рухани жалығудың артуы себебін де осы
және осындай рухани сезімталдықтардың ұмыт болуы-
нан іздеу керек. Өйткені әрбір сырт себептің арқасында
үнемі ішкі себептің де бар екенін ұмытпау керек.
Өмірдің ең маңызды бөлігінің бірі – жаназа
рәсімдері де мәйіт үстінен жанама бір күш пен абырой
көрсетіліміне айналдырылды. Атақты адамдардың жа-
назаға қатысқанын мақтан тұтады. Кей жаназа жа-
қындарының жаназаға қатысқан немесе көңіл айтқан
атақты адамдардың есімін баян етіп, газеттерге алғыс
хабарларын берулері де көңіл айтудың руханиятын жа-
ралайтын басқа жайт.
Сонымен бірге мәйітттердің рухы үшін садақалар
беріліп, кедей-кепшіктердің дұғалары алынып, Аллаһ-
тың мейірімі талап етілетін жерде христиандықтан кел-
ген әдет болған гүл шоқтарымен мұсылман еместерге
ұқсас көріністер көрсетіледі.
Негізінде, жаназаларға Аллаһ ризалығы үшін бары-
лады, мейітке дұға етіледі, амандығы үшін садақалар
беріледі, дін бауырлары алдындағы опашылдық боры-
шы өтеледі. Расында Хазіреті Пайғамбар
r
кейде
сахабаларына:
СҮЙІСПЕНШІЛІК пен ЖИІРКЕНІШТЕГІ ШЫНАЙЫЛЫҚ
374
«Бүгін жаназа шығарып салған бар ма?» – деп
сұрап, оларды дін бауырларының дерттесі және жұба-
ныш бұлағы болуға шақыратын.
Бірақ бүгінгі күнде кейбіреулер жаназаларға тек
мәйіт жақындарына ұят болмасын, олар алдындағы
абыройлары жараланбасын деген пікірмен қатысады.
Сондықтан ғаріптер мен кедейлердің жаназаларына
емес, шенеуліктер, бай-ауқатты, атақты адамдардың жа-
назаларына мән көбірек бе-рілетін болды.
Өкініштісі, дүниеқұмарлық пен материалисттік ой
етек жайған күнімізде әр нәрсені материалист санамен
тұжырымдауға үйренген топтарда адамның абырой
мен құны ақшамен, шенмен өлшенетін болды. Тойлар,
сүннеттер, жаназалар да бұның сынақ етілген жерлері
болды. Алайда, адамның ардақтылық пен абыройының
өлшемі әрқашан Ислами тұлғалық пен мінезін қорғау,
яғни иманы, тақуасы, көркем мінезі болып табылуы тиіс.
Жайлы өмір сүруге құмарту, той, сүннет пен басқа
тойлау және көңіл көтерулерде көрсетілген нәпсіге,
шәһуәтқа тиісті көріністер, жасалған ысыраптар, айнала-
дағы науқастарды, сәбилер мен мұнлы, қайғылы және
шаршап-шалдыққан көңілдерді ойламай, құл ақысын
жегенін мүлде есіне алмай жасалған көңіл көтеру іс-
шаралары, ауадағы жарқылдаулар, мазалайтын ән
әуендері т.с.с.
Бұл істердің барлығы дүниеге берілу мен жат мәде-
ниет ықпалының қоғамдағы кері әсерінің бірнешеуі ғана.
ХАҚ ДОСТАРЫНЫҢ ҮЛГІЛІ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ
375
Біздің діни және ұлттық әдет-ғұрпымыз ішінде мұндай
шектен шығуларға орын бермеу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |