Редактор: Закия Махитжанқызы



Pdf көрінісі
бет252/293
Дата07.01.2022
өлшемі7,99 Mb.
#18646
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   293
шапқат пен мейірімді болу. Расында Ялә ибн Мүрра 

 былай деп жеткізген:



«Хазіреті Пайғамбардың жанында жүріп, көпте-

ген сапарға қатыстым. Аллаһ Елшісі 

r

 жолда қан-



дай да бір адам өлігіне тап болса, дереу жерленуін әмір 

ететін.  Оның  мұсылман,  кәпір  екенін  сұрамайтын» 

(Хаким, 1, 526/ 1374)

.

Бір  күні  Аллаһ  Елшісінің 



r

 

алдынан  бір  жаназа 



өтті. Аллаһ Елшісі тоқтады. Оған біреу:

«Ей,  Аллаһ  Елшісі!  Ол  бір  Яһуди  мәйіті  ғой»  – 

дейді. 

Аллаһ Елшісі 

r

:

«Ол  да  адам  емес  пе?»  –  деп  жауап  қайтарды 



(Бұхари, Жәнәиз, 50)

.

Ислам  мұсылман  еместердің  қақ-құқықтарына  өте 



мұқият  болуды  әмір  етеді.  Фатих  Сұлтан  Мұхаммед 

Хан Бизантияны жеңіп алып, Ыстанбұлға кірерде иман 

сезімталдығымен  әскерлеріне  берген  мына  нұсқауы  мұ-

ны тамаша түсіндіреді:

«...Күш  көрсетпей,  амандық  сұрағандарға  әсте 

тиіспеңдер! Әйелдерге, балаларға, кәрілер мен науқас-

тарға да зиян тигізбеңдер!»

Әлемге  әйгілі  «адам  құқықтары  баяндамасы»  әлі 

жаиряланбай  тұрғанда  Сұлтан  Фатихтың  қолданған 

381


СҮЙІСПЕНШІЛІК  пен  ЖИІРКЕНІШТЕГІ  ШЫНАЙЫЛЫҚ


бұл әділ де кеңпейіл ұстанымына қайран қалып, көздері 

жасқа  толған  Ыстанбұл  патриархы  Фатихтың  аяғына 

жығылды. Фатих оны тұрғызып:

«Біздің  дінімізде  адамдар  алдында  Аллаһқа  сәж-

де  ету  сияқты  иілу  –  харам.  Тұрыңыз!  Сізге  және 

сізбен  бірге  барша  христиандарға  әр  түрлі  құқық 

пен  бостандықтарыңызды  қайтардым.  Осы  сәттен 

бастап  өмірлерің  мен  бостандықтарың  жайында 

алпауыт ашуымнан қорық-паңдар!...» – деген.

Османлы  мемлекеті  мұсылман  еместерге  көрсеткен 

бұл әділ де кеңпейіл ұстанымы аясында Балқан түбегін-

де  мұсылмандардың  саны  аз  болса  да,  ғасырлар  бойы 

бейбітшілік  пен  тыныштық,  бақыт  қамтамасыз  етілген. 

Сонымен  қатар  бұл  жағдай  бірнеше  мұсылман  емес 

қоғамның  тура  жолға  түсуіне  де  себепші  болған.  Аят 

кәримәда былай айтылған:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   293




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет