Редактор: Закия Махитжанқызы



Pdf көрінісі
бет84/293
Дата07.01.2022
өлшемі7,99 Mb.
#18646
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   293
ПАйҒАМБАР  

r

 



МЫРЗАМЫЗдЫң  күЛІМдЕуІ

Күлімдеу  –  қатты  үн  шығармай,  тістің  бір  бөлігі 

көрінетіндей  ғана  күлу.  Расул  Әкрәм 

r

  Мырзамыз  да 



осылай  күлетін.  Күлкісінде  қарқылдау  сияқты  шектен 

шығу болмаған.

Хазіреті Айша 

c

 анамыз былай дейді.



«Хазіреті  Пайғамбардың  таңдайы  көрінетіндей 

қарқылдап күлгенін еш көрмедім. Ол күлімсіреп қана 

қоятын» 

(Бұхари, Әдеп, 68; Мүслим, Иистисқа, 16)

.

Көптеген  сахабалардың  риуаяттарына  сүйенсек, 



Мырзамыз 

r

  адамдардың  ең  көркем  мінездісі  болып, 



ең нәзік қарым-қатынас жасайтыны болатын. Әрқашан 

күлімсіреп  жүретін.  Жүзінде  жарқыраған  бір  сәуле  мен 

нұр бар болатын. 

Еврей  ғалымы  Абдұллаһ  ибн  Сәлем  һижрат  кезінде 

125

КҮЛІМСІРЕУ




іздеп  отырып,  Аллаһ  Расулын  сұрастырып,  ақыры  Оның 

құтты жүзін көргенде:

«Бұл  бейне  жалған  айтпайды!»  –  деп,  мұсылман 

болады 


(Термези,  Қиямет,  42/2485;  Ибн  Мәжә,  Әт’има,  1,  Иқа-

мет,174)


.

Адамның  жүзі-көзі,  денесі  бейне-бір  оның  көрмесі 

іспеттес.  Барлық  болмыстың  кәдімгі  тілдерінен  басқа 

хал,  яғни  көңіл-күй  тілі  де  бар.  Яғни,  адам  сөйлемесе 

де,  жүріс-тұрысымен  баяндама  жасағандай.  Адамның 

жүзінде көңіл күйін білдіретін бір белгі бар. Көре білген 

көздер  үшін  барша  адамның  жүздері  жан  дүниелерінің 

айнасы.  Сол  себепті  жүздердегі  нұрлы  күлімдеу  көңіл 

әлемінің ең көркем шағылысуы деген сөз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   293




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет