- Исламның күлімдеген жүзін көрсете білу.
- Тыныштандыратын, қуанышқа бөлейтін тілге
ие болу».
Хасан Басри Хазірет көркем мінез-құлықты:
«Көркем мінез-құлық – жақсылықты жаю, еш-
кімді мазаламау, әрқашан күлімдеген жүзді болу» –
деп түйіндеген.
Әлем қамыры махаббат ашытқысымен иленген.
Микро әлемнен макро әлемге дейін бүкіл әлем көңіл
көзімен тамашаланған жағдайда әр нәрсенің өзегінде
иләһи махаббаттан бір белгі бар екені байқалады.
Аллаһтың әлемдегі жамалдық сипат-қасиетінің кө-
ріністері – бау-бақшалар, бұлақтар, ашылған гүлдер,
түрлі-түсті көбелектер, сайраған құстар – барлығы
Аллаһтың күлімдеуін меңзейді. Адамның бұл ақиқат-
тан бейқам қалуы өте өкінішті-ақ. Құлдың міндеті – бұл
иләһи күлімдеуді аңғарып, оны өз бейнесінен мақлұқат-
қа шаша білу.
Өмірін ізгі амалдармен әшекейлеп, жандандырған
мүмин ең әдемі күлімдеуді жан тапсырар кезінде көретін
болады. Бұл жағдай мына аят кәримәда тамаша баян
етілген:
ХАҚ ДОСТАРЫНЫҢ ҮЛГІЛІ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ
130
ُمِهْيَلَع ُلَّزَنَتَت اوُماَقَت ْسا َّمُث ُ َّللا اَنُّبَر اوُلاَق َنيِذَّلا َّنِإ
ِةَّن َجْلاِب اوُر ِشْبَأَو اوُنَز ْحَت َلاَو اوُفا َخَت َّلاَأ ُةَكِئ َلاَمْلا
َنوُدَعوُت ْمُتنُك يِتَّلا