197
Хазіреті Мәуләнә бұл ақиқатты былайша баян етеді:
«Егін егетін алдымен қойманы босатады. Кейін
өнімі көп болады. Тұқымды қоймада ұзақ сақтаса,
ақыры ол тышқанға жем болады».
Берілген зекет пен садақалар қалған дүние-мүлікті
тазартады. Сонымен қатар бергені үшін апаттарға қарсы
рухани қалқан болады. Хадисте айтылады:
«Садақа беруге асығыңдар. Өйткені апат сада-
қаның алдынан өте алмайды»
(Хәйсәми, Мәжмәүз-Зәуәид, 3, 110)
.
Құран Кәрімде екі жүзден аса жерде Аллаһ
Тағаланың инфәқты әмір етіп, үндеу салуы Оның
құлдарына деген шексіз мейірімінің нәтижесі. Аллаһ
құлдарын инфәқ құлшылығын орындауға шақырғанда,
негізінде, құлдарын инфәқтың рухани ләззәті, берекеті
мен қуанышынан лайықты түрде пайдаланып қалуға
шақырған.
Достарыңызбен бөлісу: