Редактор: Закия Махитжанқызы



Pdf көрінісі
бет142/293
Дата07.01.2022
өлшемі7,99 Mb.
#18646
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   293
Байланысты:
Үлгілі мінез-құлқы

ИНФӘҚ  ӘдЕБІ

Тасаввуфтың  негізі  мен  мақсатына  көңіл  аударсақ, 

оның рухани дамудағы негізгі құралының «махаббат», ал 

осы даму мен кемелденудің шыңы «әдепке мойынсұну», 

яғни әдептену екенін көреміз. Бұл мүмин-мұсылманның 

жүрегінің  орталығын  Аллаһ  пен  Расулына  арнай  алған 

деңгейде  иләһи  жақындыққа  қол  жеткізу  жолында 

болғаны. Бұның ең үлкен белгісі – Пайғамбар ахлақын 

бойға дарыту.

Пайғамбар ахлақының өзегі – өте жоғары деңгейдегі 



«әдеп  сезімі».  Сахабалардың  айтқаны  бойынша  Хазі-

реті  Пайғамбар 

r

  жамылғысына  оранған  арлы  жас 



қыздан  да  ұяң  болатын.  Ол  бойындағы  әдептілік  туралы: 

«Мені Раббым тәрбиеледі, әдебімді тамаша етті» – 

деп айтқан болатын 

(Сүюти, Жамиүс-Сағир, I, 12)

.

Адамгершіліктің  биік  шыңында  тұратын  «әдеп» 



туралы Хазіреті Мәуләнә былай дейді:

207



«Егер  шайтанның  көзін  жойғың  келсе,  көзіңді 

ашып  қара  –  шайтанды  құртқан  әдеп.  Адам  бала-

сында әдеп болмаса, ол ақиқатында адам емес...»

Осы  тұрғыдан  алғанда  мұсылмандардың  медресе-

лері  мен  сарайларындағы  ең  маңызды  ескерту  тақ-

тайларының  бірі  «Әдеб,  Йә,  Һу»  болатын.  Бұл  сөз 

әдепке  мойынсұнуға  шақырған  ескерту.  Сонымен  қа-

тар  «О,  Тәңірім!  Әдеп  сыйлай  көр!»  деген  мағынада 

айтылған жалбарыну болып табылады.

Иманның  өзегі  –  әдеп  сезімі  –  мүмин  өмірінің  әр 

кезеңін  қамтыған  ерекшелік.  Әсіресе  құлшылық  пен 

қарым-қатынас өмірінде...

Аллаһ  құлдарын  тек  Өзіне  құлшылық  етуіміз 

үшін  ғана  жаратқанын  баян  еткен.  Бұл  тұрғыдан 

алғанда  құлшылықтар  мен  қарым-қатынастар  Аллаһқа 

құл  болудың  күре  тамыры  іспеттес  деңгейде.  Яғни, 

құлшылықсыз,  қарым-қатынассыз  құлдық  өмірді  елес-

тету мүмкін емес.

Аллаһқа  құл  болу  міндеттерінің  орындалуы,  со-

нымен  қатар  қандай  көңіл  күйімен  орындалып  жатқа-

ны  да  маңызды.  Құлшылық  пен  қарым-қатынаста 

әдепке  мойынсұну  –  Аллаһтың  ризалығы  мен  сүйіс-

пеншілігіне  бөленудің  жалғыз  шарты.  Сондықтан  әдіс-

тәсілі,  парыздары  мен  әдептеріне  бағынбай,  әйтеуір 

қарызымнан  құтылайыншы  деген  оймен  жасалған  мән-

сіз  құлшылықтардың  сауабы  бос  кетеді.  Мұндай  құл-

шылық иесіне тек шаршап-шалдығу ғана.

208


ХАҚ  ДОСТАРЫНЫҢ  ҮЛГІЛІ  МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ


209

Хадис шәрифте:



«Қаншама  ораза  тұтқандар  бар.  Олардың  өзде-

ріне оразаларынан тиегені аштықтан басқа еш нәрсе 

емес! Түнімен қанша намаз оқитындар бар. Олардың 

өздеріне  намаздарынан  тигені  тек  ұйқысыздық  қана  » 

деп айтылған 

(Ибн Мәжә, Сиям, 21)

.

Дініміздің  тірегі  болған  намаздың  біраз  парыздары 



мен  ықылас  шарты  болғандай,  зекет  пен  садақаларды 

инфәқ етуде де кейбір әдеп қағидаларына мұқияттылық-

пен  мойынсұну  қажет.  Әйтпесе,  намазға  мән  бермей 

оқығандар  туралы  «Анау  намаз  оқығандарға  өкініш 



болсын!» 

(Мағун,  4)

  деген  қатты  бір  иләһи  сөгіс  орын 

алса,  инфәқ  құлшылығында  да  қате  іс-қимыл  жасау  да 

құлды сондай жаман нәтижеге итереді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   293




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет