ИНФӘҚ ЕТ, САҒАН дА
ИНФӘҚ ЕТІЛСІН...
Аллаһтың мақлұқатына мейірім мен инфәқ – Аллаһ-
қа деген сүйіспеншіліктің ең көркем дәлелі, сыйлаған
нығметтері үшін ең әсем шүкірлік. Раббымыздың сыйы
мен мейріміне мұқтаж болғандықтан біз де Оның мұқ-
таж құлдары мен барлық мақлұқатына жомарт болуға,
тарту жасаушы болуға мәжбүрміз. Олар біздер үшін
сынақ жолы.
Құдси хадисте айтылған:
«Ей, адам баласы! Инфәқ ет, саған да инфәқ
етілсін»
(Бұхари, Тәухид, 35)
.
Тағы бір хадисте Хазіреті Пайғамбар
r
айтады:
«Инфәқ ет, санама. Сөйтсең, Аллаһ та саған
нығметін санап қимайды (бермейді). Ақшаңды құты-
да тықпа, онда Аллаһ та сенен тығады»
(Бұхари, Зекет,
21; Мүслим, Зекет, 88)
.
Яғни, Аллаһ разы болатындай көркем мүмин бола
білу үшін Оның мұқтаж құлдарына жомарттық танытып,
сый-сыяпат жасауға міндеттіміз.
Достарыңызбен бөлісу: |